Экономика | ХІХ ғасырдағы Францияның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы

Экономика | ХІХ ғасырдағы Францияның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы

ХІХ ғасырдағы Францияның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы.

XVIII ғасырдың соңындағы шексіз монархиялық билік бір кезде біртұтас ұлыттық мемлекет құруда үдемелі рөл атқарса, енді кертартпа күшке айналып, ақсүйектер мен дін қызметшілерінің мүддесін қорғауы капитализмнің дамуын тежеді. Ел ішіндегі сауда саласының кеңеюіне табиғи шаруалар қожалығының кедергі болуы феодалдық қатынастарды жоюды қажет етті. Бұған шаруалар да, буржуазия да мүдделі еді. Өнеркәсіп пен сауданың еркін дамуын цехтың ұйымдастырылуы тежеді. Буржуазия цехтық құрылысты жоюға мүдделі болды және саудадағы, банк ісіндегі, несиелік, құқықтық, кедендік жүйедегі салықты жою үшін күресті.
XVIII ғасырдың 80- жылдары феодалдық абсолюттік билік дағдарысы асқына түсті. Ғасырдың орта тұсында орын, алған экономикалық өрлеу тоқталды, елдің шаруашылығы нашарлап кетті. 1787 -1789 жылдары өндірісттік – сауда дағдарысы тереңдеді. Қалалар мен ауылдарда ашығушылар саны көбейіп, төменгі әлеуметтік топта кедейшілік кең етек алды. Мұның бәрі олардың күшті қарсылығын тудырды.Осы кезде жоғарыдағылардың да дағдарысы басталғанеді.Монархия күйреу алдында тұрды.1614 жылданбері францияда бас штаттар,яғни феодалдық –сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі шақырлмаған еді.Дворяндар бас штаттарды шақыруды талап етті.Халық қолдауын сезінген депутатар өкіметке қарсышығуға бел байлады.олар мемлекеттің таптық принципін әшкерлеп,17маусымда өздерін ұлттық жиналыс деп жариялады. 20маусымда дөңгелек залға жиналған ұлттық жиналыс депутатары,конситутцияның негізгі ережелері дайын болмайынша,залдан шықпайтындарына ант берді.1789жылдың 9-шілдесінде жиналыс мүшелері өздерін ұлттық құрылтай жиналыс деп жариялады.Король XVI людовик пен сарай маңындағылар толғағыжеткен төңкерісті қарулы күш көмегі мен басуға шешім қабылдады.
Революцияның басталуы.1789 жылдың 12 маусымында,Париж қаласында қаржы министрі Н.А.Неккер өз еркімен қызметтен кетті деген хабар тарап,әскер ішінде толқулар басталды.13 шілдеде парижде көтеріліс бұрқете қалды.Ертеңінде таңертеңгілік париж көтерілісшілердің қолында болды.көтерішілердің соңғы қимылы бастилияны алумен аяақталды.Бұл француз революциасының басталғанаын білдірді және бұл оның алғашқы жеңісі болды.
1789 жылғы революцияның басты саяси жетістігі буржуазия мен халықтың одақтасығы арқасында абсолютік билікті құлату болды. Басты саяси басқарушы мекеме болып құрылтай жиналысы танылды, оған мүше болғандар негізінен буржуалар еді. Жергілікті билік буржуазияның қолына көшті осылайша францияда аса маңызды тарихи оқиға мемлекетік биліктің буржуазияның өтуі биліке асты.
1789 ж тамызында өткен құрылтай жиналсы екі маңызды құжат қабылдады. 4-11 тамыздағы декрет бойынша феодалдық «жеке» борыштар мен шіркеу ондығы жойылды. Бірақ негізгі жер мен байланысты мінтеттер сақталынып қалды. Жер сенорлардың жеке меншігі болып табылып оларды тек қана сатып алуға жол ашылды.
26 тамызда жиналыс « адам және азамат құқықтарының» деклкрациясын қабылдады. Деклкрацияның 17 бабында революциялық принцп ретінеде ағрту идалдарры халық егемендігі принцп і әрбір адамның заңының алдында теңдігі сөз және баспасөз ар ождан бостандығы жөнінде жазылды.Өз позициясын нығайту мақсатында жиналыс буржуазиалық өкметі қалыптасытыруға белсенді түрде келіседі. Азаматық теңдік принціпін ұстай отырып жиналыс таптық жеңілдіктер және дворияндық титулдар мен гербтерді, сондай ақ дворяндық мұрагерлікті құртты. Өздерінің кәсіпкерлік еркін қызметін бекітіп, олао мемлекеттік шектеуді және цехтік жүені жойды.
1789 жылдың құрылтай жиналысы шіркеу қызметкерлері мүлкін қайта қайтару туралы декрет қабылдады. Билік басында тұрған орташа монархияшыл конститтшылар көпшілік бұқараны наразылығын туғызды. Қоғамдық саяси күресте саяси клубтардың маңызы өте зор болды.1789 жылы ұйымдасытырылға якопшілер клубы аулие Якоб жиналатындарды осылай атады. Францияның саяси өмірінде үлкен рөл атқарады. Саяси дағдарыс барысында революциялық топтардың жіктелуі өте айқын байқалады 1791 жылы 21 маусым түні кароль отбасымен парижді тастап шықты. Варенн қаласында бет алған жолда оларды қарулы ұлттық жасақшылар танып, парижге қайтарды. 1791 жылы құрылтай жиналысы францияда буржуазиялық конститутциялық монорхияны бекіткен концтитутцияны дайындауды аяқтады. Заң шығарушы билік зац шығарушы мәжіліске атқарушы билік мұрагерлік манархқа және ол тағаиындалған министірлерге негізделеді. Сөйтіп құрылтай жиналысы ірі буржуазияның әлуметтік және саяси билігін заңды түрде бекітті.
Монархиның құлауы Бұрыны билеші топтың көпшілігі дворияндар революциямен бітіспес күрес бастады. Варенн дағдарысынан кейін имиграция яғни басқа елдерге қоныс аудару үрдісі ұлғайды Француз революциясы басқа Еуропалық мемлекеттердің феодалдық күшке қарсы күресіне жол салып берді Австирия мен Пруцияда ортақ мүденің яғни революцияға деген өшпенділік пайда болуы олардың арасындағы қайшылдықты жеңе алды. 1792 жылы Пруция мен Австрия Францияға қарсы әскери одақ құрды. Бұл Еуропалық мемлекеттердің француздарға қарсы құрылғани алғашқы куалициясы еді.
1792 жылы 20 сәуір күні франция австрияға соғыс жариялады. Соғыс барысы Франция үшін сәтсіз болып, Францияға нақты қауіп төнді. Революциялық көңіл күйде хылық көтерілді . 1791 жылы монорхиялық концтитутцияны негізге алған бүкіл мемлекетік саяси жүйе құлау алдында тұрды.
Саяси дағдарысты күшие түсуіне орай бір елдегі демократиялық қозғалыстар королді құлатуды және монорхияны жойуды талап етті. 10 тамыз түні парижде көтеріліс басталды, көтерілісшілер королдің Тюильери сарайын басып алды.1792 жылы 10 тамыздағы көтеріліс революцияны жаңа деңгейге көтеріп, «ескі тәртіп» қалдықтары демократиялық жолмен жойылды. Көтеріліс барысында манархия іс жүзінде құлады.жиналыс xvi людовикті тақтан тсірді.Қайта қалпына келтірген коалиция әскері шабуылға шықты.20қыркүйекте коллермен мен дюмурье қолбасшылық еткен револютциялық армия пруссиялықтардың шабуылын тойтарып,вальми жерінде оларды франция шекарасынан кейін шегінуге мәжбүретті.
Республиканы жариялау.1792 ж.20 құркүйекте ұлттық конвент өз жұмысын бастады.21 құркүйекте королдік билікті жою туралы декрет қабылданды.Ал 22 қыркүйекте франция республика болып жарияланды.конвенттің жоғарғы орындағы 113 депутаты сол жақ қанатты құрады,оларды таулар немесе монтаньярлар (франц.montagne-тау) деп атады.Олардың белгілі жетекшілері:Робеспьер,Марат,Дантон болды. Конвенттің оңжақ қанатын 136 депутат құрады, оларды жирондықтар деп атады, өйткені олар жиронда аймағнан шыққан депутаттар еді.Ал орталық бөлігін құраған 500 депутат ешқандай топта болмағандықтан, олар конвенттің батпағы немесе тегістігі деп аталады.
Конвент сотына берілген xvi людовикке ұлт еркіндігіне және мемлеккетік қауыпсыздікке опасыздықжасады деген кінә тағылып,өлім жазасына кесіледі.1793ж.21 қаңтарында оныңбасы алынды.
1792-1793ж.қысында қалалық және ауылдық бұқара ревалютцияны әрі қарай жалғастыруды батылталап етті.Күн тәртібінде азық-түлік мәселесі өзекті болды.Халықтың экономикалық жағдайы күрт нашарлап кетті.Бірінші кезектегі азық-түлікке тұрақты баға қою қажеттілігі туды.
Кордельлер саяси клубы секциясында қала кедейіненшыққан революционер кюре жак ру,пошта қызметкері жан варле және олардың ізбасарлары бағаның жоғарғы деңгейін нақтылауды талап етіп,үгіт-насихат жүргізді.
1793ж.көктемінде ревалютция жаңа дағдарыс кезеңіне аяақ басты.Ауылшаруалары буржу азияаның ауылға қатысты әділетсіз саяасатына өздерінің наразылығынбілдірді.бұл кезде әскер жағдайы да күрт нашарлап кеткен болатын.Республикаға төнген жаңа қатер бүкіл халықтың күшін топтастыруды қажететі.бірақ бұған жирондықтар қарсы шықты.жирондықтардың саяасаты ревалютция жеңісіне қауып туғызды.
Я кобшілдер,секцияларың көпшілігі,комуна мүшелері,кордельер клубы,құтырғандар бірауыздан жирондықтарды жоюкерек деген пікірде болды.жирондықтарға қарсы көтерілісті ұйымдастыруды астаналық нағыз ревалютциялық болімдер басқаруға кірісті.
10тамыздағы ревалютциялық тәжіриебеге сүйеніп,олар көтеріліс комиттетін құрып,1793ж.31 мамырда қарулы күштің көмегімен жеңіске жетті.
Яакобшілдер диктатурасы.Жирондықтар құлағанан кейін саяаси билікке якобшілдер келді.ревалютция жаңа күштерді жинай бастады.Елдерде ревалюциялық диктатура өкіметі құрылды.ол буржу азиялық-демократиялық ревалютцияның жетістіктерін нығайтуда батыл шаралар қабылдады.
Монтаньялар аграрлық мәселелерді шешу арқылы якобшіл Конвенттің халық бұқарасымен байланысын нығайтуға тырысты.1793ж.3маусымында шетелге қоныс аударғандарыңиеліктерін мүмкіндігінше ұсақ бөліктермен 10жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылдайды.
10 маусыда қабылданған заң бойынша барлық қауымдастық жері қауым шаруаларының жеке меншігі деп жарияланды.шаруалар кезінде мырзалар олардан тартып алған жерлерін қайтаруды талапетті. Егер бұл шешімді тұрғындардың үштен бірі қолдаса,онда барлық қауымдастық жер әр шаруаға жеке иелікке бөлінуге тиіс.Ақыр соңында,1793ж.17 шілдесінде қабылданған декрет барлық федолдық міндеттерді толығымен жойды.
1793 жылдың 24 маусымында Конвент Францианың жаңа конституциясын қабылдады.Конституция республика үкіменттінде бір палаталы жиналыс болуын қарастырды.Сондай - ақ демократиалық құқықтар мен еркіндіктер жариаланды. Революцианың өрлеу кезінде пайда болған якобшілердің буржуазиалық- демократиалық конституциасы халықтың талаптарын қанағаттандырды.
Бірақ та шілде-тамыз айларында республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскері республикаға қарсы шықты,сөйтіп,эканомикалық жағдаи нашарлап,азық түлік дағдарысы бастаклды.
1793 жылдың шілдесінде Конвент Қоғамдық құтқару комитетін тағайындады және оның өкілдігін кеңейтті. Комитетті Ребеспьер басқарды.
5 қыркүиекте санкюлоттар (қала кедеилері) өкілдерін бастаған Шометт пен Эбер Конвентке халық талабын жеткізеді.Ал 17 қыркүйекте «сенімсіздер» жөнінде арнайы заң шығарылады,ал «сенімсіздердің» қатарына бұрынғы дворяндар жатады .
Әлеуметтік- эканомикалық салада якобшілдер диктатурасы қалың бұқараның қысымы мен бекітілген айналым саласын реттеуді жүзеге асыра бастады. 1793 ж 29 қыркүйекгіндегі жалпыға ортақ жоғары баға жөніндегі заң қабылданады.
Якобшілдер тобының реболютсиаға қарсы күштермен күресі және оларға қарсы жүргізілген зорлық-зомбылығы күнделікті іске айналып кетті.
1793 ж қыркүиегінде Жак Ру және Жан Варле абақтыға қамалып, кейін олардың жақтастары да осындай күй кешті.
Осы жылдың қазан айында Конвент жаңа республикалық күнтізбе мен жыл санауының жаңа жүйесін кіргізеді. Жаңа ғасыр республиканың бірінші күнінен, яғни 1792 ж 22 қыркүйегінде республиканы жариалаудан басталатын болды.Якобшілдер хаоықтық білім беру жүиесіне де көп көңіл бөледі.1793 ж 19 желтоқсанда Франциада тұңғыш рет жалпыға бірдей тегін білім беру туралы заң қабылданды. Мемлекеттік мекемелер политехникалық мектеп, өнер және қолөнер ән-күй консерваториясын,Луврда (бұрынғы король сарайында) мұражай ашуға байланысты, ұлттық мұражай ұйымдастыруға қатысты бірқатар шаралар өткізілді.
Якобшілдер үстемдігі республиканың қауыпсіздігін қамтамасыз етіп, елдігі барлық қарулы күштерге өзгерістер еңгізді. Ең алғаш рет Францияда қысқа мерзімде жалпыға ортақ Ұлыттық гвардия құрылды.
Якобшілдер диктатурасы 14 үлкен армия болімшесін ұйымдастырды. 1793ж күзі мен қысында барлық майданда елеулі алға жылжу байқалды.
Якобшілдердің және олармен бірікен әр түрлі қоғамдық топтардың ортақ жаулармен күрес аяқталуға таянды. Осы кезде якобшілдердің өз ішінде қайшылықтар мен алауыздық күшейе түсті. Якобшілдер партиясының негі басшылары Робеспьрдің сыбайластары болды. Олардың идеалары ұсақ және орта кәсіпкерлер еді.
1793 жылдың күзі мен қысында якобшілдердің ішінде «қайырымдылар» ағымы қалыптасып, оны Жорж Дантон басқарды. «Қайырымдылар» якобшіл диктаторлық тәртібін тез арада ауыстырып, жұмсартуға тырысты.
«Қайырымдылар» «нағыз» революционерлер қарсы шығып, максимум жөніндегі заңды қатал сақтауды теңестіруші шараларын іздеу қажет деп санады. «Нағыздар» қатарына Париждік секциялар, Коммуна жетекшілері Шометт, Эбер және басқалар жатты.
1794 жылдың көктемінде күрес өзінің сонғы шегіне жетті. Өкімет якобшілдер солшыл тобының жетекшілерін жазалауды қолға алды. Эбер және оның жақтастары сотқа беріліп, олардың бастары кесілді.
Якобшілдер блогі тарап кетті. 1794 жылдың 10 маусымында Робеспьердің жақтаушылары террорды күшейту туралы заң қабылдады. Бұл Робеспьерді және оның жақтаушыларына қарсы қастандық ұйымдастыру және Конвентті таратуға жағдай. Террорды күшейту туралы заңға қоғамдық қауіпсіздік комитетті мен Қоғамдық қорғаныс комиттетінің кейбір мүшелері қарсы шықты.
27 шілдеде ( 9термидорда) депутаттар Робеспьерді және оның жақтастарын қамауға алу туралы декретке қол қояды. 10 термидорда -28 шілдеде Робеспьер,Сен-Жюст және олардың серіктерінің бастары кесілді. Осылайша
якобшілдер диктатурасы құрылды.
Француз буржуазиалық революциасының дүние жүзілік маңызы. ғасырдағы Еуропа мен Америка елдерінде өткен буржуазиялық революциалар ішінде, ғасырдың соңында тұтанған француз революциасының айырмашылығы - әлеуметтік-саяси қақтығыстар шиеліністі өтті жәнне революция нәтижесінде елеулі әрі іргелі өзгерістер жасалды.
Революциасының басты нәтижесі – феодалды абсолюттік билікті жоюы, буржуазиалық қоғамдық құрлысты нығайтуы және Франциада капитализімнің әрі қарай дамуына жағдай туғызуы болды. Революциая феодалдық қалдықтарды жойып, елде аграрлық проблеманы шешті.Революциая нәтижесінде Франциада жерге деген екі меншік түрі пайда болды : шаруашылық меншігі және ірі жеке жер иелену.
Француз революциасының демократиалық құқықтар мен ернкіндіктер жариалауы аса зор тарихи маңызға ие болды.Тариқта тұңғыш рет азаматтар жалпыға бірдей сайлау құқығына, жиналыс құқығына, буржуазиалық-демократиалық республика құру құқығына мүмкіншілік алды.
І Наполион кезіндегі Франция
1799 жылы 9 қарашадағы мемлекетік төңкерістен кейін барлық билік 3 консулдық қолына өтті, бірақ іс жүзінде билік 1- ші консул Бонапартың қолына өтті. Напалион Банапарт бірінші концулдығы кезінде жеке өзі билік жүргізгісі келіп, өзінің билігін заңдастыруға асқты. Үш милиионға таяу француздар оны қолдап дауыс берсе, тек біржарымы ғана қарсы болды. Концтитутцсия бойынша франция республика болғанымен барлық билік бірінші концулдың қолында болды. Концтитутцияға сәйкес бірінші концул бас әскерге қолбасшы болды, заң шығаратын өкмет органдары барлық мүшелерін тағайындады. Жергілікті өзін өзі басқару жойылды. Департаментерді басқару үшін өкмет перефект – шенеуніктерін тағайындай бастады. Қала ішідегі билік халық сайламайтын, жоғарыдан тағайындалған мэрдің қолында болды. Ең күшті мекеме полиция болды. Оны бұрынғы якобшіл Жозеф Фуше басқарды.
Напалионың якопілдерден айырмашылығы шіркеудің маңызын түсініп оаны жаңа мемлекетің қызметіне бағтауға тырысты. 1801 жылы котолик шіркеуінің дінбасы рим папасмен Конкордатқа қол қойды. Рим папасы революция кезінде тәркіленген шіркеу жерін қайтару жөніндегі талабынанбас тартты және де дін қызметкерлекрі мен епископтардың қызметіне француз мемлекетердің бақылау жасаудың мойындады. 1804 жыл Рим папасы салтанаты түрде Напалионға тәжі кигізді. Католик діні француздардың көпшілігі ұстанантын дін болды. Шіркеу бірінші концулдың маңызды тірегіне айналды. Осындац шаралар арқылы Напалион революция арқылы қол жерткізген көптеген жетістіктерді жоққа шығарды.
Алайда әлуметік және экономикалық саладағы революция жетістіктері сақталып қана қоймай, одан әрі нығая түсті. 1804,1808,1811 жылдары Азаматтық , Қаржылық және Қылмыстық кодекстер шығарылып, олар «Наполион Кодекстері» деген атқа ие болды. Кодекстер азаматтар арасындағы қарымқатнасты реттеуге және жекеменшіке қол сұқпауды қадағалауды тиіс болды. Олар федалдық авсолютік заңдар мен салыстырғанда әжептеуір озық болды және Франция да еркін бәсеке мен өндіргіш күштердің дамуы үшін жағдай жасады.
Кодекстер Францияның экономикалық дамуына мүмкіншіліктер туғызды. Ауыл шаруашылығы ойдағыдай дамыды.

Наполеоның сыртқы саясаты.
Францияға қарсы жеті коалициялық одақ құрылды. Оның басында Англия, Ресей, Авсирия және Пруссия тұрды.Тек олардың ешқайсысы еркін шаруалардың құралған француз армиясына қарсы тұра алмады.
1799 жылы 18 қазанда мемлекеттік төңкеріс өткенде екінші коалиция әскерімен болып жатқан соғыс әлі аяқталмаған еді. Францияға қарсы коалицияның ішіндеде қайыршылықтар пайда болды. Ресей бұл құрамнан шықан мен. Англия мен Австрия күресті тоқтатпады. Коалицияға жаңа мемлекеттерді тарту үшін, ағылшын укмет басшысы Пиит қаржыны аямады. Солтүстік Италия Францияға қарсы әскери алаңға айналды.
Бұл жағдайдың қаупті екндігін түсінген Напалион Өз әскерімен Италияға басып кірді де, 1800 жылдың маусым айында Маренго елді мекнінің түбінде Австриялықтары толығымен жойды. 1801 жылдың 9 ақпанында Люневиль қаласында, Австрия мен Франция бітімге қол қоюға мәжбүрболды. Ол Банапартың басшылығымен Италия респупликасы деп жарияланған Солтүстік Италияны қайтарып алуынана бас тартып Бельгия мен Рийнің сол жағалауын фрацуз иелігі деп мойындады. Сондай ақ 1802 жылы Аменьде Англия Франциямен бітімге келуге мәжбүр болып Мальта мен Мысырдағы өз әскерін алып кетуге міндетті болды.
Франция 1802 жылы Пьемонтты басып алды да 1803 жылы Швецарияда өз үстемдігін орнатты.
Он жылғы соғыс барыснда Франция өз аумағын кеңйтіп Батыс Еуропадағы ірі мемлекетке айналды. Францияның табысы Напалионың есімімен байланысты болды. 1803 жылы ол өмірлік консул деп ал 1804 жылдың мамыр айында француз императаоы І Напалион деп жарияланды . француз республикасы жойылды. Франция енді империя атанғандықтан императорлық сарай пайда болды.Революция жетістіктерінің бәрі жойыла бастады. Ол дворяндықты қайта қалпына келтірді. Роялистерге кешірім жариялады. Таяуда ғана революционер болғандар, енді маркизге графтар мен герцогтарға айналды. Титул және атақтарымен қоса олар Францияда жер иеліктерінде алды.
1809 көктемінде Францияға қарсы австрия жаңа соғыс қимылдарын бастады. Англия мен Австрия Француздарға қарсы 5 ші Коалиция құрды. Франйуз әскері Австриялықтарды талқандады.1809 жылы Венада Австрия империясы өзінің аумағының бір бөлігінен айырылған бітімге қол қойды.
Франция импероторы І Напалион шексіз билікке қол жеткізді. Еуропадағы кейбір мемлекеттерді дойды және жаңадан мемлекет құрды, мемлекеттік құрлымдарды өзгертіп, шекаралады ауыстырды, сөйтіп. Еуропа картасын сан құбылтты. Ол өзі басып алған елдердегі өзі құрған республикалардыкаролдіктерге айналдырып оларға корол етіп өз тусқандарын тағайындады. Напалион билігі бүкіл Батыс және Орталық Еуропаға жайылды. Ол Оңтүстік италиядан Неман жағалауына дейінгі ондаған миллион халықтың қожайыны болды. Оның атақ дәрежесі: Франция императоры, Италия королі, Рим одағының пртекторы, Швецария медиаторы, Голандияның, Ниаполь королдігінің, Варшава герцогтігінің цюзерені, т.б. құдретті естілеттін болды.
1811 жылдың Ресейде кеден тарифінің қабылдануы салдарынан Француз өнімдерінежоғары колемде баж салықтары салынды. Бұл Француз- Орыс қатынасының нашарлауына себеп болды. Наполионың есебі бойынша егер ол ресейде жеңіске жетсе Оның ең басты жауы Англияны қиратады.
Наполион әскерінің қатарында одақтастарымен қоса 400 мыңадам болса, орыс әскерлері 200 мыңдай адам еді. 1812 жылы 24 маусымға қараған түні Наполион әскері Неман өзенінен өтеді. Барлығы наполионың жеңісіне сенімді еді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!