Менің құқығым

 Менің құқығым

Arsen03

Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» дейді. Иә, шынында, бала дүниге келген сәтінен-ақ өзінің құқығына ие болады. Себебі «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» деп Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында айтылған. Мемлекеттік биліктің бастауы - халық. Яғни адам өзінің ойын, пікірін еркін айтуға да құқылы. Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары қорғалуына дәлел де айтуға болады: ол - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалардың өмірін жақсартуға бағытталған«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.Әр елде негізгі заңдары, басшы, адам мен азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін зандылықтар болуы керек.Қазақ елінде ерте заманнан бері хандар басқарып, оның ішінен Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы» сияқты заңдар шығарған. Ал қазіргі таңда елімізде талай өзгерістер бар. Әуелі, адам құқығына байланысты Конституция бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы отызыншы тамызда референдумда бекітілген болатын. Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов былай деп айтқан: «Жалпы социологиялық категория «адам құқығы» мен мемлекеттік құқықтық ұғым «азамат құқығының» байланыста болуы – табиғи жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық – адам құқығы мемлекеттік құқықтың мойындауынан тыс бола береді. Олар дүниежүзілік қауымдастықпен гуманистік құндылық ретінде мойындалған. Негізінде, адам құқығын сыйлайтын мемлекет олардың негізгілерін өз Конституцияларында бекітеді, сонымен қатар күнделікті заңнамаларда тәптіштейді». Осы сөзден мынадай қорытынды туындайды: әрбір елдің адамы, азаматы өзінің құқығы мен міндетін білу қажет.Менің пайымдауымша, кез келген азамат өз елінің құқығын білу қажет. Себебі заңдарды, құқықтарды, міндеттерді білген азамат, мемлекеттік құқықтардың не екенін түсініп, заңдарды орындайды. Бірақ оның барлығын толық білу үшін, тек қана бойында жауапкершілік болғаны абзал. Ата заңның баптарын жүректен өткізетін болса, сол адам өз құқығын дұрыс біліп, қорғай алмақ, қорғана алмақ!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий