Білім ошақтары – қоғам жетістіктерінің нәтижесі

 Білім ошақтары – қоғам жетістіктерінің нәтижесі

Баткалова Салтанат
11 сынып, №35 мектеп
Павлодар қаласы

«Саналы да сапалы,білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің еңі, бақыты сендердің қолдарында деп мен айта аламын.»
Н.Ә.Назарбаев
Қоғам – үздіксіз дамитын жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Осындай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік – мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Әрбір жаңа кезеңді жоғары технологиялардың дамуынан көреміз. Адамдардың алдында қоғам деген не? Ол қалай пайда болды, ол қалай дамыды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде? Қоғамдағы құбылыстар мен процестердің байланысы қандай деген сұрақтар туындай бастайды. Қоғамның ілгері дамуының басты қозғаушы, жүргізуші күші – ғылым мен білім деп сенімді айта аламыз. Қоғамның үнемі жанданып отыруына ғылым мен білімнің әсері зор. Білім – қоғамдағы әлеуметтік, мәдени -ғылыми прогресті қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, әр түрлі қабілеттерін қалыптастыру, дамыту.
Қоғамды өркендетуші күш – білім ошақтары. Қоғамның үнемі жанданып отыруына білімнің әсері зор . Жалпы ол – қоғамдық жүйенің негізі болып отыр. Қоғамды өркендетуші де – адам. Ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, оның өрісінде дамиды. Адамды қоғамда қалыптастыруға бірнеше факторлар әсер етеді. Оның ішінде білім мен ғылым. Міне, осы адам өмірінде басты рөл атқарады. Осымен, қоғам мен білім тағы байланысып отыр. Білімділік – тіршілік шырағының өшпес ошағы. Яғни, білім арқылы біз өсеміз , өркендейміз, өзімізді жетілдіреміз, соған орай қоғамның қалыптасқан қағидалары да өзгере бастайды.
Заманға сай қоғам ережелері де, оған деген көзқарас та өзгеріп отырады. Қазақстан - кеше мен бүгін. КСРО құлағаннан бері, оның қарамағындағы мемлекеттер тәуелсіздігін алып, өз заңдарын шығарып, бірте-бірте Кеңес үкіметі кезеңін ұмыта бастады. Жаңа экономикалық саясатқа сай, қоғамның рөлі өзгере түсті. Біз де, сол елдердің қатарындамыз. 1990 жылдардың басында экономикалық, әлеуметтік, саяси салалардың реформалары түбегейлі өзгеріп, қоғамымызға сай бірлестіктер пайда болды. 100-ден аса қоғамдық ұйымдар пайда болып, құқықтық проблемалар, экологиялық, қауіпсіздік, жастар мәселесіне бағытталды. Елді жаңа деңгейге көтеру қоғамның басты мәселелерінің бірі еді. КСРО кезінде тұрған бұқара халыққа осы өзгерістер жат еді. Әйтсе де, бүкіл әлем жаңа ғасырға қадам басқалы отырғанда, Қазақстанда да қоғам идиологиясы өзгере бастады. Жас ұрпақ өсе келе, Қеңес үкіметі кезіндегі халық қоғамда қалыптасқан сұр-қоңыр түспен, қорқақшылық пен мансапқорлық деген ұғыммен мәңгі қоштасты. Қазақ еліміз жылдан жылға қарай дамып, өзгеріп келеді. Одан әрі өзгеріске ұшырау мүмкін емес деп отырушы едік. Міне, жиырма жылдан аса уақыт өтті. Ғылыми технологиялар одан әрі даму үстінде. Яғни, бізден кейінгі ұрпақ осы заман қоғамын біз сияқты қызығушылықпен қарайтын сияқты. Дегенмен, бізді біріктіретін бір құнды зат бар. Бұл – білім. Осының негізінде қоғам әлі де алға қарай жылжып, дамиды.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде жаңашылдықтар молшылық. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Елдегі білім беру жүйесі жаңашылдыққа бағыт бұрғандығы белгілі. Жалпы, бұл жүйе неліктен жаңа кеңістікке бағыт алды? Қоғам дамуының қарқындылығы, ақпараттық қоғамға көшу, қоғамның демократиялануы, экономиканың дамуы, бәсекелестіктің өршуі. Осыған сәйкес, елдің білім беру жүйесіндегі әдістемелердің жаңаруы, ұстаздар квалификациясының жоғарлауы, сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу. Осыны көре отыра, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енді деп айта аламыз. Демек, 12 жылдық білім беру жүйесі деген:
Жаңа білім технологиялырын енгізу.
Терең және кәсіби бағдар беру.
Шет тілдерін бірінші сыныптан игеру.
Өмірлік бағдар ретінде адам бойына құндылықтар енгізу.
Бұған қоса тек оқушылармен ғана емес, ата-аналармен де, психолог мамандарының жұмыс істеуі . Ұстаздардың жаңа деңгейге шығуы, квалификациясын кембридждік оқуларында жоғарлатуы. Бұл оқулар, тек оқушыларға сабақ берумен тоқтамай, өзімен қатарлас ұстаздарға әдістемелер беруге мүмкіншілік туғызады. Осыған орай әрбір оқушы дәл осындай ұстаздың оқытуында болса , заманға сай дамиды. Әрине, осыдан кейін оқушылардың қоғамға деген көзқарасы мүлдем өзгереді.
Біз бүгінгі қоғамға саймыз ба? Әрбір адам өзін жетілдіре білсе, заман талабына сай болса, қоғамның алып тұлғасына айналады. Қоғамды қалыптастырушы ең басты фактор – білім дегенді қайталап айтамын. Қазіргі таңда білім ордаларында жаңа технологиялар молшылық. Қазақстанның түкпір-түкпірлеріндегі оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас құра алады. Ақпарат алмасу арқылы өзінің жобаларын салыстыруда кемшіліктер мен артықшылықтарын көріп, пікірталас жүргізуде қызығушылық танытады. Электрондық журнал енгізуімен әрбір оқушы дистанционды түрде өз бағаларын бақылай алады. Өзінің идеяларын мектептердегі интерактивті тақталар арқылы іске асырып, мүмкіншіліктерін көрсете біледі. Қазіргі таңда әрбір отбасыда ғаламтор желілері кездеспейді, ал оқушы болса, мәліметтерді мектеп қабырғасынан шықпай-ақ мультимедиалық сыныптарда ала алады. Осыған қарай отыра, болашақ заманға сай қадам басып келе жатырмыз деген ой келеді.
Елбасымыз айтқандай, «Болашақ – білімді жастар қолында!».Егеменді елімнің ертеңімін дей отыра, менің әлем таныған елімнің ертеңіне үмітім зор. Біз білім мен ғылымды игеріп, халқымыздың асыл қасиетін үйрене отырып, ата-бабаларымыздан қалған жерімізді көркейтуге міндеттіміз. Осыған дейін сан қилы білім жүйесі жайлы айтып, жаңа технологиялар, жаңа құндылықтардың пайда болуы жай емес. Осындай мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, болашақта қабілеті жоқ немесе білімге деген қызығушылығы жоқ оқушыларға бағыт сілтеп, демеу болатын қоғамдық жасөспірімдер бірлестігін ашу - менің арманым. Осындай мүмкіншіліктерге толы заман адамы үшін жарқын болашаққа нық қадам басудың негізгі критериі – жаңа технологиялардың дамуы деп айта аламыз. Қазақ елінің қарқынды дамуына қарасам, талай елді артта қалдыратынына сенімдімін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі