Қазақша реферат: Саурық батыр » ZHARAR © 2016 | саурық батыр туралы қазақша реферат, саурык батыр туралы казакша реферат, саурык батыр туралы казакша омирбаяны, саурық батыр туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке саурык батыр




  • »

Қазақша реферат: Саурық батыр

Қазақша реферат: Саурық батыр казакша Қазақша реферат: Саурық батыр на казахском языке

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» хикаяты көпке жақсы таныс. Кітаптың бас кейіпкерлері – Ұзақ батыр мен Жәмеңке бастаған патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы көтерілген 1916 жылғы Қарқара көтерілісі шығарманың негізгі арқауы болғанын оқырман жақсы біледі. Ұлы қаламгер оқиғаның қасиетті ошағы Қабан-Қарағайдан басталғанын, осында Ұзақтың ақ бозы азаттықтың алғашқы құрбаны болып, ант қабылдағанынан бастау алғандығын жазады. Осы жиында данагөй Албанның Райымбек, Саурық бастатқан қадірлі ұлы аруақтарының бәрін атап тұрып, Жәмеңке: «солардың оң сапарын бер» деп, мойнына бұршағын салып тұрып тілек қылып, бір әкенің баласындай бір ниетке тас түйін болып буылған елге ақ батасын берді" деген жолдар бар. Ұлы жазушы осы көріністе Саурықтың кім болғандығынан оқырманға аз да болса хабардар етеді. Кітапта атақты Райымбек батырдан кейін Қазақша реферат: Саурық батырСаурықтың аты аталуы оның тегін адам еместігін білдірсе керек. Ұлы жазушы бұл жерде Саурықтың елге танымал болғандығын қысқаша сюжет арқылы берген. Ендеше осы Саурықтың кім болғандығын оқырман әлі де толық білмейтіні кімді де болсын ойландырары анық. Көпшілік шапырашты Саурық батырды ғана біледі. Оқырманның көкейінде қалған Ұзақтың әкесі Саурықтың қандай ерлік жасап, ел есінде қалғандығы осы күнге дейін көпке жұмбақ күйінде қалып келеді. Біз осы сұраққа орай ел ішінде әлі де айтылып келе жатқан әңгімелерге назар аударуды жөн көрдік. Батыр туралы ел аузында әлі де айтылады. Ақ патшаның отарлау саясатына қарсы шығып, соның құрбаны болған Саурық қалмақтардың соңғы демін өшірген батыр ретінде ел есінде сақталған. Бірақ ол жайындағы әңгімелер ауызша ғана жеткен. Ал Мұхтар Әуезовтің шығармасынан кейін Саурықтың есімі Жетісудің дүлдүл ақыны Көдек Байшығанұлының өткен жылы жарық көрген «Қайтейін, жалған дүние…» атты жыр кітабында кездеседі. Онда батыр Ұзақтың арғы аталары мен әкесі Саурық жөнінде мағлұматтар аз емес. Ақын:

… Айттағы Сайынбөлек, Құрманда Алпар,
Бұларды туа Қызыр шалып өткен, –

деген өлең жолдарындағы Алпардың бел баласы Саурықты ақын жырға қосқан. Әкесі заманында дәулетті, ірі бай, елге қайырымды, зор бедел иесі болғандығын Көдек ақын айта келіп, атасы Түменбай би де қазақ пен қырғызға танымал болғандығын жырлайды. Арғы аталары Әлмеректен бастап, жоңғар шапқыншыларына қарсы күрескен ұрпақтан тараған Алпардың Қолаң бәйбішеден туған Саурық, Іліпбай және Сәске де қолдарынан найзасы түспеген батырлар болса, оның басқа да алты әйелінен өрбіген ұрпақ алдыңғы ағаларына ілесіп, елін, жерін жаудың шапқыншылығынан қорғағандар. Бұлардың ішіне інісі ақын, әрі күйші Шалтабай да қосылған. Ұлы қаламгердің бас кейіпкері Ұзақтың ата бабасы осылай дүниеден өтсе, әкесі Саурықтың ерлігі де елдің есінде қалуы бекер емес.

Осындай уақыттың бірінде бозбала Саурық та қалмақтың қолына түсіп, тұтқында болады. Бұл азапты өмірден қашып құтылған Саурық елге келіп, қол жинап, жауды қайта бас көтертпейтіндей етіп шабады. Соғыс Құлжаның бергі жағы Текестен басталып, одан әрі Жұлдыз, Таясу деген жерлерде өтеді. Ол кезде қалмақты Бүргә әмбі деген батыры басқарып, екі жақта соғыс жүреді. Соғыстың жойқын болғандығы соншалықты, қалмақтардың есінде әлі күнге дейін сақталып қалғандығы туралы әңгіме бар. Қазіргі Құлжаның арғыбергі жағын мекендеген қалмақтар қара қасқа ат мінген Саурықтың шапқандығын әлі айтады. Және де олар күні бүгінге дейін қара қасқа жылқы ұстамайды. Себебі біздің түбімізге жеткен қара қасқа атты Саурық деп, ондай жылқы баласын төл кезінде не сатып, не сойып тастайды. Мұндай әңгімені біз 1990 жылдары Қытайдың Мұңғұл күре ауданына барған сапарымызда сол жақтан естідік. 1930 жылдары ашаршылықтың салдарынан Қытайға ауған қазақтардың ішінен Саурықтың туысқандарын жергілікті қалмақтар сұраққа алып, Бүргә әмбаның гауһар жүзігін іздеп, біраз адамды азапқа салғаны туралы да әңгіме айтылды. Ал Саурықтың бекер адам болмағанын батырдың туысқанының бірі Мұқамәди қарияның сөзі де растайды. «Біз қызылдардан қуғын көріп Қытайға барғанда Мұңғұл күренің Қарасу деген жерінде тұрдық. Таудан Текес өзеніне атпен қарағай тартамыз. Ел қарағай сатып жан бағатын. Бір күні топ баламен қарағай тарту үшін тауға шықтық. Алдымыздан екі-үш қалмақ кездесті. Олардың ішіндегі бір егделеуі бізден жөн сұрады. Өзі қазақша судай ағып тұр. Кезек маған келгенде: Сенімен ойнауға болмайды екен. Сен Саурықтың тұқымы екенсің, – деп жөніне кетті» дегенді айтқан еді. Осындай әңгімені қазір сексенге келген сарыбастаулық Төкен қария да растайды. «Отызыншы жылдары ел қызылдар салған қырғынға шыдамай Қытайға қашты. Шекара –мына тұрған жер. Мен онда жөргектегі бала екенмін. Ел түн ішінде көшіп, шекарадан өтпек болғанда менің бес-алты жастағы үлкен ағам тайға мініп бірге жүріпті. Шекараға келгенде атыс болып, көшкен ел жан сауғалаған. Ағамды тай алып қашып, өзінше кеткен. Содан ол тайдан құлап, қалың шөптің арасында жатқан жерінен қалмақтар тауып алыпты. Солардың бірі ағамды өзіне бала етіп алуға ниеттеніпті де. Қалмақтың үйіне қазақтың бір кісісі ара-тұра саудамен келіп тұрады екен. Ол үйдегі бөтен балаға назары түсіп: „Бұл кімнің баласы?“ – деп сұраған ғой. Қалмақ өзімнің балам деп жеңістік бермепті. Ал қазақ болса ба¬ла¬дан аты-жөнін сұрап білген соң: „сен баланың тағдырымен ойнама, бұл Саурықтың тұқымы, ата-анасына қайтар. Бала сенде еке¬нін олар білсе, жағдайың қиынға соғады“ деген әңгімені айтқан. Содан баладан күдерін үзген әке-шешеме әлгі қалмақ ағамды әкеп беріпті» деген еді.

Бүргә әмбаны шапқан Саурықтың бұдан кейінгі өмірі аз уақыт тыныш болғанымен орыстың қазақ жерін отарлау саясаты басталып, олар өз үстемдіктерін ел ішінде көрсете бастайды. Мұндай саясатқа Саурық шыдамай орыс әскерімен де соғысып, елінің бодан болмауына қарсылық білдіреді. Алайда айлакер орыс жағы оны алдап ұстап, тұтқындайды. Қамауға алынған Саурықты сұраққа алып қинаған да. Бірақ оны өлтіруге батылдары жетпейді. Саурықтың беделі ел ішінде зор екенін білген олар еліне қайтарады. Алайда, орыстар оның мінген атының ер-тоқымының мінер жағындағы үзеңгісіне қастандықпен у жағып жібереді. «Осы удан Саурық қатты ауырып, қайтыс болған» деседі көнекөз қариялар. «Саурық қатты ауырып жатқанда қара қасқа аты кісінеп үйіне келіпті» деген әңгімені Балабақсы деген атпен елге танылған қария айтқан еді: «Батыр Кегеннің Түменбай деген жеріне жерленген. Оның мінген қара қасқа аты есті жылқы болған. Талай жорықта сенімді серігі болған қара қасқа ат батыр қатты ауырып жатқанда үйіне кісінеп келіпті. Сонда Саурық жануардың кісінегеніне жаны ашып, бауыздауға қимапты. Осыдан кейін батыр көз жұмған. Мұны ол бекер істеді деп әкем айтушы еді» дейді қария. Жалпы Саурық жорыққа шыққанда екі ат мініпті. Бірі – жирен қасқа болса, бірі –қара қасқа ат. Жирен қасқаны жаумен найзаласқанда, ал қара қасқаны жауға атой салған ұрыста, не қашқан жауды қуғанда мінген екен. Одан қашқан жау құтылмаған. Осындай ат Саурықты талай қиын-қыстау шайқастан алып шығып, жауын жеңуге көп көмектескені өз алдына бір әңгіме. Сондай шайқастың бірі Құлжаның арғы жағындағы Жұлдыз деген жерде болады. Қалмақтар тауға бекініп, бас көтермес соғыс салғанда Саурық қара қасқа атқа мініп, таудың жалғыз аяқ қия жолымен отыз шақты мергенді алып өтіп, олардың ту сыртынан шабуылдаған. Осы ұрыста қалмақтар жеңіліп, Бүргә әмбінің басы шабылып, қолындағы гауһар жүзігін және олардың табынатын бұрханын атқа артып, Саурық елге үлкен олжамен оралған. Ұрыстарда Саурықтың сенімді серігі, әрі қанаты болған қара қасқа осы жолы қалмақтарды қайран қалдырған. Аттың ақылды, әрі батырдың сенімді серігі болғандығын Көдек ақын кітабында былай деп суреттейді:

… Ерге лайық ат туар,
Қасқа атты құдай парлапты.
Шылбырын түрген ноқтамен,
Артынан еріп қалмапты.
Қысылтаяң кезінде,

Ерттеп мініп самғапты, – деп ақын жырға қосып, атқа өзінің бағасын береді.

Саурық орыстың қастандығынан Қытайдың Аттың тауы деген жерінде көз жұмады. Бұл жаздың ысыған айы болса керек. Батырдың сүйегі жат жерде қалып бара жатқаны елдің қабырғасына қатты батады. Осы жағдайды ойлаған Ұзақ қытай мен орыстың арасына келісімсөз жүргізіп, әкесін аршаға оратып, Кеген ауылының жанындағы атасы Түменбайдың қасына жерлейді. Елі оның басына күмбез орнатады. Күмбездің ішіне қара қасқа аттың бас сүйегін де іліп, жанына найзасын қояды. Сол қара қасқа аттың бас сүйегі 1970 жылдарға дейін сақталған деседі оны көрген жұрт. Бұны Райымбек ауданының құрметі ақсалының бірі Бейсенбек қа¬рия да растайды. «1972 жылдары Ұйғыр ауданының орталығы Шонжыдан келе жатып, жо¬лай Кегендегі Түменбай ауылындағы атамыздың басына құран оқу үшін Тілеужан Өстеміров деген жүргізуші екеуміз бейіт басына бардық. Аталарымызға құран оқып, басынан топырақ алдық. Күмбездің сыртында үлкен жылқының қураған бас сүйегін көрдік. Мен оны қолыммен қарыстап едім, төрт қарыс, төрт елі болды. Сонда ойыма келмепті, сол қу бас сүйекті үйге неге алып кетпегеніме әлі күнге дейін өкінемін» деген еді. Бір ғасырдан астам уақыттай ілінген сол бас сүйек қай жылдары жоғалғанын қазір ешкім білмейді. Мұндағы қос шынардай болып алыстан көрінетін қос күмбез күні бүгінге дейін ерекше көрінсе, кейін үлкен қорымға айналған. Бұл жерде Саурықтың атасы Түменбайдан бастап, әкесі Алпар және олардың туысқан-туғандары жерленген. Түменбайдың жанында бұлақ та ағып жатыр. Мұны Түменбай бұлақ деседі ел. Бірақ кімнің қай жерде жатқанын көп ешкім біле де бермейді. Осыдан екі жыл бұрын осы ауылдың ең үлкен қариясы 83 жастағы Төлеген Батырақовқа жолығып, біраз нәрсені анықтадық. "Әкеміз Жылқыбай 96 жасында қайтыс болды. Сол кісі өлер алдында мені және баласын шақырып алып, айтқан еді. «Мен өлсем Түменбайдың қасына жерлеңдер. Біз Түменбаймен жекжат болсақ, бір жағы әулие кісі» деп аманаттады. Біз әкеміздің аманатын орындадық. Мұнда жатқандардың біразы Түменбайдың тұқымдары деп, ол кісі қос күмбездің оңтүстік шығысындағы Саурықтың күмбезін көрсетті. Күмбез кірпіш тәрізді тақта тастан қалаған. Күмбездің жартысы құлап, бүлінген. Төлеген қария Түменбай мен Саурық батырдың аруақтарына арнап құран бағыштады.

Саурық батыр туралы деректер ел арасында әлі де көп кездеседі. Оның қырғыздармен болған соғысқа және де Құлжадағы дүнген мен тараншылар арасындағы соғысқа да қатысқанын тарих та жоққа шығармайды. Ел аузындағы тарихта бір шындықтың бары анық болса, елдің есінде ердің ерлігі мен жақсылығы мәңгі қалатыны анық. Ал Ұзақтың әкесі Саурық батырдың әлі күнге дейін зерттелмей, көпшілікке танылмауына кеңестік заманда оның байдың тұқымы және орыстардың отарлау саясатына қарсы шығып, бас көтергендігі себепші болған. Осының салдарынан Саурық батыр зерттелмеді, елге танылмады. Ал Қытайдың Іле қазақтары Саурықты бізден бұрын танып, елге жария етіп үлгерді. Оны елге танытқан өзіміздің қандасымыз, жазушы Әскер Тойғанбекұлы. Жазушы өткен тарих бетеріне үңіліп, «Арманда кеткен арыстар» атты кітап жазып, Саурық батырдың ерлігін елге танытқан. Кітап 2000 жылы жарыққа шыққан соң, облыстық радиохабарда Саурықтың ерлігі кең түрде насихатталған. Бұл кітаптан Саурық батыр және оның айналасындағы батырлардың елді жаудан қалай қорғандығы және орыстардың отарлау саясатына қалай күрескендігі көркем тілмен жеткізілген. Кітап авторы қазір елге оралып, өзінің осы кітабын үш-төрт жылдан бері жарыққа шығарсам деп әркет етіп жүр. Бірақ қаражаттың жоқтығы жазушының қолын байлапты. Кітапты құзырлы орындар шығарамыз деп уәде бергенімен әлі шықпай жатуы ойланарлық жайт. Ал кітап шығып жатса, қазақтың ұлы жазушысы Әуезов жазған Саурық батырдың ерлігін ел біліп, ұрпақ жете танитын еді…



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 20
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .