Айналайын, атажұртым

 Айналайын, атажұртым

Жанболатұлы Айдос
11 сынып лицеисі, «Арыстан» мамандандырылған лицейі
«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» Қоғамдық қорының филиалы
Жетекшісі: Салимова Несіпкүл Төлегенқызы

...Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Н.Назарбаев
Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды... Адам, адам болып жаралғаннан бері ұлан – асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған.
Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал ХХ ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз – ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс – жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың – шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі – Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді. Қазақстан – қазақ халқының ата – баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата – бабамыз туды, өмір сүрді, оның топырағында ата – бабамыздың кіндігі кесілген... Қазақстан картасы – қазына картасы. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай – ақ біледі... Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал, ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары.
Ғарышта елдің намысын мәртебелеп, мерейін асырған Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев – егеменді елдің ғарышкерлері. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата – бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өшпес даңқын шығарғандар. Қазақ – батыр халық, ержүрек халық, намысшыл халық. ХХ ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт – дәстүрін, қызық та қилы - қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін жаңаша өмірге қадам басты. Бүгінгі Қазақстан – бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
Тәуелсіздік алғанымыздан бері, міне, 25 жыл өтеді. Біз биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын атап өтпекшіміз. Осы жиырма бес жыл ішінде қазқ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін – өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. Осы жетістіктеріміздің бәрі – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел басқара білу өнерінің жемісі. Сол жетістіктердің бірін айтсақ, бұл – біздің шаңырағымыз, білім ордасы – «Арыстан» мамандандырылған лицейі. Мен, өз басым, осы лицейдің шәкірті болып, білімімді шыңдап жатқаныма қуаныштымын. Болашақта әскери мамандықты таңдап, өз Отанымның абыройлы, беделді ұлы болып, елімнің , жерімнің өркендеуіне бар күшімді салуға аянбаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі