Қазақша шығарма: Алтай тауы » ZHARAR © 2016 | алтай тауы туралы шығарма, алтай туралы шығарма , сочинение на казахском языке про горы казахстана ,сочинение на казахском языке алтай, алтай туралы шыгарма, алтай тауы туралы шыгарма




  • »

Қазақша шығарма: Алтай тауы

Қазақша шығарма: Алтай тауы казакша Қазақша шығарма: Алтай тауы на казахском языке

Қазіргі Қазақстан, Моңғолстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінің шекаралық түйіскен өңіріндегі тау жүйесі және таулы аймақ атауы. Тау мен өңірдің біздің елімізге қарасты бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ресейдің Алтай өлкесінде де, моңғол жерінде де, Қытайға қарасты Алтай аймағында да басқа жұрттармен бірге қазақтар тұрады. Алтай – ертеде тұтастай түркі жұртының мекені болған өңір. Соның ішінде қазақтың да баба қонысы, атамекені. Халқымыздың біраз бөлігі Алтайды мекендеп келеді. Халқымыз басқыншылардан елді-жерді қорғауда үлкен ерліктер жасаған өңір – Қаракерей Қабанбай, Ақыр Жәнібек аталған кіші (керей) Жәнібек батыр, Оспан батыр сынды ел қорғаны болған тұлғалар шыққан.

Ертіс, Об, Енесай сияқты үлкен өзендер Алтайдан басталады. Қаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Қатын, Би, Абақан, Қобда, Ақбұлақ сияқты көптеген өзендері бар сулы, нулы өңір. Табиғаты ажарлы, аң мен құсқа бай. Жетпістен аса сарқырамалар, үш жарым мыңдай үлкенді-кішілі көлдері бар. Үлкендері – Зайсан, Алтынкөл, Қаражал, Қамысжал, Марқакөл. Алтай тауында тұщы су қорының көзі болып табылатын мыңнан астам мұздықтар бар. Алтайдың 70% таулы-орманды белдеуге жатады дейді. Мұнда еліміздің басқа өңірлерінде бола бермейтін терісаяқ, қоңыр аю, марал, солтүстік бұғысы, елік, құдыр, сілеусін, барыс, бұлғын, құндыз, таутеке сияқты аңдар мен жануарлар, ұлар, құр, тоқылдақ, үнді қазы, шіл, үкі, байғыз сияқты құстар мекендейді. Өзендерінде бекіре, тайман, аспан балық, алабұға өседі. Мұнда «Қазақстанның Қызыл кітабына» енген аздаған арқар да кездеседі. «Алтай ботаника бағы» деп аталатын ғылыми-зерттеу мекемесі бар. Өсімдік әлемі өте бай – жоғары сатыдағы төрт мыңдай түрі өседі деседі.

«Алтайдың алтын адамы» 1997 жылы біздің жерімізге шекаралас Ресейге қарасты Локоть ауданында табылған. Бұл да Есік обасынан шыққан «Алтын адамға» ұқсас, Сақ дәуіріне жатады. Мұндай мұралар «Алтай ескерткіштері» деген атауға ие болған. 1713 жылдан бастап зираттар тоналып, табылған бұйымдар Ресейге жеткізіліп, «І Петрдің Сібір коллекциясы» деген атауға ие болған. Бұлар қазір Санкт-Петербургтің Эрмитажында.

«Суы бал, көдесі май, жері майса, Ағызған сары алтынды тастан Алтай» деп әнде айтылғандай, Алтай кенді өңір. Мұнда қорғасын, мыс, мырыш, алтын, күміс, кадмий, селен, теллур, сүрме, индий, галлий тәрізді көптеген кен көздері бар. Тіл ғылымында Алтай сөзінің тегі көнеден келе жатқан түркілік алтан – алтын сөзінен сабақталады. Бұл оның ежелден кенге бай, жеріміздің, еліміздің алтын алқасы екендігін айғақтайды.

Ғылымда ертеден қалыптасқан «Алтай тілдері» деген ұғым бар. Бұл осы өңірді, жалпы шығыс халықтарының біразын тілдік тұрғыда біріктіретін жиынтық атау. Алтай тілдерінің үлкен бір тобы – түркі тілі болып табылады. Қазір бұған әзірбайжан, түрік, түркімен, гагауыз, қарайым, қарашай, балқар, құмық, Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, татар, ноғай, тува, хакас, өзбек, ұйғыр, шор, шұбаш, жақұт, алтай, естек (башқұр) тілдері жатады.

Қазіргі жастар арасында кең тараған ән – Тынышбай Рахымовтың «Алтайдың ар жағынан келген ару» деп аталатын әні. Бұл әнді туған елден, қарашаңырақтан шет жүрген ағайынға деген сағыныш сәлемі десе де болғандай.

Санат: KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы | | 10 314
Рейтинг:
(голосов: 29)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .