» » » Реферат: Тарих | Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліс

Реферат: Тарих | Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліс

Реферат: Тарих | Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліс казакша Реферат: Тарих | Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліс на казахском языке
Кіріспе......................................................................................................................3
1 тарау
1.1. «Шошақ найзалы - Жанқожа»........................................................................4
1.2. Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліске қатысуы...................................................................................................................9
II тарау
2.1. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы..................................15
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................19
Сілтемелер тізімі....................................................................................................20
Ұсыныстар


2.1. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихы маңызы.
Сонымен, көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді.
Көтерліс Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптеуге сүйену көтерілісінің жеңілуіне әкелді. Бұдан басқа бай феодалдардың сатқындығын да өз әсерін тигізді.
Көтерілісті басуға қазақтың сатқын феодалдық аристократиясы қатысты.
Көтерілісті басуға кейбір қазақ феодалдары: билер, сұлтандар да қатысты. Мәселен, Фитингоф отрядының құрамында бірнеше жүз одан жасағымен Ермұхамед (Елекей) Қасымов болды. Ол көтерілісті басуға мейлінше белсене қатысты. Қасымов жалғыз емес еді. Көтеріліс басылғаннан кейін 1857 ж ерлік көрсеткен қазақ старшындары наградаларға ұсынылды. Би Сейіл Байқадомов жазалау экспедициясында жігерлік көрсеткіші үшін алғыс алды және Анна ленталы күміс медальмен марапаттауға ұсынылды. Ұлбөбек Тайманов би күміс жүзікпен марапатталды және т.б.
Жоғарыда аталған қазақ старшындарының қандай жағымсыз рол атқарғанын түсіну қиын емес. Олар Сырдарияның төменгі ағысындағы жер жағдайын және көтерілісшілердің мінез-құлқын жақсы білетін. Патша шенеуліктері үшін мұндай көмек баға жетпес болатын.
Иә, Жанқожа Нұрмұхамедұлы 1856-1857 жылдары болған қазақтарының көтерілісінің тарихи маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық –азаттық қозғалыс еді. Оған Арал өңіріндегі әр түрлі руларға жататын қазақтардың едәуір бөлігі қатысты. Көтерілісшілер арасындағы кішкене шекті руларына жататын қазақтар басым болды. Көтерілісті прогресшіл деп санау ләзім, өйткені ол отаршылдық езгіге қарсы бағытталды14.
Көтерілістің тарихи маңыздылығына көтерілістің басында кім тұрғандығы өте маңызды. Көтерілісті басқарған –тарихи тұлға -өзі маңызды Жанқожа Нұрмұхамедов (1780-1860)Арал өңіріндегі қазақтардың Хиуа және Ресей отаршылдығына қарсы азаттық күресін басқарды.
Ол бүкіл өмірін Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнаған аса ірі ұлтжанды азамат тарихының өткен парақтарындағы отаршыл Ресей саяясатына қатысты дүрбелең кезеңде ел бостандығы үшін жанын қия күресіп, сол жолда өмірден озған халық батырлары жөнінде Ғ.Ахмедовтың мырна пікірі құптарлық: «Осы ретте Қайыпқали сұлтанның, Сырымның, Исатай, Махамбеттің, Жоламан, Есет, Бекеттің қозғалыстарының бәрінің сабағы бір, патшаның зорлығына қарсы, елдің тәуелсіздігі үшін бір-біріне жалғасқан ұлт-азаттық қозғалыс деп қарау керек15».

Қорытынды
Қорыта келгенде, «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын», -деп ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби тегін айтпаған секілді. «Халықтың басына түскен тауқымет қабырғасын қайыстырып, сол жолда басырн бәске тігіп, қасықтай қанын аямай, шыбын жанын шүберекке түйген әр тұлғаның тағдырын танытатын да, ұрпаққа өнге етіп, алдына тартатында - тарих» екені даусыз.
Әр ұрпақ тарихты қайта жазып шығады, бәлкім солай шығар.
Егеменді ел болғанымызға 15 жыл ішінде еліміздің шегарасы көршілес елдермен айқындалып, екі жақты заңды келісімдермен бекітілді. Әсіресе, Қытайман, Ресеймен шегараны екі жақты мойындату елбасымыздың талай ғасырлар армандаған үлкен жетістік. Оңтүстік жақтағы т.б. мемлекеттермен ара жігіміз айқындалуы, оны заңды құжаттармен келістіру де маңызды іс болды.
Өткен тарихқа көз жіберсек, ой елегінен өткізіп сараласақ, Жанқожа Нұрмұхамедов және сол сияқты батырлардың елін, жерін қорғаудағы ересек ерлігіне таңқалып, олардың аруағына еріксіз бас иесіз. Жан-жақты анталаған жау, қалмақ, Ресей отаршылары, Қытай басқыншыларын, Қоқан, Хиуа әскерлері біздің қазаққа не көрсетпеді?! Жанқожаның халық алдындағы қызметін қазақ халқының көрнекті ұлдарының бірі, темір жол инженері, әрі тарихшы Мұхамеджан Тынышбаев: «Барлық үш орданың ең бір атақты батыры және биі, қазақтың бостандығы үшін күрескен Жанқожа батыр (әлім, шекті) орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да, хандарды да мойындаған емес»-деп әділ бағалады.
Қазақ не көрмеді? Сулы, нулы жерінен қуылып тасталды. Тіпті Қоқан, Хиуа базарында жас жігіттре, қыздар бұғауланып, құлдыққа сатылғаны қаншама?! Малының талан –таражға түскенін айтсаңшы
Осы қорлыққа шыдамай зеңбірек оғы мен винтовка шоғына шоқпар, найзамен қарсы тұрған қазақ батырларының жанқиярлығына баяндауға сөз жетпес.
Біздер, Егеменді, Азат Қазақстанның жастарын, қазақ азаматы өткен тарихымызды тек біліп қана қоймай оны жанымызбен ұғына білуіміз керек. Ұлт-азаттық жолында жанын пида еткен ата –бабаларымыздың аңсаған арманын тәуелсіз елімізде нығайта жүзеге асыруымыз -міндет. Оны тек сөз жүзінде ғана емес, ғылымды меңгерумен еңбек ету жолдары күтіп тұр. Білімсіз бақыт жоқ. Еңбексіз табыс жоқ. Өсіп өркендеу жоқ. Қазір тәуелсіздік арқасында елімізге бақыт қонды. Бақытты жалғастыру өз қолымызда тарихтан белгілі болғанындай біздің халық –қазақ халқы дарынды халық.

Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ ШИ
441 –24 тобының студенті Байымбетова
Жансаяның Қазақстанның жаңа заман
тарихы пәні бойынша жазылған
«Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс»
тақырыбындағы курстық жұмысына


П І К І Р

441-24 тобының студенті Байымбетова Жансаяның курстық жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында «Ж.Нұрмұхаммедұлы бастаған Сыр қазақтарының көтерілісіне» тоқталып, көтерілістің басталуына, себептеріне, нәтижесіне сипаттама берген.
Курстық жұмыс жазуда жаңадан жарыққа шығып жатқан кітаптар мен оқу құралдарынан, мерзімді басылымдарынан мәлімет алған.
Жалпы курстық жұмыстың қамтыған мәселелері мен пайдаланылған әдебиеттеріне қарап, жұмыс қорғауға жіберілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Оқулықтар
1. Қазақстан тарихы. «Атамұра» баспасы. Алматы, 2002 ж 3 том.
2. Қазақ ССР тарихы. «Ғылым» баспасы. Алматы, 1982 ж 3том
3. Қазақстан тарихының очерктері. С.Асфендияров. Алматы, «Санат» 1994ж
4. Қазақтың көне тарихы Алматы, «Жалын» 1993 ж
5. Ч.Мусин. «Қазақстан тарихы» Алматы, 2005 ж
6. К.Рысбайұлы. «Қазақстан Республикасының тарихы». Алматы, 1999 ж
7. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2001 ж
8. Аничков И.В. «Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы». Алматы «Терме» бірлестігі, 1991 ж
9. Оспанов Ә. «Жанқожа батыр –аңыз бен ақиқат, , 1 кіт.. Алматы, 1992 ж

Мерзімді басылымдар
10. // Г.Оралова «Жанқожа батыр дастаны». «Ақиқат», 10, 2004 ж
11. // Кішібай М. «Жанқожа –халық батыры». «Шапағат -Нұр», №11, 2005 ж
12. // Ахметов Ө, Қаназов М. «Жанқожа». «Егемен Қазақстан», 1992 ж 9-мамыр.
13. // Оразалыұлы С. «Алмас қылыш» «Оңтүстік Қазақстан», 1999 ж 17-наурыз.
14. // Ғ.Ахмедов «Көркемдік шындық пен тарихи тұлға» «Жұлдыз», № 7, 1990 ж
15. // Б. Жүсіпов «Ақ туы төбесінде төңкерілген» [Ж.Нұрмұхаммедұлының батырлығы туралы] «Қазақ әдебиеті», 2006 ж 1 –қыркүйек.
16. // Ө.Ахмедов, М.Қанозов. «Халқының қорғаны еді» «Ақ Орда», № 2, 1993 ж.

Сілтемелер тізімі.
1. Қ. Мұхамбетқалиұлы «Азаттық туын алғаш көтерген» // «Саясат - POLICУ» - №2, 2003 ж, 44 бет
2. Кішібай М. «Жанқожа –халық батыры» // «Шапағат -нұр» -№11, 2005 ж, 14-15 бет.
3. Г.Оралова «Жанқожа батыр» дастаны. // «Ақиқат»-№10, 2004ж, 87 бет
4. Аничков И.В. «Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» // Алматы «Терме» бірлестігі, 1991ж, 31 бет
5. Кішібай М. «Жанқожа –халық батыры» // «Шапағат -нұр»- №11, 2005ж, 16-бет
6. Қазақстан тарихының очерктері. // С.Асфендияров. Алматы, «Санат», 1994ж, 233 бет
7. Ч. Мусин. «Қазақстан тарихы». // Алматы, 2005ж, 22 –бет
8. Қазақстан тарихы, 3-том //Алматы, «Атамұра» баспасы, 2002 ж, 288 бет
9. Ә. Оспанов «Жанқожа батыр-аңыз ақиқат» // 1 кіт. Алматы, 1992ж, 234 бет
10. ЦГА РК,Ф. 1439, ОП. 1,д. 56, л37
11. Аничков И.В. «Қазақ батыры Ж. Нұрмұхаммедұлы» // Алмачты, «Терме бірлестігі», 1991ж, 24 бет
12. Ахмедов Ө, Қаназов М. «Халқының қорғаны еді» //»Ақ Орда», №2, 1993ж, 29 бет
13. Қазақ ССр тарихы, 3-том. // «Ғылым» баспасы, 1992ж, 183 бет
14. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3-том. // Алматы, 2001ж, 538-539 беттер
15. Ахмедов Ғ. «Көркемдік шындық пен тарихи тұлға» // «Жұлдыз», №7, 1990ж, 171бет.

Кіріспе
Жұмыстың тақырыбы.
Жанқода Мұхаммедов бастаған көтеріліс.

Жұмыстың өзектілігі
Қазіргі таңдағы тарихи ғылымның мақсатына орай ұлт-азаттық көтерілістер мәселелері Қазақтардың Ресей бодандығына кіру проблемаларын шешу барысында жаңа методолиялық негіздер бойынша өз зерттеулерін талап етіп отыр.
Ресей империясының Арал өңірін отарлауы жергілікті халыққа көрсеткен озбырлығы шектен шықты. Бұндай озбырлыққа төзбеген тең даладағы қазақ халқы патша отаршылдығына қарсы күресін туғызды. Күресті қазақтың Сыр өңіріндегі белді батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастады. Бұл отырықшылыққа қарсы болған қазақ халқының ұлт-азаттық күрес қазақ халқының тарихындағы өзекті оқиғалардың бірі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Тарих ғылымының талабына, жаңа методологиялық негізіне қарай Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған Сыр қазақтарының көтерілісін зерттеп көрсету.
Ж.Нұрмұхаммедұлы бастаған Сыр қазақтарының көтерілісінің себептерін, кезеңдерін, ошақтарын, қозғаушы күштерін және көтерілістің нәтижесін айқындау. Сонымен қатар, отаршылдыққа қарсы күресті әділ бағалау. ....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 22 | 5.04.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліс туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліс, реферат Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліс туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы тарих жоспарымен казакша реферат жоспар Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған, Реферат: Тарих | Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліс реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы