Реферат: Қазақ әдебиеті | Григорий Григорьевич Черкашин

Реферат: Қазақ әдебиеті | Григорий Григорьевич Черкашин казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Григорий Григорьевич Черкашин на казахском языке

Григорий Григорьевич Черкашин (22.11.1921, Ресей, Красноярск өлкесі, Рыбинск ауданы Рыбное селосы - 13.11.2006, Ресей, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, ұшқыш-шабуылшы, звено командирі кейіннен подполковник 1937 жылы 7-сыныпты бітіргеннен соң Красноярск қаласында паровоз вагонын жөндейтін зауытта жұмыс істеген. Қолы бос кезде аэроклуб үйірмесіне қатысқан. 1940 жылы Алматы қаласына қоныс аударған. Мұнда ол аэроклубтағы оқуын бітірді. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, әуе училищесіне жіберілді. 1943 жылы Чкалов әскери авиация мектебін бітіріп, Р-5 және СБ ұшақтарын игерді. Содан кейін Куйбышев қаласындағы (қазіргі Самара) запастағы 1-ави- абригадада «Ил-2» штурмдық ұшақты игеріп, 672-авиаполкке келді. Черкашиннің алғашқы ұшу сапары 1943 жылдың 22 қарашасында болды. Ол Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Венгрия және Югославияда әуе ұрыстарына катысты. 1945 жылдың акпан айына дейінгі 175 ұшу сапарында жаудың тірі күштері мен техникасына шабуыл жасап отырды. Черкашин 18 әуе ұрысында болып, жаудың 2 ұшағын құлатты. 1945 жылдың мамыр айына дейін 240 ұшу сапарына шықты. Неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін Черкашинге КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (29.6.1945). 1946 жылы бұрынғы полк тарағаннан кейін әуе-десант әскерінде қызметін жалғастырды. 1948 жылы подполковник Черкашин денсаулығына байланысты запасқа шықты. Қазақстанға келіп, азаматтық авиацияда ұшуын жалғастырды. Ол почта таситын «ПО-2» ұшағын, кейіннен «Ил-2», «Ил-12», «Ил-14» ұшақтарын, ал 1956 жылы алғашқылардың бірі болып «Ту-104» ұшағын жүргізіп, онымен 14 жыл ұшты. 1970 жылы Мәскеуде «Ту-154» ұшағын игерді. Жалпы әуеде Черкашин 23000 сағат болған. КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы. Ленин, 3 рет Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Григорий Григорьевич Черкашин туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефератттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Григорий Григорьевич Черкашин, реферат Григорий Григорьевич Черкашин туралы реферат казакша на казахском реферат на казахском языке скачать бесплатно рефератттар жинағы жоспарымен казакша реферат жоспар Григорий Григорьевич Черкашин, Реферат: Қазақ әдебиеті | Григорий Григорьевич Черкашин реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы