Әдебиет | Жыр алыбы Жамбыл

 Әдебиет | Жыр алыбы Жамбыл

Кіріспе
Қазақ халқы бұл күндері дамудың тарихи жаңа кезеңдеріне аяқ басты. Ғасырлар бойы қалыптасу, даму жолдарынан өтіп келе жатқан қазақ халқы 90 - жылдардың басынан бері өз тарихына жаңаша көзқарастармен қарай бастады. Бұл – әлемдік өркениеттің қауымдастыққа өз тұлғасымен толық танылуға ұмтылған ұлттық жаңғыру, жаңару жолы. Осыған байланысты ұлттық әдебиет тарихындағы көрнекті шығармашылық тұлғалардың мұраларын жаңаша көзқарастармен бағалау маңызды. Қазақ әдебиетінің тарихындағы ұлы ақындардың қатарын құрайтын Жамбыл Жабаев шығармашылығы да бүгінгі және болашақ ұрпақтардың рухани қазынасы ретінде сөз арқауынан ажырамайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерейтойдағы баяндамасында осындай мәңгілік өмір ұлағатына айрықша баға берілді: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі, Жамбыл арманының адамзаттың арман - аңсарымен ұласып жатқанында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз. Әрбір ұлттық мәдениетте бүкіл әлемге тиесілі есімдер, жалпы адамзаттық рухани құндылықтың өлшем - белгісі болған есімдер бар. Соған орай олардың осындай жасампаздық істері күллі адамзатпен біртұтас, әрі өзіміздің өткенімізбен, қазіргі кезімізбен және болашағымызбен ажырағысыз байланысты екенімізді еске салып, ерекше мән - мазмұнмен толықтыратыны жасырын емес»... Елбасымыздың осы бір сөзі Жамбыл мұрасына жаңаша көзқарастар тұрғысынан қарауға, оны бүкіл қазақ мәдениеті дамуымен біртұтас бағалауға ұштастырады.
Ғасырға жуық ғұмыр кешкен, ойы мұхиттай толқыған, сұңқар табиғатты, ұлттық сана мен тілдің, рух пен арман - мұраттың ұшан теңіз ұлылық қасиетін ересен қуат құдіретімен көрсете білген мемлекет қайраткері, XX ғасырдың Гомері атанған – жыр атасы Жамбыл.

Негізгі бөлім
Өмір жолы
Жамбыл Жабайұлы (1846 - 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Әкесі Жапа орта шаруа болған. Жапаның Ұлданай атты әйелінен: Тәйті, Жамбыл, Қоман туады.

Жамбылдың өсіп - өнген топырағында ән - күй, ақындық – жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші - ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал – құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын - жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл - көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр - дастандарды апталап - айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі