Тасымалдауды маршруттауды ұйымдастыру

Тасымалдауды маршруттауды ұйымдастыру

Тасымалдауды маршруттауды ұйымдастыру

Тиелген вагон ағындарының тасымалын тиімді ұйымдастырудың маңызды тәсілінің бірі – жөнелтушілік маршруттау немесе тиеу орнынан маршруттау.
Маршрут дегеніміз – ТПЕ-сіне сәйкес бекітілген массасы және ұзындығы бар пойыз құрамы.
Тиеу орнынан маршруттау келесі белгілері бойынша топталынады:
- ұйымдастыру тәсілі бойынша:
• жөнелтушілік – бір станцияда немесе бір кірме жолда тиелген немесе құрастырылған бір немесе бірнеше жөнелтушінің пойыз құрамы;
• сатылы – бірнеше кірме жолдарда немесе бірнеше станцияларда тиелген вагон топтары, бір бекітілген ортақ станцияда жиналып, құрастырылған бірнеше жөнелтушілердің пойыз құрамы;
• шеңберлік – бір тиеу станциясы мен бір түсіру станциясы аралығында тұрақты жүк тасымалдап тұратын пойыз құрамы.
- тағайындалуы бойынша:
• тікелей – пойыздағы барлық вагондар бір қабылдау станциясы жеткізілетін пойыз құрамы;
• шашыратуға – пойыз құрамындағы вагондар бірнеше қабылдау станциясына тағайындалған пойыз құрамы. Тарқату мақсатында тағайындалған станцияларға ортақ жақындау станцияға тоқтап тарқатылады.
- тасымалдау қашықтығына байланысты:
• халықаралық – жөнелту станциясынан қабылдау станциясына жету үшін бірнеше елдің теміржолымен өтетін пойыз құрамы;
• ішкі – бір елдің теміржолы ішінде жүретін пойыз құрамы.
Пойыз салмағы мен ұзындығын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы белгілейді, ал жол бөлімі ішінде жол бөлімі бастығы (НОД) бекітеді. Маршрут құрамында бір типті жүктер немесе бірнеше жүктің түсі болуына рұқсат теілген.
Тасымалдау жолында маршруттың салмағы өзгеретін болса, онда жөнелті станциясында маршруттың пойызды арнайы екі бөліктен құрастырады. Біріншісі – басты бөлік, жөнелтушідік маршруттың басты бөлігін алады да, қабылдау станциясына дейін тарқатусыз жеткізіледі, ал қосымша (ағытылатын) бөлік – ол тасымалдау жолында бір станцияда қалып қоятын пойыздың азғантай бөлігі.
Маршруттың маңыздылығы металлургиялық комбинаттарда жүк тасымалы кезінде, кен байыту зауыттарына шикізаттарды жеткізгенде, дайын өнімді экспортқа шығару кезінде, көмірді және т.б. себілмелі жүктерді тасымалдағанда байқалады. Мысалы, Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық комбинатынан шыққан өнімдер Қытайға экспортқа шығарылады. Дайын өнім ол жерде бірнеше жүздікпен, бірнеше миллиондарға сатып алынады. Пойыз құрамында 50 вагон болса, 50 вагонға бірдей дайын өнімді тиеп, сол комбинат ішіндегі станциядан, Қытайдың шекаралық станциясына дейін ешқандай өзгерусіз, сұрыптаусыз аз уақыт ішінде жеткізіледі. Бір жүк жөнелтуші, бір жүк түрі, бір қабылдау станциясы, бір экземплярдағы тасымалдау құжаттары! Бұл жұмысты эжептауір жеңілдетеді де, бірақ жеңілдету жұмыс сапасын тек қана арттырады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!