Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы

 Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы

Мазмұны

1. Абстракт (Аннотация)
2. Кіріспе
3. Негізгі бөлім
3.1. Әріптер қалай пайда болды?
3.2. Қазақ әліпбиінің атасы А.Байтұрсынұлы
3.3. Ата – анам оқыған әліпби.
3.4. Мен оқыған әліпби.
3.5. Латын әліпбиіне көшу заман талабы.
4. Қорытынды .
5. Пайдаланылған әдебиеттер.
6. Пікір.
7. Қосымша материалдар
8. Ғылыми жұмысты зерттеу күнделігі


Абстракт (аннотация)
Зерттеудің мақсаты: Әріптер мен әліпбидің шығу тарихын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
 Әріптердің қолданысқа еңуін қарастыру;
 Қазақ әліппесінің атасы А.Байтұрсынұлы;
 Латын әліпбиіне көшу заман талабы;
 Зерттеу жұмысына сүйене отырып, ұсыныс жасай алу;
Зерттеу жұмысының болжамы:
Егер «Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы» тақырыбына байланысты пікірімді толық жеткізе алсам, оны әрі қарай толықтырып, жұмыс жүргіземін деп ойлаймын. Әділ қазылар ғылыми жұмысымды құнды деп есептесе, жұмысымды сабақтан тыс шараларда қолдануға болады деп үміттенемін.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Заманауи талапқа сай әріптердің (қазақ әліпбиінің) латын әліпбиіне ауысуынан туындаған ойым, әріптердің қалай пайда болғандығын зерттеп, қарастыру болатын.
Жұмыстың ерекшелігі:
Бұрынғы замандағы ата – бабаларымыздың уақытындағы жазбаларда кездесетін әріптер таңбасының қазіргі уақытқа дейін жетуінде.
Зерттеу барысында көрнекілік, салыстырмалы, зерттеу, проблемалық әдістерді қолдандық.







Abstraction (annotation)
The purpose of the study: study the history of letters and alphabet
The research of the study:
> Consider letters handling;
> Father of Kazakh alphabet is A.Baitursynov;
> Modernization of the Latin alphabet;
> Being able to make suggestions based on research;
The prospects for the research:
If I can fully convey my point of view on the topic of “Letters and Alphabet’s History”, I think that I will continue to work on it. If the jury thinks my research is valuable, I will take my job hopefully can be used in extracurricular activities.
The relevance of the research topic:
The idea of writing modern alphabet (Kazakh alphabet) into Latin alphabet could be examined and examined.
The feature of work:
In the past, the letters that we find in the records of our ancestors reached the present moment.
In the course of the study, we used visual, comparative, research, problematic methods.




Кіріспе бөлім
Менің ғылыми жұмысымнын тақырыбы: «Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы». Бұл тақырыпты таңдаған себебім, латын әліпбиінің бүгінгі таңда қайта жаңғыруынан туындаған ойым ғылыми жоба жазуға ұласты. Сонымен қатар әріптерден сөз құрап, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастырып күнделікті өмірде қарым - қатынас құралына айналып, адамдар ойларын қалайша еркін жеткізе білгендерін толығырақ зерттеп білгім келді.
Қазіргі кезде техниканың қарқынды дамып, адамдар бірнеше тілдерді үйреніп білулері заман талабы екенін білемін. Бүгінгі күнде қазақ тілінің көптеген өзекті мәселелері зерттелуде. Осыны біле отыра, өзімнің қызығушылығымның арқасында әріптердің қалай пайда болғаның зерттеуге кірістім.
Біздің заманымызға дейінгі уақыттағы адамдардың тілдік қарым -қатынастарын ғалымдар зерттей келе тасқа қашалған көптеген суреттерді тапқан. Ежелгі адамдар осы суреттер арқылы өздерінің тыныс тіршілігін баяндаған екен. Мысалы: Аяқтың суреті болса келе жатырмын, кетіп бара жатырмын, тез кел деген мағына берген. Уақыт өте келе осы суреттерге негізделген әліпби тәріздес қарым - қатынас құралын ойлап тапқан. Бірақ мұндай әліпбилер мүлдем қолайсыз болғандықтан, көп ұзамай бұл суреттердің орнын таңбалар алмастырған.
Ал осыдан 4000 жыл бұрын әріптерден құралған әліпби пайда болған.
1912 жылы Ахмет Байтұрсынов атамыз араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуын жаңартып, осы ісімен миллиондаған қандастарымызға бұл әліпбиді қолдануға мүмкіндік берді. Араб тіліне ғана тән және қазақ тілінде мүлде қолданыста жоқ әріптерді алып тастап, қазақ тіліне тән әріптерді еңгізді. Жаңа емле яғни жаңа орфография деген атқа ие болған бұл жаңа әліпби Ауғаныстан, Қытай, Иранда тұратын қандастарымыз арасында қолданады. Ал, біздің елімізде бұл әліпби 1917 жылдан бастап еңгізіле бастады. Бұл
4
әліпбиді басқаша төте жазу деп те атайды.
Араб әліпбиінен кейін 1929 – 1939 жылдар аралығында латын әліпбиі оқытылған. Қазақстанда жаңа әліпбиге көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болған.
1940 жылы біздің әліпбиіміз кирилл графикасына негізделген әліппеге алмастырылды. Қазіргі күні қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Олардың 33-і орыс графикасына негізделсе оның 9-ы қазақ тіліне тән әріптер.


Негізгі бөлім
Адам қоршаған әлемді ежелгі кезеңнен бастап бейнелей бастады. Алғашқы адамдар үңгірдегі, тастардағы, сүйектердегі суреттері куә болатын үлкен жетістіктерге жетті. Ол бейнелер магиялық кескінді алды, адам ойын өзіндік жеткізетін түрі болған екен. Өнерді үйрену тікелей тірі бақылау мен қадағалау арқылы жүзеге асқан. Олар бірден бейнелеу өнері тәсілін меңгермеген. Егіншілік пен қолөнер-кәсіптік сипат адамның өнерге деген көзқарасын өзгерткен. Сурет салуды адам бөлек кәсіп ретінде түсіне бастаған. Бірақ қандай да бір қимыл-әрекетті бейнелеген жағдайда, ол өзі онша түсінікті бола бермепті. Мысалы, аяқтың бір ғана суреті «бара жатырмын», «келдім», «кеттім», «жылдам» … дегендерді білдірген. Сөйтіп, бір ғана суретті «жылдамырақ кел» деп те, «тезірек кет» деп те өз қалауынша, өз білгенінше түсінуіне болатындай етіп айтып жүріпті. «Мен келдім» деп айту керек болғанда, «мен келдім» деген сурет салса керек. Менің түсінгенім бойынша суретпен бейнелеп көрсету өте қиындау болған. Сөйтіп, әріптер қажет болады да, кейіннен суреттер таңбаға айналған. Бірақ олар алғашқыда әдеттегіге онша ұқсамайтын суретті әріптер болыпты. Әр салынған сурет өзінше белгілі мағына беріп және болған жағдайды суретпен түсіндірген екен. Ал егер мен жоғарыда айтқандай сөздің бәрін осындай суретпен жазсақ, ол жазу түсініксіз болып, тіпті бүкіл бір дәптерге сыймай кетер еді. Мұның ертедегі египеттіктерге қандай қиын болғанын осыдан-ақ елестеттім. Сол мақсатта оларға аса көп суретші-хатшылар ұстауларына тура келген екен. Осы ақпаратты оқып, зерттеген соң мен өзім тасқа сурет салып көрдім. Маған тасқа сурет салу қиынға түсті. Бұрынғы адамдарға бұл әрекет қиынға түскені анық.
Бұл кезеңнен кейін жылжып жылдар, ғасырлар өткен кезде, жазуға оңайырақ болу үшін хатшылар кейбір аса қиын суреттерді белгілі бір таңбалармен ауыстыра бастаған. Ол Көне түркі жазбалары немесе Орхон –
6
Енисей таңбалары деп атаған. Олары енді нағыз әріптерге ұқсаңқырайтын таңбалар еді. Шамамен 4 мың жылдай бұрын Египетті көшпенділердің гиксостар деп аталатын жауынгер тайпасы басып алыпты. Содан барып бұл екі халықтың әліппелерінен жаңаша бір әліппе пайда болған. Қазіргі біздің әліппе сияқты ол да А мен Б әріптерінен бастау алған. Көне түркі әліпбиінің құрамында 35 әріп бар. Соның ішіндегі А әріпін гиксостар «Алеф» деп атаған, онысы «өгіз» деген сөз еді. Алғашқы кезде бұл таңба, шынында да, мүйізі бар өгіздің басына ұқсас болған екен. Мысалы төмендегі үлгідегідей.


Ал, Г әріпімен бір кездерде бұрышты белгілеген, бұл әріп қазір де соған ұқсайды.

М әріпі – теңіз толқының, Р – жылқының басы болғандығы деректерде жазылған. Осы әріптер сияқты қалған әріптердің де өзіндік таңбамен белгілеп, кезекті бір затқа ұқсатқан.

Ежелгі Вавилондағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шуме тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазуладың бірі араб жазуы. А.Байтұрсынов қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен даралығын анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстық үнін танытатын таңбаларын әліпбиге еңгізген. А.Байтұрсынов әліпбиінің қазақ жазуы тарихында “жаңа емле” (төте жазу) деп аталып, халықты сауаттандыруға ірі бет бұрыс жасаған. Ал қазақ тіліндегі «әліппе» сөзі арабша А әрпінің атауы әліп (алиф) пен Б әрпінің атауы би сөздерінің тіркесуіне («әліпби» немесе «әліппе») келіп шыққан
7
екен. «Әліппе» аздаған дыбыстық өзгерістермен көп түркі халықтарында солкүйінде қолданылады делінген. Араб әріптері оңнан солға қарай жазылады, бас әріптері болмайды. Әріптері бір-біріне қосылып жазылады. Араб жазуы алғашқыда “қадым”, кейін “төте” жазу үлгілері түрінде Қазақстанда 1929 жылға дейін пайдаланып келген. Мысалы: А әріпінің арабша жазылуы мынадай болып келеді (әлиф) 1.
Ал, 1929-1939 жылдар аралығында Мемлекет қайраткерлері араб әліпбиімізді латынға көшіру керек деді, өйткені біздің әліпби біздікі емес - арабтікі..." деген ұғым пайда болыпты. Осы уақыттан кейін Х. Досмұхамедов қазақ тіліне үйлестіріп латын әліпбиін жасаған. Бұл әліпби халыққа он жыл оқытылған екен. Осы кезеңдегі латын әліпбиінің А әріпі мынадай таңбада жазылған болатын А а.
Біздің қазіргі әліпбиіміз әліппелерімізге келіп кіргенге дейін елден елді аралап ұзақ сапар шеккенін байқадым. Көптеген өзгерістерге де ұшыраған. Гиксостардың әріптерінең әуелі шебер құрлысшы әрі теңізші халық-финикиялықтар пайдалана бастаған. Олар әріп жазуды Ертедегі Грецияға жеткізіпті. Одан әріптер Ертедегі Римге барып, содан соң Болгарияға көшіпті, осыдан 1000 жылдай бұрын ғана сол жер арқылы Россияға келіп жетіпті. 1940 жылы кирилл графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілген. Әріптің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазуға бейімделген жазба түрі болған. Әріп қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін таңба болғандықтан, оны көзбен көруге болады. Әріпте құбылмалық қасиет жоқ, ол тұрақты, бірақ ғалымдардың өзара келісімімен оны өзгертуге болады. Қазақ жазуының тарихында мұндай өзгертулер болған екен. Мысалы менің зерттеп салыстырғаным бойынша «Әріптер таңбасының әр кезеңге байланысты өзгеруін» мынадай кесте үлгісінде ұсынамын..

Кайкенова Айдана Айтбаевна
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 + 0 -

Добавить комментарий