» » » Реферат: Экономика | Биржа және оның мәні

Реферат: Экономика | Биржа және оның мәні

Реферат: Экономика | Биржа және оның мәні казакша Реферат: Экономика | Биржа және оның мәні на казахском языке
Қор биржасы және оның қызметі.

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркөсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен "сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді (мысалы, Лондон, Нью-Йорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады (мысалы, Францияда, Италияда). Қор биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар.
Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасы құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталады. Биржаның басшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оның мүшелерін брокер (немесе маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Дилердің табатын пайдасы бағалы қағазды сататын және сатып алатын бағасының (курсының) айырмашылығына тең, ия болмаса клиент берген мәміле сомасының белгілі бір келісілген нақты проценті болуы мүмкін. Бұл әрине келісім шартта көрсетіледі.
Сонымен қор биржасы — бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни делдалдар арқылы бағалы қағаздары сату және сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық.
Биржалық операциялар
Биржада жеке компаниялардың, мемлекеттік органдардың ңемесе шётеддердің бағалы қағаздары (өдетте, тек ақциялар мен облигациялар) айналымға түседі. Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойынша ажыратылады. Мысалы, қай мемлекеттен қанша бағалы қағаз айналымға түсетіні алдын ала анықталады. Францияға қарағаңда АҚПІ-тың, Германия Федеративті республикасының және Жапонияның биржалық операцияларында мемлекеттік бағалы қағаздар мөлшері өте көп емес. Биржа комитетінің шешімі бойынша биржа айналымына, әлбетте, ірі компаниялардың бағалы қағаздары түседі. Мысалы, АҚШ-та корпорацияның биржадан түсетін таза пайдасының төменгі шeгі 1 млн.доллардан кем болмаса, сонда ғана жіберіледі. Ол үшін алдын ала биржа басқармастан кеңесінен келісім алып, оны бағалы қағаздар операциясы комиссиясында тіркеуден өткізу керек.
Биржа операциялары кассалық және мерзімдік болып ірі екі топқа бөлінеді. Біріншісі бойынша келісімі үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағаздар алады. Екшшісінде есеп мәміледе көрсетілген мезгілде жүргізіледі: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы болмаса үш, алты ай және с.с. уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Операцияның екі түрі де рұхсат етілген биржаларда өтеді. Бағалы қағаздардың курсы әртүрлі болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімді мәмілеге түсетін қағаздардың бағасынан өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп те атайды. Алыпсатарлардың мақсаты – биржадағы құндылықтардың (яғни бағалы қағаздардың) сатып ал - сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу.
№ 7 суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірінен түбегейлі айырмашылығы жоқ Олар тек кейбір іс-әрекет варианттарымен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жәй көрінісіне тоқтап өтейік.
Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыдга айтылғандай, белгілі бір келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде - ия айдың ортасында, ия аяғында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе пайданы сатушы алады да, ал жоғарыласа сатып алушы алады.
Қор биржаларының тәжірбиесінде еңбір көп тараған мысал бойынша биржалық мәмілеге қатысушыларды, яғни алыпсатушыларды «аюлар» және "бұқалар" деп екіге бөледі. Сатып алушыларды бұндай сөздерге теңеу халық арасында кең тараған "өлтірілмеген аюдың терісін бөлу" деген мәтелден тараған деседі. Аюдың әдеті - табанымен таптау. Ал биржа ойынындағы қарсыласты "бұқа" деп атау - жағымсыздың әдеті - қарсыласты мүйізіне ілу.
№ 7 сурет
Биржа операцияларының түрле
Сонымен биржадағы ойыншылар - "аю" бағалы қағаз курсының төмендеуіне, ал "бұқа" — оның жоғарылауына іс-әрекет жасап ойнайды. Мерзімдік мәміле бойынша жасалған шартта акцияның бағасы, мөлшері және қандай мерзімге, қашан сатылатыны көрсетіледі. Мерзімдік мәмілелер үш түрге, яғни: тұрақты (немесе фьючерстік), шартты және пролонгациялық болып бөлінеді.
Тұрақты мәмілеге қатысушылар бағалы қағаздар бумасын белгілі бір мерзімде сатқанда онда көрсетілген шартгар (бағалы қағаздардың түрі, мөлшері және сату мерзімі) өзгермейтіндігі туралы өздеріне міндеттеме алады. Сату және сатып алу кезінде тек буманың бағасы туралы өзара келісіледі.
Тұрақты мәмілені фьючерстік мәміле деп те атайды. Себебі мәміледе көрсетілген шарттар белгілі бір мерзімге дейін өзгермейді, сондықтан мәміле құжаты стандартты (өзгермейтін) түрде болады.
Ал шартты мәміле бойынша оған қатысушылардың бірі екіншісіне сыйлық ақы беріп, өз міндеттемесін орындаудан бас тартуына құқы бар. Олардың мақсаты - биржа операциясы кезінде бағалы қағаздың курсының өзгеруінен келетін шығыннан қорғану. Мәмілеге қатысушылардың қайсысы және қалай мәміленің шартынан бас тарту құқын пайдалануы жөнінен де төрт түрге:
• алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәміле,
• қайтарылып алынатын сыйлық ақымен жасалатын мәміле,
• опциондық мәміле,
• стеллаж болып бөлінеді.
Алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәміле бойынша сатып алушы сатушыға белгілі бір сом сыйлық ақы төлеп, бағалы қағаздарды алудан бастартуға құқылы. Әрине, ол құқығын бағалы қағаздың курсы өсуіне күмәнданған жағдайда пайдаланады.
Мысалы, сатып алушы ("бұқа") 1/ІІ-да акцияны 300 $-дан сатып алады және оған қоса 17/П-да төлейтін келісілген сыйлық ақьшы да (6$) береді. Ал 17/П-да акцияның бағасы төмендеп, бағалы қағаз 292 $ құрайды. Бірақ осыны есептеген "бұқа" алдын ала 6 $-ды төлеп қояды да, қағаз курсы бойынша айырмасын (8-6)=2 долларды өзіне қалдырады.
Қайтарылатын сыйлық ақымен жасалатын мәміле алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәмілеге ұқсас. Сыйлық ақы алмау құқы сатушыда болады. Мысалы, егер 17/ІІ-да акция бағасы 308 $ болса, онда сатушы ("аю") 6 $ сыйлық ақы төлеуді тиімді санап, оны алмайды, бағалы қағаздың курсындағы 8 $-ды алады.
Ал опцион - мерзімдік мәмілеге кіргізілетін талап. Ол бойынша екі жақтың біріне меміленің кейбір, қарама-қайшы талаптарының бірін таңдау немесе оның алғашқы ережесін өзгерту құқы беріледі. Мысалы, бағалы қағаздың курсының төмендеуіне ойнаушы ("аю") 1/П-да курсы 300 $ болатын акцияны сату құқын өзіне сатып алады да, 17/ІІ-ға дейін әр акция бойынша 4 $-дан төлейді. Егер акция курсы 296 $-дан төмен болса, онда "аю" өз құқын пайдаланып, айырмасын өзі алады.
Ал баға курсының жоғарылауына ойнаушы "бұқа" 4 $ болатын құқықты өзіне алып, 17/И-дейін әр акция бойынша курсы 300 $-дан акция сатып алады. Егер курс 304 $ болса, ол өз құқын пайдаланып, жеңіп шығады. Ал стеллаж, пролонгация, репорт, депорттык, мәмілелер де алып сатушылардың бағалы қағаздардың курсын өзгерту арқылы пайда табу ойындары.
Стеллаж — бағалы қағаздар бойынша мерзімді мәміленің түрі, мұнда екі жақтың бірі (стеллажды сатып алушы) мәміле мерзімі басталғанда сатушы мен сатып алушы жағдайының бірін таңдау құқына ие болады.
Пролонгациялық мәміле - бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің түрі немесе бағалы қағаздардың нарқының өзгеруіне қарай есеп айырысудың мерзімін кейінге қалдыру.
Репорт — мерзімді мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі (биржа іскері, коммерциялық банк) оларды белгілі бір уақыттан кеиін жаңа, неғұрлым жоғары бағамен (курспен) сатып алуға міндеттеніп, банкке сатады; сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма да репорт деп аталады.
Депорт — оған белгілі бір мерзімнен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән.
Сонымен, қор биржаларындағы алып сатарлық мәмілелер - биржа нарығының өтімділігін күшейтетін қажетті талаптар немесе биржалардың өз міндеттемелерін дер кезінде орындау қабілетін арттыратын шаралар.
Қор биржасы акционерлік қоғамдардың жұмысын қадағалап оны көрсетіп отыратын анықтаушы тәрізді. Бағалы қағаздар курсының ұзақ уақыт бірқалыпты төмендеуі инвесторларға (салым иесі - ол жеке адам, ұйым немесе мемлекет) бұл қоғамда істің мәз емес екендігін аңғартып, оған инвестиция салуды тежеп, тіпті бұл қоғамның акцияларын сата бастауды меңзейді. Ал бағалы қағаздың курсы жоғарыласа, ол керісінше жағдайды, яғни инвесторлардың осы қоғамның бағалы қағаздарын сатып алуына қызығушылығын аттырады.....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 74 | 15.03.2019


Загрузка...
Читайте также
Реферат: Экономика | Бағалы қағаздар рыногы
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Экономика | Бағалы қағаздар рыногы
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында ақша нарығы мен валюталық биржаларды жетілдіру
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында ақша нарығы мен валюталық биржаларды жетілдіру
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында ақша нарығы мен валюталық биржалар
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында ақша нарығы мен валюталық биржалар
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында  бағалы қағаздар  нарығының пайда болуы және дамуы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы
Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы мен валюталық биржалардың мәні
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша нарығы мен валюталық биржалардың мәні
Презентация (слайд):  Математика | МАТЕМАТИКАЛЫҚ  БИРЖА
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Математика | МАТЕМАТИКАЛЫҚ БИРЖА

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Биржа және оның мәні туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Биржа және оның мәні на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Биржа және оның мәні, реферат Биржа және оның мәні туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Биржа және оның мәні на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экономика жоспарымен казакша реферат жоспар Биржа және оның мәні, Реферат: Экономика | Биржа және оның мәні реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы