Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Ғылыми жұмыс (жоба): География | Ертіс өзенінің қазіргі кездегі жағдайы

Ғылыми жұмыс (жоба): География | Ертіс өзенінің қазіргі кездегі жағдайы

Ғылыми жұмыс (жоба): География | Ертіс өзенінің қазіргі кездегі жағдайы казакша Ғылыми жұмыс (жоба): География | Ертіс өзенінің қазіргі кездегі жағдайы на казахском языке
Тақырыптың көкейкестілігі: Егеменді Қазақстан үшін кезек күттірмейтін маңызды мәселелердің бірі - ауыз су мәселесі. Семей өлкесі ауыз судың жетіспеушілігінен таршылық көріп отырған жоқ.
Бастау алып ағады Қытай жерінен,
Бұрынғы атақоныс қазақ елінен,
Көп өзендер суымен молығып,
Тоғысады Қара Ертіс Зайсан көлімен.
Зайсан көлінен ұзын Ертіс ағады,
Қалың тоғай көк майсалы жағалы.
Өскемен, Семей, Павлодарды қақ жарып,
Солтүстік Мұзды мұхитқа құяды,- дегендей, бастауын сонау Қытай жерінен алатын Ертіс өзенінің өз өлкеміздегі жағдайымен таныстыру.
Жұмыстың мақсаты: Мен бұл жұмысымның негізгі тақырыбын экологиялық тұрғыдан қарап, көбінесе Ертіс өзенін ластаушы көздерге тоқталуға тырыстым.
Қойылған мақсатқа жету әдіс - тәсілдері: Жұмысты бастамас бұрын Ертіс өзені жайлы жазылған еңбектерді, яғни әр - алуан кітаптар мен энциклопедияларды қарастырып, жұмысымның негізгі тақырыбына арқау бола алатын материалдар жинастырдым. Жетекшіммен бірге жыл мезгілдеріне байланысты өзен температурасын өлшеп, судың жылдамдығын, ағындық мөлшерін анықтап отырдық. « Семей водоканал» зертханасында болып, судың құрамын, сапасын анықтадық.

Негізгі мазмұны: Бомбаңды терең суда сынауың бар,
Сынаған сайын жаным тым ауырар.
Адамдар, әрқашанда жадыңда ұста,
« Судың да,- дейді қазақ - сұрауы бар,»- дегендей, судың
қадірін кез - келген адам білуі керек. Біздің өлкеміз Шығыс Қазақстан өзінің тамаша табиғатымен көзге түседі. Бірақ осы тамаша табиғатты сақтай алмай отырмыз. Осыған байланысты сіздерге өз қаламыздың дәл ортасынан ағып өтетін Ертіс өзені жайлы аздаған мәлімет бермекпін.
Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Өр Алтайынан бастау алатын Ертіс өзені

Шығыс Қазақстан облысының басты су тамыры деп айтуға болады. Көне көздердің айтуынша Алтай тауының кеудесінен он екі сала өзен Ертіске
құяды екен. Қытай жеріндегі салалары: Қара Ертіс, Бала Ертіс, Қу Ертіс, Қыран Ертіс, Буыршын Ертіс, Қаба, Алқабек, Білезік. Қазақстанға өткен соң Ертіске Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шар, Мұқыр, Шаған, Қазақстаннан шығар жерде Есіл мен Тобыл өзендері қосылады. Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы – 4248 шақырым. Алтай аймағын кесіп өткендегі ұзындығы - 633 шақырым. Қазақстан жеріндегі ұзындығы - 1700 шақырым.

Әрі аңыз, әрі абыз Асан Қайғы бабамыз желмаямен жер - жаһанды кезіп жүріп, Ертістің жағасына жеткенде « Суы тұнық, шөбі шүйгін, малға да, жанға да жайлы мекен болғандай. Қос қапталындағы нулы тоғайы, ағынды суы кісіні қызықтырады екен. Түбінде қара Қытайдың құлағы қылтиып көрінетін жері ғой» деген екен. Осындай солтүстік жарты шардың ең ірі деген он өзенінің ішіне кіретін, төрт мемлекеттің жерін басып өтетін Ертіс өзені Қытайдан бастап ластанып келеді. Себебі, Қытайда ұзындығы 300 шақырым, ені 22 м, тереңдігі – 2 - 2, 5 м. болатын Қара Ертіс - Қарамай каналы іске қосылған. Одан жылына Ертістің жылдық ағынынан 5 - 40 % су алу жоспарлануда. Бұл өзен жағалауының құруына, балықтардың, кеме жүзуінің күрт азаюына, шамадан тыс ластанудың артуына әкеліп соқтыратыны мәлім. Өзеннің Қазақстан жеріндегі жағдайы да мәз емес, өзен суы барынша ластануда. Шығыс Қазақстан аумағында өзеннің төменгі ағысында Бұқтырма су қоймасы салынып, Зайсан көлі оның бір бөлігі болып қалды. Одан әрі төменгі ағысында Өскемен және Шүлбі су қоймалары салынған. Қазір осы су қоймалары шетел компанияларына берілген. Олар көктемдегі табиғи су ағызу науқанын бұзғандықтан, Ертіс жағалауының тамаша экожүйесіне құрып кету қаупі төніп отыр. Ал эндемиктік фауна мен флора бүкіл өзен бойында жойылып бара жатыр. Өскемен аймағы Қазақстанға тау өндірісі және тау - кен байыту өндірістерінің орталығы екені баршаға белгілі. Осы өндіріс қалдықтары Ертіс өзенін ластайтын ауыр металдар, қорғасын және улы заттар бөлуде. Су объектілерінің жай - күйі көбінесе тарихи ластанулармен байланысты, оларға су қорғау аймақтары мен белдеулерінде орналасқан тау жыныстарының үйінділері, тау - кен өндірісінің іске қосылмаған объектілерінің қалдық жинау орындары
«Чекмарь», «Березовский», «Ақтау» т. б, жатады. Сонымен қатар
«Қазмырыш» корпорациясы, «Қазцинк» т. б. өндіріс мекемелерінің қалдықтары құрайды. Соның салдарынан қазіргі күні өзен суы ауыр металдармен ластанып жатыр. Сондықтан өзендегі су бетінің жоғары ластануы жиі кездеседі. Павлодар қаласынан жоғары өтетін Ертіс - Қарағанды каналы Екібастұз, Теміртау, Қарағанды қалаларын сумен қамтамасыз етіп, егістік суаруға да пайдаланылады. Павлодарда сынаппен жұмыс істейтін 60 % ұлттық электр энергиясының өндірісі шоғырланған, ал ол шаң - тозаң, күл мен өндірістік қалдықтардың көбеюіне әкеліп соқтыруда. Өзіміздің Семей өңіріндегі Ертіс өзенінің жағдайы да ауыз толтырып мақтанып айтуға келмейді.

Семей өзінің ядролық сынақ полигонымен кеңінен мәлім, ал оның Ертіске әсері зерттелмеген. Қазақстандағы Ертістің бір саласы - Шаған бұрынғы ядролық сынақ маңынан ағатын. Шаған өзені арнасының ұзындығы 275 шақырым, орташа еңістігі шамамен 0, 003 құрайды. 2007 жылы Курчатов қаласындағы радиациялық қауіпсіздік институтының мамандары су ортасына радиоэкологиялық зерттеулер өткізу барысында Шаған өзенінің ядролық жарылыстардың радиоактивті өнімдермен ластанғанын анықтады. Өзен суының құрамындағы тритийдің көлемі 1 литрге 350 мың беккерлийді құрап отыр. Ал, 1 литр су құрамындағы тритийдің қалыпты нормасының көлемі 7, 7 мың беккерлий болуы тиіс. Демек Шаған өзені суындағы тритийдің көлемі қалыпты мөлшерден бірнеше жүздеген есе көп. Жалпы химиялық сапасына келсек, тритий су тәрізді сұйық зат. Сондықтан да қарапайым көзге оның бар - жоғы білінбейді екен. « Атом» көлінен алыстаған сайын Шаған өзені суындағы тритийдің шоғырлануы біртіндеп төмендейді де, Ертіс өзенімен тоғысқан телімде тритийдің құрамы 10 беккерлийге тең. 2008 жылы өзенге қосымша зерттеу жүргізу барысында, тритийден басқа өзеннің беткі суларында 90 Sr анықталды, ал түптік шөгінділерде 60 CO, 152 Eu, 154 Eu және 137 Cs табылды.

1970 жылдардың соңында Семей қаласының шетінде орналасқан әскери аэродромның жанармай қоймасынан кеткен авиакеросин өзенге құйылып, оны ластады. Авиакеросиннен қордаланған « керосин көлі» бүгінгі таңда Қазақстан экологтарын ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Соңғы жылдары халықаралық сарапшылардың БҰҰ - ға жолдаған жобасында да тұрақты көтеріліп келе жатқан тақырып Семейдегі әскери аэропорттан төгілген авиация жанармайының жер астына сіңіп жатқаны, оның зардабын халық тартатыны. Осы аймақты зерттеген эколог мамандардың пікірінше 20 жылдан астам уақыттан бері кей адамдардың құдығынан ауыз судың орнына бензин шығатындығын айтып дабыл қағып келді. Нақты мысалдарға жүгінер болсақ, Семейдің Юность елді мекеніндегі Аякөз көшесі тұрғындарының құдықтан су орнына керосин алып отырғанына бірнеше жылдың жүзі болды. 1997ж. зерттеу жұмысы жер астындағы жанар - жағар майдың көлемі 6000 тонна деген қорытынды жасады. Ұзақ жылдар бойы бұл апаттың алдын алу жұмысы қолға алынбаған.

Тек 2002 жылы Алматының « Казгидек» фирмасы аталған проблеманы зерттеу мәселесін қолға алып, үкімет тарапынан 36 млн. теңге шығын жұмсалып, жер үстіне 30 тонна жанармайды шығару мүмкіндігіне қол жеткізілді. Әйтсе де бұл мәселе бүгінгі күні оң шешімін таппай отыр. Семей педагогикалық институты экология кафедрасының мамандарының ойынша керосин көлінің проблемасы күрделі мәселе. Заман талабына сай жаңа әдіс - тәсілдердің мүмкіндігімен ең бірінші керосин алып жатқан жер асты мен керосиннің көлемін және жылжу жылдамдығын анықтап барып іске кірісу керек. Бүгінгі таңда жер асты арқылы Ертіске қарай бет алып бара жатқан апат көлемін және жылдамдығын ешкім де нақты білмейді.- Қазіргі айтып жүргеннің бәрі дерек көзі емес, болжам ғана,- дейді, академик Михаил Панин. Керосин көлінің жер астында қордалана бастағанына да 20 жылдай уақыт болған. Алып жатқан көлемі 420 шаршы метр, соңғы мәліметтерге қарағанда, Ертіске небәрі 150 метрдей қашықта тұр делінген.

Сонымен қатар 1980 жылдардың соңында Ертіс өзеніне су бассейнін саламыз деп ұзындығы 15 метр, ал ені 2 метр болатын металды плиталардың 10 шақтысын ескі көпір маңына әкеліп тастаған. Ақырында аталмыш құрылыс нышаны белгісіз себептермен салынбай аяқсыз қалды. Ал зілдей темірлер мен дүмдей бөренелер өзеннің еркін ағуына кедергі келтіруде. Ұзын темір плиталар мен бөренелер алынып тасталмаса, 5 - 6 жылдан соң шыбын - шіркейге толы борсыған суға айналуы ғажап емес.
Осыдан 10 жыл бұрын Ертіс жағалауындағы Семипалатинка қала тұрғындарының демалыс орындарының бірі еді. Бүгінде осы алаңның жағасына Набережная көшесінің күл - қоқысы төгіліп, лас жерге айналып отыр.
Қорыта келгенде, Су - теңдесі жоқ табиғи байлық. Оны ұқыпты пайдалану керек. Қазақ ырымында түн ішінде су алуға тиым салынған., ал тіпті қажет болғанда, су атасы Сүлейменнен рұқсат сұрап жалбарынған.
Су атасы - Сүлеймен,
Айдыныңа тас аттым,
Рұқсат ет балаңа
Су алуға бола ма?
Түн ұйқыңды ояттым - деп, 3 рет қайталап айтып су алатын болса, қазіргі күні су жоғарыда айтып өткендей, адамдардың ынсапсыздығынан, келеңсіз әрекеттерінен ластануда. Ертіс өзенінің ластануы мен қазіргі күндегі ластану жағдайын анықтау мақсатында жетекшіммен бірге Семей педагогикалық институтының экология және география кафедрасымен байланыс орнаттық. Ертіс өзені суының жыл маусымдарына байланысты температурасының өзгеруін,. жылдамдығын, ағысын бақылап отырдық. Былтырғы қыс өте аяз болғанына қарамастан, Семей Ертісі қатқан жоқ, себебі, Абай көшесінде орналасқан сыра зауытынан шыққан ыстық су ағып, өзенге құйылып жатты. Нәтижесінде, Семей Ертісінің температурасы да, суының құрамы да, су тығыздығы да өзгеріске ұшырағандықтан, судағы тірі организмдерге зиян келді. Ал құбырдан аққан су жерді жыртып, жыраға айналдырды.

Тек өндіріс орындары ғана емес, сонымен қатар, тұрғындар да Ертіс жағалауын қоқыстармен толтырып қояды. Өз кезегінде сол қоқыстар жаңбыр суының әсерімен өзенге ағып кетеді. Соның салдарынан өзен қазіргі күні таязданып келеді. Өзенді тереңдету үшін түбін қазып, су түбінен шыққан құмды үйіп қояды. Кейіннен сол жерлерге ағаш өсіп шығып, жасанды аралдар пайда болды. Жыл сайын Ертіс суының көлемі кішірейіп келеді. 2009 жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша суға тасталынған сульфат мөлшері - 28 мың тонна, құрғақ қалдықтар - 57 мың тоннаға жуық, мыс 3, 8 тонна, қорғасын - 25, 53 тоннаға жеткен.. «Семей водоканал» зертханасында болып, судың құрамын, сапасын зерттеп, судың ластану индексін (СЛИ) анықтадым.

Мысалға, Ертіс өзеніндегі цинктың мөлшері өмірге залалсыз қалыптан 114
есе, мырыш 10, 6 есе, азот 2, 8 есе жоғары болды. Осыдан - ақ өзен суының қаншалықты ластанғанын байқауға болады. Сөзімнің соңында айтарым:
табиғи таза судың болашақ ұрпаққа таза күйінде жеткізілуі үшін суды ластамай, қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялай білуіміз керек......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...

KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Ертіс өзенінің қазіргі кездегі жағдайы жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар География ғылыми жұмыстар пән, Ертіс өзенінің қазіргі кездегі жағдайы, гылыми Ертіс өзенінің қазіргі кездегі жағдайы жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском дайын гылыми жумыстар жобалар География ғ, Ғылыми жұмыс (жоба): География | Ертіс өзенінің қазіргі кездегі жағдайы Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы