Қазақша Ашық сабақ: Құрбан айт - қасиетті мереке » ZHARAR © 2017 | құрбан айт мерекесі ашық сабақ , открытые уроки на казахском языке про курбан айт, открытые уроки на казахском языке, құрбан айтқа ашық сабақ




  • »

Қазақша Ашық сабақ: Құрбан айт - қасиетті мереке

Қазақша Ашық сабақ: Құрбан айт - қасиетті мереке казакша Қазақша Ашық сабақ: Құрбан айт - қасиетті мереке на казахском языке

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Сүттіқұдық ауылы №52 Б.Аралбаев атындағы орта
мектебінің тарих пәнінің мұғалімі


Ашық сабақтың тақырыбы: Құрбан айтқасиетті мереке
Ашық сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру.
2.Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Ашық сабақтың көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер, діни кітаптар.
1.Құрбан шалу – мұсылмандықтың маңызы.
2. Құрбан шалу көрші ақысын еске түсіріп, татулыққа бастайды.
3. Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді.
4. Құрбан шалудың қоғамдық пайдасы мол.
Ашық сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Ашық сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды екі топқа бөлу.
ІІ.Құрбан айт туралы не білеміз?
Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- құрбан айт.
Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт- мұсылманның ұлық мерекесі.
Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп.
Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп:
- Мұсылман болуы;
- Ақылды және балиғат жасына толуы;
- Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы;
- Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы.
Нисап мөлшері – 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат.
Ибраһим (а.с) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла тағалаға жалбарынғанды.Бұл тілегі қарттық шағында болмасы бар ма?! Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқанын көрді.Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз жеткізген Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденеді. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы тиіс.Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «балам түсімде Алланың әмірімен сені құрбандыққа шалуға ниеттеніп, бауыздайтын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?» дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді: «Әкетай,еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не болса да орында.Тәуекел ет!» деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес,Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді.Сол үшінде қыңқ деместен, «кессең мойным міне» деп пышаққа түсті.Әттең,қанша қайралса да пышақ өтпей қор қылды.Соңынды сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Алланың өзі аян білдірді:
«Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың.Міндетіңді орындадың. Исмайылдың орнына құрбандық ретінде шаларсың деп қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды осылай марапаттаймыз!» Иә, Алла тағала сынағаны болмаса, Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады.Ол тек Ибраһим пайғамбардың өзіне адалдығына,әмірін қалтықсыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Ибраһим пайғамбардың кезінде құрбан шалу қажылықтың бір шарты ретінде сүннетке айналып,соңғы елші хазірет мұхаммедке де (с.а.с) жетті.Осы кезден бастап құрбан шалу қажылықтың бір рәсімі ғана емес, бүкіл мұсылман жұртшылығына ортақ құлшылықтың түріне айналды.Құрбан шалу Алла елшісі (с.а.с) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін,хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді.
Топпен жұмыс.
І. Екі топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар бойынша оқушылар жауап береді.
1 топ
1. Құрбан шалудың пайдалары
2. Құрбандыққа шалынатын мал қанша адамға жетеді?
2 топ
1. Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар
2. Құрбандықтың уақыты

ІІІ. Өзіңді таны
І топ Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерді жазу.
ІІ топ Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жазу.
ІҮ. Мақал –мәтелдер сайысы
І топ. Адамгершілік, мейірімділік, ұқыптылық, тазалық туралы.
ІІ топ. Еңбек туралы.
Ү. Қорытынды
Егемен ел атанған көпұлтты мемлекетіміз өткен жылдар ішінде дүниежүзінің қалың жұртшылығына жан-жақты жаңарған, экономикасы серпінді дамыған, өсіп-өркендеу мүмкіндігі мол, діні мен тіліне қарамастан барша адамзат балаын бауырына басқан еңселі мемлекет ретінде танылды. Тұғыры берік тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі жасампаз халқымыздың ділімізбен қайта қауышуы екені даусыз.Олай болса үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше.Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы жаратушы Иеміз-Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міксін жандарға қамқорлық көрсетеді.
Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн.
Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын.

Санат: KZ портал » Қазақша Ашық сабақтар жинағы | | 19 241
Рейтинг:
(голосов: 10)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .