алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Салауатты өмір салтын ұстанамыз

 Салауатты өмір салтын ұстанамыз

«Ақтөбе облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернаты» КММ-сінің
5-сынып оқушысы Бақтығали Нағим

Бірінші байлық - денсаулық

Халық даналығы

Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы»-деп тегін айтпаған. Адам денсаулығының жақсаруы салауатты өмір сүрумен байланысты. Мен «Айгөлек» журналынан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқанын оқыдым.

Ең бірінші мен өз президентімді қолдаймын өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің Қазақстан Республикасының спортына көп үлес қосты. Елбасымыз өзі де шахмат, тенис ойындарын жақсы ойнайды. Нұрсұлтан атамыздың салауатты өмір салты бізге үлгі. Спорт дегеніміз ол біздің денсаулығымыздың кепілі.

Мен өзім волейбол ойынын жақсы көремін. Менің жерлесім Сабина Алтынбекова сияқты атақты болғым келеді. Мен де болашақта Қазақстан құрамасында ойнап, үлкен сайыстарға қатысуды армандаймын. І орынды иеленіп, көк туды желбірете, әнұранды асқақтата ойнатып, көзімнен қуаныш жасы шығып, өзіммен бірге ата-анамның қуанғанын да көз алдыма елестетіп, қиялдаймын. Сондықтан да мен өз қиялымдағы көріністің шынға айналуы үшін осы кезден спортқа ден қойып жүрмін. Адам баласы үшін ең қымбаттысы - оның денінің саулығы.

Бірақ кейбір кезде көшеде келе жатып темекі тартқан, арақ ішкен аға-апаларымды көргенде ашуым келеді. Олар өздерін өздері зиянды заттармен улап жүргенін түсінеді ма екен? Ал мен кішкентай болсам да салауатты өмір салтын қолдаймын.

Өзім оқитын «Ақтөбе облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернаты» КММ-сінің ұстаздары мен тәрбиешілері әрқашанда спортпен айналысып, салауатты өмір сүрудың маңыздылығын түсіндіріп келеді. Сонымен қатар «Біз спортты сүйеміз!», «Тазалық-денсаулық кепілі» т.б. тақырыптарда спорттық эстафеталық іс-шаралар,тәрбие сағаттары жиі өткізіліп отырады. Біз осындай шараларға қуана қатысамыз. Себебі, біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы