алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Мен кімге ұқсағым келеді?

 Мен кімге ұқсағым келеді?

Алматы қаласы, Әуезов ауданы

№42 жалпы білім беретін мектептің

3 "ә" сынып оқушысы: Джумагулова Жания

Сынып жетекшісі: Бакторазова Айгерим
Өзімнің шығармамды тарихта қалған 1986 жылы желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы жазғым келді. Мойынқұм өңірінде, Бірлік селосында шопан отбасында дүниеге келген.

Қайрат ағамыз қайсар рухты қазақтың баласы болған. Ол бар жоғы жиырма бірде еді. Өмірге құштар жас жүрек, қанша бұлқынса да, өлім тұзағынан қашып құтыла алмады. Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді? Абақтыда отырған кезде өзінің өлеңдерінің үнін қосқан: «Менің тағдырым», «Ақтық сөз», «Анама», «Ана тілі» және т,б. Оның жырларын бүкіл қазақ ұйып тыңдайды. Өлеңдері адамның жан дүниесін тебірентіп, еріксіз көзіңе жас келеді. Көшелерге, мектептерге, мәдени-демалыс саябақтарына ағамыздың есімі берілген, ескерткіштер де қойылған, кітаптар шығарылған, деректі фильмдер көрсетілген.

Тарихта әділ бағасын алған желтоқсан оқиғасын бүкіл әлем мойындады. Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды, көк туымыз желбіреп тұр! Менде бір ғана өкініш бар. Азаттық үшін жандарын аямай алысқан, қайсарлықтарын көрсетіп сол аға-әпкелеріміз бүгінгі бақытты сәттерімізге, қуанышты күндерімізге куә болып ортақтаса алмауы.

Қазақ жерінде, қазақ отбасында осындай ағамыздың туылғанына мақтан тұтамын. Менің ойымша ол өз заманына сай бір үлкен тұлға деп есептеймін. Өйткені, оның ерлігі қазіргі өсіп келе жатқан біздей ұрпаққа керемет үлгі. Сол сияқты намысты қазақтың ұл-қыздары көп болсын!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы