» » » Реферат: Педагогика | ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері

Реферат: Педагогика | ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері

Реферат: Педагогика  | ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері казакша Реферат: Педагогика  | ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері на казахском языке
Жаңа адамды,болашақ қоғам адамын рухани, интелектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе.Н. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми- теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөліп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген.
ХХІ ғасыр есігін ашты. Жас ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңа қадамдар басталды. Ұрпақ тәрбиесінде жіберілген кемшіліктер сараланды. Білім жөнінде жаңа заң қабылданды. Оқу жүйесі өзгерді. Жалпы білім беретін мектептердің басым көпшілігі тереңдетіп оқытылатын немесе орталау арнайы білім алуға даярлайтын гимназияларға, арнаулы және жеке мектептерге айналуда.
ХХІ ғасыр маманының салыстырмалы моделі мынадай болып шыққан:
- қоршаған ортаны, өмірді сақтау мақсатында оны өзгерту;
- бірнеше мүмкін шешімі болады;
- шығармашылық жаңарудың әдіснамасы мен қаруландыру;
- қызметтік іс- әрекет барысында қажетті және мүмкін ;
- ғылым мен техниканың кәсіптік қызметінің заңдылықтарын білу, олардың моральдік адамилық аспектлерін ескере отырып, тәжрибеде қолдана білу;
- ұжым мүшелерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, «адам- адам» қатнастарын тудыра білу.
Білім беруді екі жақты құбылыс: нақты іс- әрекет және нәтиже ретінде қарастырған дұрыс, яғни мәдениеттің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу үрдісі мен жеке тұлғаның мәдениеті меңгеру нәтижесі ретінде. Дамыта оқытуда оқушы оқыту объектісінен субъектіге айналуы тиіс бұл үрдістің нәтижелілігі оқытушының кәсіби және мәдени құзырлылығына, ұйымдастыра білу шеберлігіне, біліктілігіне, берілетін білім мазмұнының өзектілігіне, оқыту мақсатының оқытушы ғана емес, оқушы үшін де анық, айқын, дәл болуына байланысты.

Жаңа формация мұғалімнің портреті.

Даналық білімнен нәр алады.
Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын.
Сондықтан да жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік
Ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жолбасшы қажет.

Ғылымның ісі – Ғалымдағы заңдылықтарды ашып, оны сөз бен формулаларға айналдыру.
Әдіскердің міндеті – ғылымның ашқан жаңалығын білімге айналдырудың құралдарын табу.
Педагогтың міндеті- осы мақсатқа ғылымның да, әдіскердің де жетістіктерін кең көлемде қоса
отырып, оқушының біртұтас ойлау қабілетін қалыптастыру. Білім мен іскерліктің қосындысы-
педагогті өзгелерден ерекшелйтін қасиет міне осы.
Маслова Н.В Ноосферлік білім.
Біртұтас ойлау жөнінде білу үшін мұғалімнің оның не екендігін білуі керек және сол білімді сенімді таратушы болуы керек.
Ұстаздықтың алдына қойылғанг міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру және сол арқылы бүкіл қоғамдығы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдылық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен акмеологияның, психологиялық- педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті – білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру. Ұстаздықтың стратегиялық рөлі- адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаздық өзінің адамгершілік – этикалық парызын орындауға тиіс.
Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ ретінде орталық тұлға болып табылады.

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - бұл рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты.
(Н.Ә. Назарбаев, ҚР Президенті.)

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ шешуге тиісті МІНДЕТТЕР:
1. Жаңаша ойлауға , таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту.
2. Оқушыны есікке дейін алып келіп, қолына кілтті беріп, сол құралды қалай пайдалану керектігін үйрету. Білім дүниесіне оқушының өзінен басқа ешкімінің де кіре алмайтындығын еске сақтау.
3. Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету.
4. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету:

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ меңгеруге тиісті БІЛІМ:

1. ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу;
2. мамандық пәнін жақсы білу;
3. мұғалімнің өзінің сенетіндігін көрсететін және шығармашылық таным процесін дамытатын энергия.

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ меңгеруге тиісті ҚАСИЕТТЕР:

1. балаларды СҮЙЕ БІЛУ – гуманизм принціпінің маңызды бөлігі және мұғалімнің маңызды сапасы.
2. БАЛАНЫ, АДАМДЫ ҚҰРМЕТТЕУ - әр адамның бойынан тұлғаны көре білу – мұғалімге қажетті қасиет.
3. БАЛАҒА, АДАМҒА СЕНУ- оқу процесіндегі жетістік кепілі, гуманизмнің оптемистік бағытын көрсетеді.
4. БАЛАНЫ, АДАМДЫ БІЛУ- тұлғаның жан-дүниесін білмейінше тәрбие соқыр болады; гуманды болу- адамды тани білу деген сөз.
5. БАЛАНЫ, АДАМДЫ ТҮСІНУ – оның орнына өзіңді қоя біліп, қоршаған дүниені соның көімен көре білуің қажет.
6. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІ МЕН ТАБИҒАТЫНА ҚАМҚОРЛЫҚПЕН ҚАРАУ- әрбір тұлғаның қайталанбайтын өзіндік рухани әлемі , өмір тәжирбиесі, әдеттері мен көзқарастары болады.


7. ЖЕКЕ АБЫРОЙ СЕЗІМІН САҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ- онсыз тәрбие де, өзін-өзі тәрбиелеу де мүмкін емес.
8. оқу процесіне қатысушы ретінде БАЛАНЫҢ, АДАМНЫҢ ДОСЫНА АЙНЫЛУ, оған қолдау көрсету және көмектесу.
9. тұтастай ойлай білу. Жаңа формация мұғалімі кері проблемалар мен көңіл- күйді оңды дүниелерге айналдыра білуі керек. Ондай мұғалім іс жүзінде психолог болады.
10. педагогикалық еңбек МӘДЕНИЕТІНЕ БАҒЫТТАЛУ – мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу.
11. тұлғаның денсаулығына, психикасына, шығармашылыққа деген ұмтылысына ЗИЯН КЕЛТІРМЕУ.
12. тұлғаның дүниені тұтастай қабылдануына көмектесу.
13. екіұдай жағдайда тап болған оқушының дұрыс таңдау жасауына көмектесу.
14. білім берудің биологиялық тепе-тең әдістемелері мен технологияларымен жұмыс істеу.
ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - бұл өз дүниетанымы бойынша ашық өмір сүретін
қазіргі заманғы гуманитарлық этикалық көшбасшы. Ол өзінің әріптестерінің игілігі және моральдық тұрақтылығы үшін қам жейді. Әділетсіздікті анықтап, оны жойып отырады. Өзінің қайырымдылық пен игілік ұғымдарын барған сайын тереңдете түседі. Оның бойында көшбасшылық қасиеттер болады:
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ- ақыл мен логика, өткірлік, ерекшелік және тұжырымдылық; өз ісін білу және шешендік, әуесқойлық және танымпаздық;
МІНЕЗ –ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ- бастамашылық пен икемділік, жасампаздық және шығармашылық; адалдық, батылдық, жеке мақсаткерлік; өз-өзіне сенімділік пен сабырлық, тәуелсіздік пен еркіндік; табандылық пен төзімділік, еңбекқорлық пен жауапталық;
ІСКЕРЛІК ЖЕТІСТІКТЕРІ – өзгелерге қолдау көсете алады; икеділік пен тіл тапқыштық; тәуекелге бара алады және мойнына жауапкершілік ала алады; ұйымдастырады және иландыра алады, өзін-өзі өзгертіп, сенімді бола алады, әзілдесе алады және юморды түсінеді; адамдарды тани біледі.

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ ҰЛЫ МҰҒАЛІМ РЕТІНДЕ:
1. өзінің үздік оқушыларының ортасында жүреді: мұнда мәңгілік жарық көңілді жаз;
2. ол жымыяды – оқушылардың жан- дүниесінде шаттық пен мереке;
3. ол тұйық емес: эмоция дегеніміз ол үшін – педагогикалық құрал;
4. ол өзінің барлық іс- әрекетінде тұрақты әрі біразды; ол жоғары білімге ие және барлық істі жақсы атқарады. Ол ештеңені де ұмытпайды, шатастырмайды, еш уақытта қателеспейді;
5. ол өзі ойластырады: ерекше жағдайды, ерекше көңіл-күйді қалыптастырып, оқушыларды еңбекке жұмылдырады;
6. ол әріптестеріне қолдау көрсетеді және барлығы біртұтас ұжым құрап, бірігіп еңбектенеді, олардың пікірлерінде әр жақтылық болмайды.
Педагогтік дәреже номинацияларының сипаттамасы

1.Шебер мұғалім – педагогикалық жұмыстардың әдістемесі мен техникасын, ақпараттық және білім беру технологияларын еркін меңгереді, оқушыларды тәрбиелеуде, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, психиологиялық - педагогикалық және акмелогоиялық шығармашылықпен қолданады. Тиісті нормалар мен гуманистік шеберлік және педагогикалық этика кодекстерін сақтай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Ол психолог әрі тәрбиелі тәрбиеші.
Шебер мұғалім сыныбын мектеп және білім бөлімі бекіткен бағдарлама бойынша оқытады, сол аймақтағы білім жүйесі үшін маңызды педагогикалық ұжымда беделге ие болған мұғалімге беріледі. Шебер мұғалім баланың өзін - өзі дамыту және шығармашылық қабілетін арттыратын және басқа бағытталған акмеологиялық тәжірбиелерді сәтті жүзеге асырады; Ол өз қабілетін дамыта отырып білімді әрі тәрбиелі балалардың өсіп жетілуіне жағдай жасайды.
2.Зерттеуші мұғалім – ол шебер әрі жаңашыл маман, оның еңбегі білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа инновациялық формасымен ерекшеленеді; Ол – мастер – класс, авторлық бағдарламаларды ғылыми- әдістемелік және оқу құралдарын алға апарушы және оларды тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуші. Оның атқаратын міндеті – мәдениеттігі жеке адамды айқындау және адам бойындағы адамилықты нақтылау. Ол дарынды жеке тұлғаларды қалыптастырады; айтарлықтай терең әрі тамаша ақыл-ой иесі ретінде гумандық тұрғыдан ойлап, жеке іс-қимыл жасай алады. Ол тумысынан тәрбиелі, шындықты табиғи сезінеді. Мектепте тиімді зерттеу қызметін атқарып, мектептегі сарапшылар кеңесі немесе аймақтық білім бөлімі бекіткен өзінің жеке ғылыми бағдарламасы бойынша тәжирбиелі- сынақ жұмыстарын жүргізеді.; жаңа ақпараттық және білім технологияларын дайындауға қатысады; оқу құралдарымен ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды жасауға қатысады, оқу – бағдарламалық материалдардың диагностикалық, тестілік және бақылау пакеттерін дайындайды; өзінің ғылыми – зерттеу нәтиежелері жөнінде мектептегі педагогикалық және әдістемелік кеңестер алдында, аймақтық білім бәліміне есеп береді.
Зерттеуші мұғалім кәсіби деңгейі жоғары тұлға. Ол өзінің атқаратын қызметінің маңызын терең түсіне отырып, біліктілікпен жұмыс істейді. Зерттеуші мұғалімге тән ерекшелк парасаттылық және нәзіктілігі арттыра отырып, ақылмен еңбектану ; өзін қоршаған ортаға жаңа көзбен қарап, жаңа идеяның тамырын ашып, терең зерттей білу.
1.Маcтер –класс мұғалім – бұл өзінің авторлық сыныбы бар мұғалім. Сол сыныптың көмегімен ол иновациалар мен зерттеулердің құндылығын көрсетіп, ақпараттық және білім технологияларының, мониторинг пен үлгерім диагностикасының негізінде қол жеткен жетістіктерін өзгелермен бөліседі. Ол өзінің әріптестерін білім беру тәжірбиесіне жаңа көзбен қарауға үйретеді. Мастер –класс мұғалім мектептің ұсынысы бойынша аймақтық білім бөлімі бекіткен жеке авторлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Авторлық мастер- кластың мақсаты- авторлық класс жетекшісінің өзі мен оның оқушыларының толыққанды шеберлігі үшін жағдай жасау.
Авторлық мастер –класс дегеніміз – бұл білім беру процесіне қатысушылар үшін (мұғалімдер, оқушылар және олардың ата- аналары) педагогикалық шеберханалар. Ол көпшілік ортасына проблемалы мәселені қойып, оны шешудің жолдарын жекелей және ұжымдық тұрғыдыан қарастырады; сол арқылы ол өзінің тәжірбиесімен бөліседі, өзгелерді кез келген мәселенің шешімін жанжақты ойластыруға үйретеді. Мастер-класс мұғалім оқушыларға және өзге әріптестеріне шығармашылықтың рухын, инновациялық қызмет нәтежиесін және әрбір оқушы шығармашылығының қайталанбас салтанатын көрсетеді, жастарды қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға жетелейді; өзге мұғалімдерге өзін-өзі жетілдіруге көмектеседі. Білім беру кеңестігінде мастер-класс мұғалім оқушыларға құрмет пен сыйластықтың, адалдық пен тазалықтың негіздерін береді.
2.Көшбасшы мұғалім- бұл қазіргі заманғы гуманитарлық этикалық білікті алдыңғы қатарлы адам. Ол әріптестерінің игілігі үшін қам жейді. Әділетсіздікті әшкерлеп, жойып отырады. Көш басшы мұғалім әр дайым өзінің қайырымдылық пен игілік ұғымын тереңдетуге асығады. Ондай мұғалім өзінің оқушыларын жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Көшбасшы мұғалімнің бойында ақыл, логика, көрегенділік, шешендік, іскерлік тәрізді парасаттылық қабілеттерімен әуесқойлық, танымшылдық , бастамшылдық , икемділік, жасампаздық, шығармашылық, адалдық, батылдық, сенімділік, тәуелсіздік, төзімділік тәрізді мінез - құлық қырлары мол болады. Ол сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсетіп, танымалдылыққа қол жеткізіп, мойнына жауапкершілік алып адамдарды тани білуі керек.
Көшбасшы мұғалім – бұл идеялар генераторы, нағыз шебер; ол өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, сендіре біледі. Өз беделінің көмегісмен өзгелерге айтқанын істете біледі. Сондықтанда ондай мұғалімнің артынан өзге әріптестері ереді.
Мұғалім дегеніміз – нағыз жеке тұлға мәдениетінің үлгісі. Мәдениет дегеніміз- адам жөніндегі ақпарат жинақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қасиеттер жиынтығы. Мәдениет дегеніміз – шығармашылық, ақыл-ой , қайырымдылық, еңбексүйгіштік, гуманизм , махаббат, сенім.
Көшбасшы мұғалімнің міндеті денсаулық, рух, шындық, парасаттылық, қайырымдылық, сұлулық, сөз және гуманизм тәрізді жалпы адам затқа тән мәдени құндылықтар арқылы оқушыларды өзін- өзі жетілдіруге жетелеу.
5. Жаңашыл мұғалім- бұл шебер ретінде өз тәжирбиесін жаңа әдістермен, құралдармен байыптап отыратын маман. Оған жұмыс стилінің ерекшелігі, жеке дидактикалық кешендеріді жасау тәрізді сипаттар тән. Ол гуманитарлық этикалық беделді адам. Үнемі жетістіктерге ұмтылады. Әріптестерімен бірлесе отырып, оқушыларымен жұмыс істеудің жаңа жүйесін жасай алады. Өзінің жалпы білім жүйесіндегі орнын, жеке мүмкіндіктерін жақсы біледі; ғылыми ізденістерді жақсы жүргізеді. Жаңашыл мұғалім білім беру қызметіне араласа отырып, өзінің әріптестері мен оқушыларды жаңа ұғымдарға тәрбиелейді. Ол өзінің ағартушылық қызметінде психологиялық білімін пайдалана отырып, педагогикалық және психологиялық заңдарға сүйенеді. Жаңашыл мұғалімнің ең маңызды қасиеті оның жалпы білім беру процесіне қолайлы психологиялық климат қалыптастыра алатындығында болып табылады. Жаңашыл мұғалім үшін оның өзіндік даму формуласы тән: жеке адам – шығармашылық – талант. Оның кәсіби дамуындағы айырықша қасиеттер деп мыналарды айтуға болады: жаңа инновацияны игеру үшін ашықтық, кәсіби қызметтің ұтымды тәсілдерін жасау үшін жүйелі ойлау әдісі, өзінің кәсіби мінез- құлқын объективті түрде бағалауға қабілеттілік, педагогикалық еңбек жетістіктеріне деген жоғары мотивация.
Жаңашыл мұғалім әрбір оқушы мен мұғалімнің дамуында өмірлік жетістік шыңына жетуге ұмтылады. Ол иновациялық кәсіби- педагогикалық қызметке әрдайым дайын: кәсіби біліктілікке мұғалім білімінің жүйесі ретінде; педагогикалық шеберлікке шығармашылыққа қабілеттілік ретінде; педагогикалық бағдарға мектептегі жұмыстың басым мотивтері ретінде қарайды. Жаңашыл мұғалім өз бетінше шешім қабылдай алатын жауапты тұлға. Оның тұлға ретінде өсу процесінде өзіне-өзі талдау жасау, кәсіби қасиеттеріне түзетулер енгізу және ұтымды іс-қимыл бағдарламаларын таңдау білу тәрізді қасиеттері қалыптастырады. Ондай мұғалімнің жеке тұлға ретінде есейгендігін кәсіби деңгейде «өзінің жақын жылдардағы даму аймағын» айқындай алатындығынан көруге болады. Жаңашыл мұғалімінің басты шыңы – ол рухани есейгендігі: бұл оның өмірден алған даналығы, тәрбиелеуге, оқытуға, ар-ожданмен өмір сүріп, рух пен адамгершілік қуатын дамытуға деген ұмтылысы. Ол адам жөніндегі білім жүйесіне сүйенетін көкірек көзі ашық тұлға. Жаңашыл мұғалім рухани және жеке кәсіби қасиеттерін дамыта отырып, өзінің сакмеологиялық тұғырнамасын қалыптастырады. Бұл жаңашыл мұғалімнің білім процесінің әрбір мүшесін жетістікпен және денсаулықпен қамтамасыз етуге деген гуманисттік ұмтылысы. Мұндай ұстаным тәрбие мен оқытудың жаңа технологиясын үнемі іздеуге итермелейді. Жалпы білім процесіне мұғалім мен оқушының да сапасын көтеретін осы. Жаңашыл мұғалімнің ұраны: қоғамды тұрақты дамыту үшін кез келген адамды оқытуға жәнее жоғары деңгейде дамытуға болады. ....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 64 | 16.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері, реферат ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері на казахском языке скачать бесплатно, Реферат: Педагогика | ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы