Қаржы | Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Қаржы | Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.

Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс - әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарту;
- клиенттер мен банк – корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шартарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).


2. Қазақстанның банктік қызметтер нарығының жағдайын талдау.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі ТМД елдерінің арасында жетілген жүйелердің бірі болып табылады. Жалпы банк активтері республиканың ЖІӨ-нің 40 % құрайды. Банк жүйесінде консалидация үрдістері жалғасуда. Бұлар ұлттық валютаның нығаюы мен сыртқы және ішкі инвесторлардың сенімділігінің өсуі сияқты жағымды макроэкономикалық тенденцияларда көрініс тапты. Барлық позитивті өзгерулердің нәтижесі болып 2002 жылдың соңында Қазақстан алған инвестициялық рейтинг саналады.
Қазақстан Республикасының банктік секторы өзінің құрамы, меншік түрлері, қызметтердің деңгейі, экономиканың нақты секторын қаржыландыру мүмкіндіктері бойынша біркелкі емес. 1 сәуір 2006 жылдың жағдайы бойынша республикада 35 банк қызмет атқарған. Барлық банк жүйесі жеке меншікте деуге болады, сонымен қатар 15 банкте шетел үлестері бар, олардың ішінде 9 еншілес банктер – Қазақстанның резидент емес банктері, шетел банктерінің 19 өкілдіктері қызмет етеді.
Қызмет етуші банктерді 5 топқа бөлуге болады. Олар бір–бірінен өздерінің пайда болу тарихымен, атқаратын қызметтерімен, клиенттер базасымен, активтер мен пассивтер көлемі мен құрылымымен және басқа параметрлерімен ерекшеленеді. Банк қызметінің ерекшеліктері ішкі және сыртқы ресурстарға жету деңгейімен, активтерді орналастырудың жоғары табысты нишаларына жету мүмкіндігімен және мемлекеттік құрылымдармен орнатылатын өзара байланыстармен анықталады.
Бірінші топ – бұл активтер көлемі мен нарықтағы рөлі бойынша мемлекеттің ірі банктері (Казкоммерцбанкі, Тұран Әлем Банкі, Халық Банкі). Осы банктерде халық салымдарының 70 %, банк жүйесі активтерінің 62 %, жалпы ссудалық портфельдің 63 %, меншік капиталы көлемінің жартысынан көбі шоғырланған. Бұл банктер шетелдік несие жолдарының, үкімет пен жергілікті білім беру бағытындағы қаржыландырудың әртүрлі бағдарламаларының ірі операторлары болып табылады. Осы көрсетілген үш банкке берілген несиелердің 80 % және ағымдық қарыздардың 70 % келеді.
Екінші топты үштік банк – көшбасшылардан кейінгі позицияны алатын орташа банктер құрайды. Барлық 11 жетекші банктер (бірінші үштікті қоса алғанда) банк жүйесі активтерінің 87,7 % бақылайды және коммерциялық банктерде орналасқан жеке тұлғалардың депозиттері мен есеп – шоттардағы ақша құралдарының 92 % ұстаушысы болып табылады. Олар барлық банк жүйесіндегі несиелердің 90 % берген. Осы топтың өзіндік ерекшеліктері болып олардың қаржы - өнеркәсіптік топтардың жанында қалыптасуы, кассалық есептесу мен несиелік қызмет көрсету саналады. Осы банктердің клиенттері болып көбінесе шағын және орта бизнес кәсіпорындары саналады.
Бұл топтың кейбір банктері белгілі бір ірі өндірістік желілерді, атап айтқанда, түсті және қара металдарды өндіру мен өңдеуді (Еуразиялық банкі, Алаш банкі), теміржолды (Темірбанк) бақылау қағидасы бойынша өнеркәсіптік топтардың қаржы орталықтары ретінде қызмет атқарады.
Үшінші топты аймақтық банктер құрайды. 35 қызмет көрсетуші банктердің ішінде оған республиканың 6 облысында орналасқан 6 банктер жатады: Цеснабанк, Нефтебанк, Нұрбанк, Данабанк, Заманбанк және Қазақстанның индустриалды банкі. Айта кететін жайт, 1999 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 27 аймақтық банктер бар болатын. Олар барлық облыстарда ұсынылған еді. Аймақтық банктер жергілікті билік органдары жағынан болатын қолдау және тығыз байланыспен сипатталады.
Бұл банктер үшін аймақтық өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, шағын және орта кәсіпорындарға, ірі банктерді қызықтырмайтын инфрақұрылымдық объектілерге салымдар салу үшін қаржыландыру бағдарламасының жолдары бойынша жергілікті ресурстарды пайдалану тән.
Төртінші топты шетелдік үлесі бар банктер құрайды. Олар: ABN AMRO BANK, Ситибанк, HSBC Қазақстан, «Альфабанк», «TexaKaBank», Лариба банк және тағы басқалар. Барлығы 13 банк.
Банктік құрылымның бесінші тобына Қазақстанның даму Банкі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жатқызуға болады. Олардың қызметі болып өнеркәсіпті, ауыл шаруашылықты, халықты несиелік қолдау бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу және бөлек әлеуметтік – экономикалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру саналады.
Мемлекет тұрақты ұлттық банк жүйесін құру мақсатында жеке коммерциялық банктерді қолдау және ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешуге көмектесетін банктік ұйымдарды құру мен қолдауға бағытталған саясатты жүргізеді. Бұлар мемлекеттік инвестициялық саясаттың құралы ретінде қызмет атқарады. Олардың негізгі міндеті – мемлекет пен экономика арасында делдалдар рөлін атқару. Республикада мемлекеттік даму институттарының арасында бірінші болып – Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) 1 сәуір 2001 жылы құрылды. Ол 2015 жылға дейін арналған республиканың индустриалды – инновациялық даму стратегиясын іске асыруда белсенді қатысады және шикізаттық емес секторда орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды таңдау мен несиелеуді жүргізеді.
Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері болып қарыздық құралдар, ішкі және сыртқы нарықтарда тартылған ссудалық капитал, сонымен бірге республикалық және жергілікті бюджеттерден алынған бюджеттік несиелер саналады.
Қазақстан Даму Банкі құрылғаннан бері 1 қыркүйек 2006 жылдағы жағдай бойынша жалпы соммасы 793 млн. АҚШ долларын құрайтын 49 инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды қаржыландыру жасалды. Осыларда банк үлесі 405 млн. АҚШ долларын құрады.
Жобалар бойынша орташа мерзім тоғыз жарым жылды құрайды, берілген несиелердің орташа пайыздық мөлшерлемесі 9,71 % тең болды.
Қазіргі кезде 24 банктерде өздерінің филиалдары бар. Кассалық есептесу желісі 21 банктерде бар.
Отандық банк жүйесінің маңызды ерекшелігі болып Алматы қаласында ақша ресурстарының орталықтандырылуы саналады. Бұл қаланың қаржылық және іскерлік орталық ретіндегі объективті рөлімен, сондай-ақ ірі компаниялардың бас офистерінің, шетел фирмаларының өкілдіктері мен филиалдарының шоғырлануымен байланысты. 1 сәуір 2006 жылға қатысты Алматы қаласында екінші деңгейлі банктермен берілген барлық несиелер көлемінің 65 % келеді.
2006 жылдың 1 сәуіріне қарай Топ-23 ТМД банктерінің ішінде Қазақстанның бес банкі тұр (кесте 1)

Кесте 1 – 2006 жылдың 1 сәуіріне қарай активтер бойынша ТМД-ның ірі коммерциялық банктері.

№ Банктер Мемлекет Активтер,
АҚШ доллары
1 Альфа-банк Ресей 7 120 465 979,0
2 МДМ-банк Ресей 6 008 710 174,8
3 Тұран Әлем Банкі Қазақстан 5 039 600 000,0
4 Казкоммерцбанк Қазақстан 4 875 577 777,0
5 Росбанк Ресей 4 762 497 902,1
6 Халықаралық Мәскеу банкі Ресей 3 551 802 552,4
7 Халық Банкі Қазақстан 3 547 933 333,0
8 ПриватБанк Украина 2 994 363 636,4
9 Халықаралық өнеркәсіптік банк Ресей 2 971 745 069,9
10 «Уралсиб» Ресей 2 928 064 440,6
11 Райффайзенбанк, Австрия Ресей 2 879 810 349,7
12 Ситибанк Ресей 2 637 819 965,0
13 Аваль Украина 2 388 545 454,5
14 «Петрокоммерц» Ресей 1 924 220 874,1
15 Номос-банк Ресей 1 893 107 867,1
16 Промсвязьбанк Ресей 1 887 611 573,4
17 «Зенит» Банкі Ресей 1 724 995 594,4
18 Укрсоцбанк Украина 1 627 272 727,3
19 «Русский стандарт» Ресей 1 558 447 727,3
20 «НИКойл» Ресей 1 449 524 265,7
21 Ханты-Мансийск банкі Ресей 1 466 350 909,1
22 Центр Кредит Банкі Қазақстан 1 449 229 659,0
23 АТФ Банкі Қазақстан 1 420 570 370,0
Қазіргі уақытта Қазақстандағы қаржылық нарықта белсенді түрде жұмыс істейтін банктер болып банктердің бірінші ондығы саналады: Казкоммерцбанк, Тұран Әлем Банкі, Халық банкі, АТФ Банкі, Центр Кредит Банкі, Альянс Банкі, Нұрбанк, Еуразиялық Банкі, Каспийский Банкі, Темірбанк. Берілген банктердің активтері қарқынды өсуде, мысалы, бірінші ондық банктері бойынша активтердің орташа көрсеткіші 2003 жылдағы 75,8 млрд. теңгеден 2006 жылы 240,9 млрд.теңгеге дейін өсті. 2006 жылдың бірінші жартыжылдығына қарай Казкоммерцбанк пен Тұран Әлем Банкінің 700 млрд.теңгеден астам активтері бар болды. Ал бұлардан шамалы артта қалған Халық Банкінің активтері 480 млрд.теңгені құрады. Казкоммерцбанк, Тұран Әлем Банкі және Халық Банкі «Үлкен үштікті» құрайды. Осы банктерге АТФ Банкі мен Центр Кредит Банкін қосқанда Қазақстан банктерінің «бірінші бестігі» қалыптасады. Неғұрлым тез дамып келе жатқан банк болып Альянс Банк саналады.
Екінші деңгейлі банктердің меншік капиталының өсуі жалғасуда. Егер 2004 жылы бірінші ондық банктерінің меншік капиталының орташа мәні 9,2 млрд.теңгеге тең болса, ал 2006 жылы бұл көрсеткіш 22 млрд.теңгеден астам сомманы құрады. 2006 жылдың 1 тамызына қарай Казкоммерцбанктің меншік капиталы 74,6 млрд. теңгені құрады, Тұран Әлем Банкінің - 68,5 млрд.теңгені, Халық Банкінің - 42 млрд. астам теңгені, АТФ Банкінің - 25,5 млрд. теңгені, Центр Кредит Банкінің – 18,7 млрд. теңгені құрады (кесте 2).









Кесте 2 – 2006 жылдың 1 тамызына қарай меншік капиталы бойынша Қазақстанның ірі коммерциялық банктері.

№ Банктер Меншік капиталы, млрд.теңге
1 Казкоммерцбанк 74,6
2 Тұран Әлем Банкі 68,5
3 Халық Банкі 42
4 АТФ Банкі 25,5
5 Центр Кредит Банкі 18,7

2006 жылы активтердің ЖІӨ көлеміне қатынасы 30 % құрады. 2004-2005 жылдар бойынша коммерциялық банктердің активтерінің орташа жылдық өсу қарқыны – 40 % құрады. Банктік сектордың активтеріндегі «үлкен үштіктің» (Казкоммерцбанк, Тұран Әлем Банкі және Халық Банкі) үлесі 66-68 % құрады.
2003 жылы жиынтық несиелік портфельдің көлемі 1,5 есеге өсіп, 6,5 млрд. АҚШ доллардан асты. 2004 - 2005 жылдары несиелердің жоғары өсу қарқыны сақталып, жылына 35 - 45 % құрады. 2006 жылы жылдық өсім қарқыны 30 % құрады. Осының салдарынан «үлкен үштіктің» үлесі банктік сектордың несие портфелінің жалпы көлемінің 65 – 67 % құрады, ал қазақстандық банктердің жалпы капиталында 61 – 63 % құрады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда жүргізілген республиканың барлық банктік секторының жағдайы мен даму перспективаларын талдау мемлекет индустриалды – инновациялық даму міндеттерін іске асыру үшін, бірінші кезекте, қазақстандық банктердің бірінші ондығының мүмкіндіктеріне сүйеніп және пайдалану керек екенін, ал салалар мен территорияларды дамыту бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бірінші бестіктің мүмкіндіктерін қолдану керек екендігін көрсетті. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!