Ерлік – елге мұра ұрпаққа үлгі

 Ерлік – елге мұра ұрпаққа үлгі

Ғұмар Нұргелді
10- сынып, А.Құсайынов атындағы ОЖББ мектеп-балабақшасы,
Бөкей ордасы ауданы БҚО.
Жетекшісі: Амиргалиева Нурсулу Сабитовна

Ұлтық рух пен ұлттық патриотизм- бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті Б.Момышұлы
Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы күндердің бірі- ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Кеңес халқының 1941-1945 жылдары фашистік басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысы аталған қасіретте ерлікпен күресіп, қол жеткізген Ұлы Жеңіс мерекесі. Бұл-баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи сындарлы, қаһарлы, отты жылдардағы майдан мен тылдағы Кеңес халқының тынымсыз еңбегімен, соғыс даласында кеудесін отқа тосқан батыр жауынгерлердің қанымен, Отанды қорғау жолында құрбан болған өрімдей жастармен, баласынан айырылған аналар мен әкелердің, туыстар мен бауырлардың көз жасымен келген қастерлі де қасиетті мереке. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы қарсаңында қандай болсын құрметке лайық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің саны күн сайын азайып келеді. Республика көлемінде соғыс пен тыл ардагерлеріне әрқашан зор құрмет бөлініп, Отан қорғау жолындағы олардың ерлігі мен қайсарлығы насихатталып, жас буын ұрпаққа үлгі ретінде түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Бұл күнді мәңгілік есте қалдыру мақсатында атап өту- еліміздің тұғырлы тарихы мен қалыпты өркендеуінің, бейбітшілігінің кепілі ретінде тойлануға тиісті мереке. Уақыт жылжып өткен сайын, тарих қойнауындағы дүниені дүр сілкіндірген оқиғалардың түпкілікті мән- жайы, себеп- салдарлары айқындала бермек. Оның кейіпкерлерінің тұлғасы жан- жақты ашылып, тарихи оқиғаның маңызы арта түспек. Бұл, әсіресе, Қазақстан тарихнамасына тән қағида. Зор тарихи маңыз алған осындай тақырыптың бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлері мен тыл еңбекшілерінің бұрын -соңды болмаған халықтық ерлігі. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Республикада жасақталған әскери құрамалар екінші дүниежүзілік соғыстың басты майдандарында болып, жеңіс жолында жаумен аянбай шайқасты. Олар Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.
Тарихқа үңілер болсақ, 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңестер Одағының территориясына басып кіріп, бейбіт елдің төбесінен соғыс дабылын қақты. Тосыннан келген жауға қарсы табанды қарсылық көрсете білген Кеңес халқы 1941 жылдың 30 қыркүйегінен 1942 жылдың 20 сәуірі аралығында Мәскеу түбіндегі шайқас, 1942 жылдың жазында басталып 1943 жылдың ақпанына дейін созылған Сталинград түбіндегі шайқас, 1943 жылдың ІІ жартысындағы Курскідегі шайқастар мен 1 миллион 300 мыңнан астам жауынгер қатысқан Партизандар қозғалысында жау басып алған аймақтарда ерен ерлік үлгісін көрсетіп, Отанымызды фашистік басқыншылардан азат етті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлердің ерлігі Кеңес мемлекеті территориясында ғана емес, Сонау Батыс Еуропа, Қиыр Шығыс далаларында да жалғасып, осы өңірлердің халқының фашистердің жаулап алу қарқынынан азаттығын сақтап қалды. Осы отты жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11 600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олардың 497- сі қазақстандық, соның ішінде 97 қазақ бар. Ал Даңқ орденінің ІІІ дәрежесіне 110 қазақстандық ие болды. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр- Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлы- тау тұлға. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316- атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирі болды.
Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құраммен аман-есен дивизиясына қосылды. Ресейдегі Волокаламск, Горюнь, Матренино, Лопастино, Крюкова, Бородино, Трашкова т.б. қала, деревнялар үшін болған қырғын ұрыстарда 9 рет асқан ерлік үлгісін көрсетті. Оның қолбасшы, әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы-әскери педагогика және әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ-даңқы, батырлығы А.Бектің «Волокаламск тас жолы» атты кітабында суреттеледі. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі-біле-білгенге үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы-алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде.
Бауыржан Момышұлы-адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы жеке бас ойшылдығымен, Отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын жақсы біледі, ерлік істерін, мәрттігін, айбындылығын жырдай етіп айтады. Ұлдарына елі сүйген ұлындай болсын деп Бауыржан есімін береді. Бауыржанның мірдің оғындай қанатты сөздері де ел аузында жүр. Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей, тек өз ар-намысының ғана құлы болмай халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені-осының бәрі батыр шығарған қанатты сөздердің қайнар бұлағы- Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріне айналған, оның басынан кешкен жайттары ғана емес, өмірден көріп-білгені, көкірек-көңіліне түйгені, жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой-пікірлері. Ал бұл ойларды жинақтап, мақал-мәтел деңгейіне дейін көтеріп, болашаққа өсиет ретінде жазып қалдыру-тек Бауыржан Момышұлы сиқты талантты тұлғаның ғана қолынан келетін іс.
Батырдың өсиет сөздерінің көбі Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған. «Білек бірді жығады, ақыл-айла мыңды жығады», «Ер намысы-ел намысы», «Ерді намыс, қоянды намыс өлтіреді» секілді аталарымыздың ұшқыр сөздерін Бауыржан Момышұлы орынды пайдалана білген. Сондықтан батырдың өсиеттері қазақ жауынгерлеріне өте жақын, ойларына азық, бойларына қуат беріп тұрған. «Намысты нанға сатпа», «Ердің туы-намыс», «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық», «Ұшқынсыз от тұтанбас», «Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз», «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» т.б. сөздері жастың да, кәрінің де жадында жатталған ұлағатты сөздер. «Мақал-мәтел-өмір тәжірибесі, қиналған, қысылған сәттерден қалай құтылатыныңды оймен өрнектеп, сөзбен кестелегенде ғана нақылға айналмақ»-деген батыр атамыз. Бауыржан Момышұлы Калинин қаласында тұрғанда жатын бөлмесінің кішігірім терезедей форточкасы болған екен. Қыстың қақаған аязында оны ашып тастап ұйықтайды екен. Бір күні сол суық бөлмеге жауынгер серіктерінің бірі кіріп: «мынау қазақ жататын орын емес, қасқыр жататын жер ғой»,- деп екінші бөлмеге қарай қаша жөнеліпті...
Бауыржан атамыздың Қиыр Шығыс мектебінде қалай шыныққаны жайында бір сәтте есімнен шықпайды. «Мен өз өмірімнен Қиыр Шығысты бір минут та бөліп тастай алмаймын. Қиыр Шығыс- жас адамды шынықтырып, шыңдайтын, езді- ер, егдені кемеңгер етіп ширататын өлке ғой, шіркін! Табиғатының өзі-ақ адамға алуан түрлі сабақ беріп тұрған тәрізденеді. Қарағайдың түзулігі саған екі иығыңды салбыратпай, тік жүруді үйретеді. Аспанға шапши атылған ақ сүттей ақ қайыңдар сені адалдық пен пәктікке шақырады. Аузын арандай ашқан аш айдаһардың жұтқыншағындай ми батпағы өлім дегеннің не екенін көз алдыңа елестетіп, өмір үшін жанталаса күресудің тәсілін және ұқтырады. Темір соғатын жерді ұста дүкені демей ме? Қиыр Шығыстың жазы сені ұста көрігінің отына көмілген темірдей қыздырса, оның ақырған аязы сол ыстық темірді шыңдау үшін суық суға малғандай шыжылдатады.
Өз басым сол Қиыр Шығыс табиғатының тамаша дүкенінде соғылған шегемін деп есептеймін! Қиыр Шығыс дүкенінде мыңдаған шегелер соғылды. Мен солардың бірі ғанамын. Ұстазсыз ұста дүкені болмайды ғой. Мені, менің тұстастарымды болат «шеге» етіп, сомдап соққан ұста Блюхер болатын!». Батырдың даңқы, рухы өзіне керек емес, ол бізге, ұлтымызға, келер ұрпағымызға керек. Бауыржан Момышұлының даңқымен, рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген ұрпақ осал ұрпақ болмайтыны айдан анық. Бауыржандай алыбымызды ардақтай білейік, ұлтымызға ұран болған ұлы тұлғамызды ұлықтай білейік! Мен Бауыржан атамызбен мақтанамын, өзіме үлгі тұтамын, оған ұқсауға тырысып, еліктеймін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?