Қазақ әдебиеті | Хоружая Вера Захаровна

Қазақ әдебиеті | Хоружая Вера Захаровна

Хоружая Вера Захаровна (27.9.1903, Беларусь, Бобруйск қаласы - 1942, Беларусь) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, партизан. Беларусь. Мозырь қаласы (Беларусь) әйелдер гимназиясын бітіргеннен кейін мектепте мүғалім, ал 1924—32 жылы Батыс Беларусь коммунистік жастар одағы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарған. 1935 жылы Балқаш қаласына келіп, кен-металлургия комбинатын салуға қатысып, аудандық партия комитетінде нұсқаушы болған. 1941 жылдан Витебск облыстық (Беларусь) жасырын коммунистік партия ұйымы басшыларының қатарына кірді. 1942 жылдың күзінде жау тылында қаза тапты. Хоружаяға ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.5. 1960). Минск, Брест, Бобруйск, Гродно, Мозырь, Балқаш, Карағанды, т.б. қалалардағы көшелер мен мектептерге Хоружаяның есімі беріліп, мемориалдық тақта орнатылған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!