Гүлденген менің тәуелсіз, нұрлы Қазақстаным!

 Гүлденген менің тәуелсіз, нұрлы Қазақстаным!

Мұхаметжан Нартбек
10 сынып лицеисі «Арыстан» мамандандырылған лицейі
«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» Қоғамдық қорының филиалы
Жетекшісі: Умерджанова Ж.Т.

Біздің Тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл толды, жирма бес жыл аз уақыт сияқты, бірақ Қазақстан сол аз уақыттың ішінде көп жетістіктерге қол жеткізді және көптеген жоспарларды іске асырды. Өз мемлекетімен, мемлекет қайраткерлерімен мақтана білу – ол әр қазақстандықтың міндеті, алайда біздің қазақстандықтардың ішінде ерекше бір тұлға бар ол – Елбасы. Біздің Елбасымыз өте мықты және қажырлы адам, ол Қазақстанды көтеру үшін көп жұмыс істеді, көп жоспар жасады, бәрін қазақстандықтар үшін тиімді жасауға күш салуда. Н.Ә.Назарбаев – Қазақстанның алғашқы Президенті, президентік билікті қалыптастырған адам, ол Парламент басшысын сайлайды және және көптеген билікке ие. Біздің билік жүйеміз өзгерген, сана-сезіміміз де 25 жылда көп өзгерді. Біздің Парламентімыз екіге бөлінеді: Жоғары палатасы (Сенат) және Төменге палата (Мәжіліс) деп аталады. Қазақстанда биліктің жаңа түрі қалыптасты.
Қазақстанды жиырма бес жылдың ішінде көп үйлер, көп ғимараттар салынады, адам айтса нанғысыз талай істер жүзеге асырылды. Тарихи санамызға да көптеген өзгерістер енгізілді. Мысалы, біз Алашорданың ерлігін, көптеген жазушылардың еңбектерін жарыққа шығардық, ғалымдардың тамаша жұмыстары бүкіл әлемге танымал болды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу арқылы сыртқы саясатқа белсенді түрде араласып келеді. 1991 жыл тәуелсіздік алып, қазақ халқының қуанышында шек жоқ. Біз басқа мемлекеттер сияқты тәуелсіз, дамыған, өз валютасы, конституциясы, Президенті, Қарулы күштері, ел басқару күші бар қуатты мемлетке айналдық. Қазақстан тәуелсіздіктен алғаннан кейін қарқынды дамыды. Мысалы: 1993 жылы ұлттық валютамыз теңге пайда болды,1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қайтадан қабылданды, Парламент және мемлекет басқару жоспары құрылды. Қазақстан мемлекетінің жерінің шекарасы айқындалды.
Елімізді картадан, спорттық олимпиалардан, халықаралық ғылыми жарыстардан орын алатын, әлемде бейбітшілікті қолдайтын және әлемде ядролық қарудан бастартқан мемлекет ретінде тани бастады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел жағдайын жақсарту үшін қабылдаған “Қазақстан – Мәңгілік ел”, ”Қазақстан-2030”, “Қазақстан-2050” стратегиялары жүзеге жүйелі түрде асырыла бастады. Біздің мемлекет EXPO-2017 халықаралық көрмесін және Алматы 2017 универсиада өткізу құқығына ие болды. Бір спорт чемпионы әлем бойынша бірнеше рет чемпиондық атағын сақтап қалып жатыр. Еліміз үштілділік саясатын қолдап, барлық мектептерге ағылшын тілі сабақтары енгізіліп жатыр. Бұл – біздің болашағымыздың жарқын жолы. Қазақстанда терең білім алуға көп көңіл бөлінеді. «Болашақ» бағдарламсы бойынша шетелде қазақстандық жастар мемлекет есебімен тегін білім алуда. Қазақстанның өзінде де белгілі бір бағыттағы оқу орындары ашылды. Соның бірі – «Арыстан». «Арыстан» қазақстандық жасөспірімдерден әскери ер адамдарды тәрбиелеп, болашақ білімді, саналы, толерантты Отан қорғаушыларын әскери жоғары оқу орындарына жібереді. Әскери өнерді, әскери білімді тереңдетеді.
Мен «Арыстанның» лицеистері атынан осындай дәулетті де сәулетті, барлық жағынан жабдықталған, жанға қолайлы мектеп-интернат ашқан «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» Қоғамдық қорына үлкен алғыс білдіремін. Бәсекелестік, тоқырау, нарықтық экономика заманында халық балаларына тегін қамқорлық жасау көп кәсіпкердің қолынан келмейді. Мұндай интернаттар көп болса, ер балалар дұрыс жолға түсіп, қазақстандық патриотизм жақсы жолмен дамиды. Болашақ – жастарда. Сол жастарға қазірден қамқорлық көрсетілсе, олар өз еңбектерімен қайтарады. Жақсылық ұмытылмайды. Біз Қазақстанның болашағымыз және біз білеміз, біздің ата-бабаларымыз бізге сенгенін, тәуелсіздікті бізге аманат еткенін. Сол үшін біз өз қолымыздан келгенше жақсы азамат болуға, жақсы оқуға тырысамыз. Мен тәуелсіз Қазақстанның азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Менің ұлтым қазақ емес, бірақ мен қазақстандықпын.
Өз мемлекетімді көркейту үшін барлық күш-жігерімді, біріншіден, білім алуға жұмсаймын, екіншіден, Отаныма адал қызмет етуге арнаймын. Себебі біздің Отанымыз ортақ. 130-дан астам ұлт өкілдері тұрса да, біздің татулығымыз әлемге үлгі боларлықтай. Қазірде үштілділік саясаты жүргізілуде. Бұл да біздің қазақстандықтардың пайдасы үшін, болашағы үшін істелініп жатқан шара. Қазір қиналғанмен, кейін қиналған жанымыз сыйланарына мен сенемін. Мен тәуелсіз Қазақстанның енді осыдан ширек ғасырдан соң ең экономикасы дамыған, жасыл желекті, жастары білімді, үш тілді толық меңгерген, қарттары қазыналы, тәртібі мықты ел боларына сенемін! Сұлтанмахмұт ақынша айтсам, тәуелсіз елдің болашақ тарланы мен боламын! Тәуелсіз елдің көгінде қыранша самғап, достық пен сенімнің күшін өзге мемлекеттерге дәлелдеймін! Жасасын, тәуелсіз елім!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі