Менің отаным – Қазақстан
Тұңғышбеков Сәбит
8 сынып, «№92 гимназия» КММ
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы
Жетекшісі: Садвакасова К.К.
8 сынып, «№92 гимназия» КММ
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы
Жетекшісі: Садвакасова К.К.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің туып-өскен жерім - Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып- өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Сатпаев қаласынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және балабақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә, туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Балам, үйге кір» деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір жігіт болдым, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын. Мен Қазақ жерін сүйіп, мына өлең жолдарын арнаймын:
Қойнауы мол кенге тұнған,
Кең жайлауы малға толған.
Жерұйықтай жері жайсаң,
Жаны – жомарт, елі – дарқан.
Ұшы-қиыры жоқ шексіз даланы неше алуан шөп басып, үлбіреген нәп-нәзік гүлдер бейне бір жасыл дастарқандай болып жайылады. Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария сияқты өзендері бар. Жерінің асты пайдалы қазбаларға бай. «Жері байдың – елі бай » дегендей, құнарлы өлкеміздің байтақ төсі –байлық пен берекенің ,бақыт пен қуаныштың ұйтқысы.
Ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары- біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан- ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Осы қазынаны сақтау жолында бабаларымыз үш жүз жылға жуық қанын төгіп, жанын пида етіп, азап пен қасіреттен құтылу үшін күресті. Бірақ аққан қан, төккен тер текке кетпеді. Қазақ халқының арманы іске асты. Бұдан 22 жыл бұрын ақ түйенің қарны жарылып, еліміз тәуелсіздігін жариялады.
Қазақстанның саяси өмірінің орталығы – жаңа Астана – Астана қаласы бой көтеріп, әрбір қазақтың көңілін марқайтып, болашаққа деген сенімін нығайтты. Бас қаламызда Ақ Орда, Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы, Парламент және Үкімет үйі орналасқан. Қысқа мерзім ішінде «Думан» ойын-сауық кешені, «Аквапарк», «Пирамида», «Астана- Бәйтерек» және тағы басқа кешендер салынып, Астана сұлулығын, сәулетін , ажарын ашып, келген қонақтардың да, тұрғындардың да көңіл- күйін көтеріп, ерекше шабыт, әсерге бөлеуде.
Еліміз ұлтаралық қарым-қатынасқа аса зор мән беруде. Сондықтан да осы 22 жыл ішінде 140 ұлтпен 40-тан астам конфессияның өкілдерін мемлекет құру ісіне жұмылдырып, толыққанды қазақстандық ұлтты қалыптастырды. Елбасымыз адамзат тарихындағы ең ұлы адамгершілік қадам жасап, дүниедегі ең үлкен ядролық сынақ алаңы – Семей полигонын жапты. Осылайша мемлекетіміз әлемдегі бейбітшілік пен ізгі ниеттің үлгісіне айналды.
«Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш- қуаты, қажыр -қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»,- деп Н. Ә. Назарбаев болашақ қазақ елінің азаматтары жан-жақты білімді болумен бірге , салауатты, денсаулығы мықты азамат болуына аса назар аударуда. Жастардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, сапалы білім алуына жағдай жасалып, «Болашақ» бағдарламасы құрылды. Осы бағдарлама бойынша еліміздің талантты жастары шет елге барып білім алуда. Олар елге қайтып келген соң қасиетті қара шаңырақтың болашағы үшін еңбек етеді. Осынау береке мен байлығы шалқыған елдің халқы тату- тәтті өмір сүріп, өзге мемлекет халқының қуана да қызғана қарар алып мемлекет болатындығына сенімдімін! «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Мен осындай еркін, азат елдің ұланы екендігімді мақтан етемін! Күн дидарлы Қазақстанның болашағы үшін аянбай еңбек етіп, кірпіш болып қаланатындығыма, келешек үшін жоба тауып, жол көрсететіндігіме уәде беремін, себебі тәуелсіздіктің туын биік ұстау – перзенттік парызымыз, бабалар алдындағы мәңгілік қарызымыз! Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?