Қазақша Ашық сабақ: Бейнелеу өнері және сызу | Үш заттан құралған натюрморт » ZHARAR © 2016 | ашық сабақ натюрморт туралы,ашық сабақтар бейнелеу өнерінен , бейнелеу өнерінен ашық сабақтар 2 сынып, бейнелеу өнерінен ашық сабақтар балабақшада, бейнелеу өнерінен ашық сабақ, сызу пәнінен ашық сабақ, сызу сабағынан ашық сабақ, сызу ашық сабақ,




  • »

Қазақша Ашық сабақ: Бейнелеу өнері және сызу | Үш заттан құралған натюрморт

Қазақша Ашық сабақ: Бейнелеу өнері және сызу | Үш заттан құралған натюрморт казакша Қазақша Ашық сабақ: Бейнелеу өнері және сызу | Үш заттан құралған натюрморт на казахском языке

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
"Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК-нің кескіндеме пәні мұғалімі
Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы



Ашық сабақтың тақырыбы: «Үш заттан құралған натюрморт»
Ашық сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету.
б)дамытушылық: живопись өнерінің натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.
в)тәрбиелік: Оқушыларды өнер танушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақтың түрі: жаңа сабақ, жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу.
Ашық сабақтың әдісі: баяндау, үйрету, практикалық.
Пәнаралық байланыс: математика, композиция, сурет.
Ашық сабақтың көрнекілігі: 4 кезеңдік сурет салу үлгісі, қойылым, түрлі суреттер, натюрморттар, т.б.
Ашық сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, акварель бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті палитра.
Ашық сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал-жабдықтарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткенді қайталау.
Өткен сабақтарға байланысты бірнеше сұрақтар қойылады.
• Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)
• Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)
• Хроматикалық түстерді атаңдар? (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)
• Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр)
• Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі)
• Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)
• Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы)
• Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу)
• Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік)

жылы түстер суық түстер


Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ, сұр, қара түстерінің реңдері жатады.






Хроматикалық түстерге түрлі түстердің бәрі жатады.



ІІІ.Жаңа сабақ.
Натюрморт-бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет ХVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған. Суретшілер ыдыстарды, гүлдер мен жемістерді, көкөністерді, маталарды бейнелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры Натюрморт деп аталады.
Натюрморт жанрының дамуына үлес қосқан мынадай Голланд суретшілерін атауға болады: Давид Байли (1584-1657 ж.ж), Рембрандт (1606-1669 ж.ж), Фердинат Боль (1616-1680 ж.ж), Виллем Кольф (1619-1693 ж.ж).
«Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі.
«Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюрморттың тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін.
17 ғасыр Голландияда



өлі табиғат француз сөзі



бұйымдар заттар
Натюрморт күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт.
Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады. Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы шарты болып табылады. Ендеше натюрморт бейнелеу, ереже заңдылықтарын меңгеру үшін алдымен пішіндері қарапайым үш заттан тұратын натюрморт бейнелеп көрейік, олар-құмыра, алма мен алмұрт.
Бұл заттардың пішіндері, көлемдері және түстері әр түрлі. Кез келген заттарды бейнелеу үшін олардың жеке-жеке көлемін және бір-біріне өлшемдік қатынасын (бір-бірінен қаншалықты үлкен не кіші), кеңістікте орналасуын мұқият қарап зерттеп алу керек. Тек содан соң бейнені түсіруге арналған қағаздың орналасу бағытын (тігінен немесе көлденең) бейнеленетін заттардың көлеміне, кеңістікте орналасу ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.
Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады.
Сұрақтар:
1. Мына суреттерде не бейнеленген?
2. Бірінші планда не бар? Екінші планда ше?
3. Үшінші, төртінші планда не бейнеленген?



Натюрморттың орындалу кезеңдері

Қағаздың ортақ нүктесін тауып, заттардың шеткі нүктелерін анықтау Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып салу Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу Нұсқаның түстерін политраның көмегімен анықтау

Алғашқы кезең-заттардың жалпы алатын орнын қағаз бетіне үйлестіріп, белгілеу. Есте сақтайтын нәрсе заттар бейнесі қағаздың ортасынан, жан-жағынан өте көп орын алмауы тиіс немесе қағаз шетіне өте жақын орналаспауы керек.
Екінші кезеңде қағаз бетіне белгіленген заттардың орындарының ішіне жекеленген заттардың өздеріне тән бөліктерінің пропорциялық қатынастарын (өлшемдік қатынас) салыстыра отырып геометриялық денелер пішінінде бейнелейміз. Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның тасаланып көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар арқылы заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейміз. Заттар бейнесінің дұрыстығын тексерген соң көмекші сызықтарды өшіріп тастаймыз.
Жұмыс барысында жасырын суретті табу.
Тапсырма: Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек.



Келесі үшінші кезеңде заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейміз. Жарық заттарға сол жағынан түскендіктен, негізгі ең қою көлеңке заттардың оң жағында орналасқан, ал жарықтың тікелей түсіп ең жарықтанған жылт бөлігі заттардың сол жағында орналасқан.
Қызығушылығын ояту.
Қай кілт қай үйдікі?

30 42 36

6*5= 64 7*6= 40 9*4=






8*8= 5*8=

Жарық көлеңке реңдерінің алатын орындары белгілі болған соң, төртінші кезеңде заттар бейнесінің ең қою негізгі көлеңкі жерінен бастап жарыққа қарай біртіндеп бояй бастаймыз. Жарық көлеңке түсіру арқылы нәрсенің көлемін және қандай материалдан жасалғандығын білдіруге болады.
Жұмыстың соңында натюрморттың композициялық бірлігін, жарық пен көлеңкенің жарасымдылығын қадағалап, мұқият тексеріп көрген жөн.

ІV. Ашық сабақты қорыту. Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп тақтада ілулі тұрған сөздерге жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан нені ұқтық, нені үйрендік соны білеміз.
«Кім жылдам» Рефлексия.
Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады.
1. Бүгін мен білдім.............
2. Маған қызықты болды..............
3. Қиын болды.....................
4. Мен түсіндім...................
5. Енді менің қолымнан келеді.........
6. Мен сезіндім....................
7. Мен үйрендім..................
8. Мені таң қалдырды.........
9. Мен жасап көремін.........
10. Ашық сабақ маған....................

V.Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жақсы шыққан жұмысты мадақтап көрсету. Ашық сабаққа қатысына қарай оқушыларды бағалау.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Ашық сабақтар жинағы | | 20 865
Рейтинг:
(голосов: 27)

KZ портал » Қазақша Ашық сабақтар жинағы, ашық сабақ натюрморт туралы, ашық сабақтар бейнелеу өнерінен, бейнелеу өнерінен ашық сабақтар 2 сынып, бейнелеу өнерінен ашық сабақтар балабақшада, бейнелеу өнерінен ашық сабақ, сызу пәнінен ашық сабақ, сызу сабағынан ашық сабақ, сызу ашық сабақ, , ашық сабақ натюрморт туралы, ашық сабақтар бейнелеу өнерінен, бейнелеу өнерінен ашық сабақтар 2 сынып, бейнелеу өнерінен ашық сабақтар балабақшада, бейнелеу өнерінен ашық сабақ, сызу пәнінен ашық сабақ, сызу сабағынан ашық сабақ, сызу ашық сабақ, Қазақша Ашық сабақ: Бейнелеу өнері және сызу | Үш заттан құралған натюрморт сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

. .