Қазақша ашық сабақ: Септеулік шылаулар » ZHARAR © 2017 | септеулік шылаулар сабақ жоспары, септеулік шылаулар сабақ жоспары 6 сынып, септеулик шылау туралы ашык сабак казакша, септеулік шылаулар ашық сабақ, септеулик шылау туралы сабак жосапары казакша, сабақ жоспары




  • »

Қазақша ашық сабақ: Септеулік шылаулар

Қазақша ашық сабақ: Септеулік шылаулар казакша Қазақша ашық сабақ: Септеулік шылаулар на казахском языке

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
№61 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Жиенбаев Жарас Тұрғанбайұлы.

Сабақтың тақырыбы: Септеулік шылаулар
Сабақтың мақсаты.
а) Білімділігі. Септеулік шылау туралы білімін кеңейту, алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда пайдалану;
ә) Дамытушылық. Алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасай білуіне, шығармашылық қабілетінің қалыптасуына ықпал ету;
б) Тәрбиелік. Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру.

Сабақтың түрі; аралас
Сабақтың типі: жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі; сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, жарыс
Көрнекілігі; септеулік шылауға байланысты кесте, үлестірме парақтар, арқан,
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Кезекші есебін тыңдап, оқушыларды түгелдеу,
3. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.
4. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшыларына бағалау парағын беремін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Оқушыларға үлестірме парақтарын тарату арқылы жауап аламын.
Үлестірме парақтарының сұрақтары мен тапсырмалары:
№1
1.Шылау дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қой.
Ер жігіт ел ... туады,
Ел ... өледі.
№2
1. Шылаудың неше түрі бар? Атап шық.
2. Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қой.
Әлі келген алып ... жығады,
Шалып ... жығады.
№3
1. Шылаудың дербес мағынасы бола ма?
2. Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қой.
Өз басыңды дауға берсең ... ,
Жолдасыңды жауға берме.


№4
1. Шылаулар сөйлем ішінде сөйлем мүшесі бола ала ма?
2. Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қой.
Еріншек түске ... ұйықтайды,
Кешке ... есінейді.
№5
1. Шылау түрлене ме?
2. Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қой.
Борсық ұрған ... семіреді.
№6
1. Шылаулар басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасала ма?
2. Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қой.
Жаманның ақылы
Түстен ... кіреді.
№7
1. Сөз табы ретінде қолданылуы бір кезде толық лексикалық мағынасы болған шылау сөздерді ата.
2. Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қой.
Отан ... отқа түс күймейсің.
№8
1. Шылаулар түрленбейді дегенді қалай түсінесің?
2. Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қой.
Білекті түр ... еңбек ет,
Етекті түр ... елге жет.
№9
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Атап шық.
2. Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қой.
Ердің күйін сұрама,
Жұрттан сауын сауған ... .
Малдың жайын сұрама,
Қонысынан ауған ... .
№10
1. Шылау қай сөз табына ұқсас келеді? Ұқсастықтарын түсіндір.
2. Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді қой.
Ақыл – дария, алсаң ... таусылмайды,
Жер – қазына, саусаң ... таусылмайды.

2. Қалған оқушылардан үйге берілген жаттығу жұмысын тексеріп, ауызша сұрау.


ІІІ. Жаңа сабақ: Септеулік шылаулар.
Шылаудың түрлерін жеке-жеке қарастырайық: алдымен септеулік шылаулар туралы мағұлұмат біліп алайық. Мысалы: Жаңағы сөзден соң кейбіреулері қуанды.

Септеулік шылаулар - белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық, т.б.) мән үстеп, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстыратын шылау түрі. Септеулік шылаулар септеуліктер деп те аталады.

Сонымен септеуліктер төмендегі септік тұлғадағы сөздердің шылауында айтылады:


Септеулік шылаулар

Атау септігі Барыс септігі Шығыс септігі Көмектес септігі
арқылы, жа- дейін, шейін, кейін, соң, гөрі, қатар, қабат, бір-
йында, үшін, таман, қарай, бері, бұрын, әрі. ге, қоса.
сайын, тәріз- салым, жуық,
ді, сияқты. тарта, қарай.

ІV. Жаңа сабақты бекіту: «Арқан тартыс» ойыны

Ойшылдар Тапқырлар

347-жаттығу:Септеулік 348-жаттығу: Септеулік шылаулар-
шылаулардың қай сөз ды тауып, олардың қай септіктегі
табына тіркесіп, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын
мағына беріп тұрғанын анықтаңдар.
талдаңдар

V. Шығармашылық жұмыс:

І тапсырма

Ойшылдар Тапқырлар
Септеулік Төмендегі ұйқастарды пайдалана
шылауларды қатыстыра отырып, «Еріншектің әлегі» тақы-
отырып, «Досым туралы» рыбына өлең құрастырыңдар.
Тақырыбына эссе
Жазыңдар. ..........................................дейін,
...........................................шейін.
..........................................босқа,
..........................................кейін.


ІІ тапсырма: Мақал-мәтелдердің сыңарын табыңдар.

1. Палуанның жаманы
Шалдырған соң өкінер.
......................................
......................................

2. Ажал ақымақ үшін алтау,
..........................................

3. Жалғыз жүріп жол тапқанша,
............................................. .

4. Адам болып туған соң,
..................................... .

5. Көрпеңе қарай, ................. .

6. Жеріне қарай егін ек,
................................. .

7. Ақсақ қой, .................... .


VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

Мен нені білдім, нені үйрендім, нені үйренгім келеді? (сызба парақтарын толтырады)

VІІ. Үй тапсырмасын беру: 350-жаттығу Көркем шығармадан әрі, бері, кейін, бұрын сөздерінің бірде шылау, бірде үстеу қызметінде қолданылатын жайларына 8 сөйлем жазыңдар.

VІІІ. Бағалау. Бағалау парақтарын жинап алып, оқушыларды бағалау.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Ашық сабақтар жинағы | | 263
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Ашық сабақтар жинағы, септеулік шылаулар сабақ жоспары, септеулік шылаулар сабақ жоспары 6 сынып, септеулик шылау туралы ашык сабак казакша, септеулік шылаулар ашық сабақ, септеулик шылау туралы сабак жосапары казакша, септеулик шылау туралы, ашык сабак казакша, септеулик шылау, септеулік шылаулар, сабақ жоспары 6 сынып, сабақ жоспары, 6 сынып, ашық сабақ, септеулік шылаулар сабақ жоспары, септеулік шылаулар сабақ жоспары 6 сынып, септеулик шылау туралы ашык сабак казакша, септеулік шылаулар ашық сабақ, септеулик шылау туралы сабак жосапары казакша, септеулик шылау туралы, ашык сабак казакша, септеулик шыла, Қазақша ашық сабақ: Септеулік шылаулар сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .