» » » Реферат: Педагогика | Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы

Реферат: Педагогика | Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы

Реферат: Педагогика | Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы казакша Реферат: Педагогика | Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы на казахском языке
1.Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері
В. А Сухомлинский оқушылардың ата-алаларымен жұмыс істеудің мадызына ерекше назар аударып "Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріпіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін", - дейді. Олай болса, отбасы мектепден бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикадық әрекетте мектетің жалпы міндетгерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие просысынің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясын көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзкарас, СОНЫМЕН қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектегі басқару ісі біртіндеп демократиялыық бағытты ұстануда. Яғни педатогикалық әрекетгегі үшбұрыш — оқушы - ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиалық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшішк-басқару жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінде мектепің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар легториясы мен университтетіері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді "шешуде мұғалімдер оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.
Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтастық жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылыкды ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастқты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір—біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.
Дегеныен, мкктеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де атааналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?
- баланың өмірін ұйымдасыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында,
- балалың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенін бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
- баланың әлеуметтік-дедактикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;
- баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда; балаға мектеп пен мектеіпен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;
- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы тануын білуі үшін;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әр түрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер еіуде күш-жігерді бірігтіру үшін;
- сынын жетекішсі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсінігі пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.
Осынан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.
Ата-аналарнен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері
1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін отбасының жеке басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2.Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
3.Аға -аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жағдай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз бетіерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру универсиіетгерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыии-практикалық, конференцияларда, ана-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.



Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.
1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогакалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сынып сабақ беретін пән мұғалімдерін мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-анатарды таныстырады.
2. Ата-анатрмен педатогогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жіекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологяялық бімімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүкіейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.
Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық, ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсаруды көздейді.
Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды: балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданылады:
- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жарық саяхат, кеш, спорпық жарыстар, т.с.с);
- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (иектеп білдірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);
- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардын ашық есік күніне т.б.;
- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
- өздерінің мамандықтарына сай факультативік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- балалардың аула клубтарын құруға;
- мектешін; және сынып кенестерінің жарыстарына;
- мектешін; немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.
4.Отбасы тәрбиесіне хатысты тая-аналарын иедеясын-қалыптастыру кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиелік қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата- аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, шыншылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың көшпетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағьпта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұймыдасгыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларынын сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спортгық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүшсіндшнше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағьттағы жұмысына жатады.
Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәседелерді ортақ таса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар көшітеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.)
2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін
жұмысының формалары мен әдістері
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және білімдерін ұдайы көтеріп отыруы қажепілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағатын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде "ата-аналарды тәрбиелеу" деген ұғым пайда болуда. Ондағы көздеген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогакалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуында, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүршілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында, айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-ашларға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі қоғамның дамуы осы бағьпта жана талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бар тәрбиесінде, бірішіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінід тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 38 | 30.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы, реферат Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы на казахском языке ск, Реферат: Педагогика | Ата аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс әрекетін ұйымдастыру технологиясы реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы