Оққа төселген от кеуде!

 Оққа төселген от кеуде!

Амирханова Айжан
3 сынып оқушысы С.Сейфуллин атындағы орта мектеп
Атырау облысы, Индер ауданы
Жетекшісі: Жаксымбетова Майя Абубакировна

Жеңіс күні! Бұл сөз менің бала санамда өте ғаламат сөз ретінде әсер қалдырады. Біз бұл мерекені жыл сайын 9 мамырда атап өтеміз. Мен «Жеңіс күнін» аға- апалардың, ата – әжелердің және мектептегі мұғалімдеріміздің әңгімесінен, сыныптан тыс тәрбие сағаттардан көріп білдім. Бала күнімнен бері жылда Жеңіс мерекесін атап өтсек те, оның шын мағынасын түсінбейтінмін. Өсе келе балабақша, содан соң мектепке келдім. Жасым есейе, ержете келе «Жеңіс күні» мерекесін жете түсіндім. Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр – азат күресінің айбынды күні. Менің бейбіт өмірде алаңсыз өмір сүріп, білім алып, болашаққа жоспар құруымның кепілі болған күн.
Ол ата – бабамыздың, ана- әжелеріміздің көзінің жасы, маңдайының тері, қаны аққан күн. Міне сол жеңіске биыл 71 жыл. Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Иә, ол барды жоқ етті, тауды жер етті емеспе? Жер бетіндегі бүкіл тіршілікті өлтірді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының батырлықтарын паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді көзі көрген аталар мен әжелер тойлайды. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш – бірлік болатын. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды , сондықтан бұл мереке одақтас болған он бес мемлекеттің мерекесі.
Мен осы жазғалы отырған шығармамды Жеңіс күніне, жерлес батырымыз Боран Нысанбаевқа арнаймын. Ең алғаш мен Боран есімін мұғалімімнің өткізген тәрбие сағатында танысып білдім. Тәрбие сағатында Боран атам менің жерлесім екені, ол өзіміздің Көктоғай ауылында дүниеге келгенін білдім. Оның елімізді қорғауда қосқан үлесі орасан. 1943 жылы Ресейдің Орел облысы Лески деревнясы жанындағы ұрыс кезінде жау дзотын кеудесімен жауып, өзі ерлікпен қаза тапты. Жерлес бард ақын Табыл Досымов ағамыз:
Батыр болдың да, іштегі шерді қозғадың,
Жақсы ғой шіркін қатардан ер боп озғаның,
Не айтсам екен, не десем екен сен жайлы,
Боранда туып, боранда өлген боздағым, - деп өлеңге қосса, батырдың осы ерлігі үшін 1943 жылы 23 қыркүйек күні КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Ол жауырынды келген, орта бойлыдан гөрі биіктеу, жазық маңдайлы, қою қасты, жалын атқан өткір көзді, ұстамды, қайратты, адамға үйірсек жігіт дейді білетіндер. Оның домбыраға қосып, ән салатын өнері де болған» , - деп жазады есболдық Қ.Сейітов ағамыз.
Менің, тіпті, менің ата – анам куә болмаған бұл Жеңіс, менің бойыма қуат беріп, Отаным – Қазақстанның қадірін арттыра түседі. Себебі, осы соғысқа аттанған әр азамат «Анамды қорғаймын, жау қолына бермеймін!» деп аттанған еді ғой. Сол апа – ағаларымыздың саны өкініштісі сиреп барады.. Мен әдебиеттік оқу сабағын өте жақсы көремін. Мұқағали ақын өзінің бір шығармасында :
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр,
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнекей, жағада тұр , -деп жырға қосады. Біз әрдайым қарияларымызды ардақтап, жыл сайын мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын.
Бұл Жеңісті көзім көрмесе де, менің бала жүрегімде үлкен орын алады. Менің әжем сонау соғыс жылдарында балалық шағы өткен адам.Ол Жеңіс күнін еске алса , көзіне жас алады. Оның айтқан әңгімесі бойыма үлкен әсер, мақтаныш сезімін ұялатады. Осындай азат, әрі тәуелсіздікті ту еткен елде өмір сүріп жатқаным үшін Ұлы Отан соғысында жер жастанған ағалар мен аталарға, әпке – әжелерімізге алғысым шексіз. Мен де қалыс қалмай, елім үшін соғысқа аттанбасамда, сабағымды жақсы оқып, еліміздің дамуы үшін болашақта қызмет етемін деп серттенемін. Бұл мереке бір емес бірнеше халықтың, әрі Ұлы атанған Жеңіс!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?