Энергияны шығару және жұтылу үдерістері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушылармен шағын зерттеу жүргізесіздер. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады және осы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындауға мүмкіндік жасайсыз. Сұрақтар арқылы оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайсыз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет. Ескерту: жұқа әйнекпен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасын ескертіңіз, себебі оқушылар әйнекпен қолып кесіп алуы мүмкін. Осы кезде оқушылармен бірлесе отырып глоссарийді талқылап өтіңіз, себебі сабақ жоспарында оған арнайы уақыт берілмеген. Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз.
Жаңа тақырыпты игеруді бастамас бұрын оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін демонстрация жасалады. Сұрақтар қою арқылы оқушыларды тақырыпқа кеңінен тартуға тырысыңыз. Жұмыс барысында оқушылар өз жауаптарын айтады, талқылайды және бірін-бірі толықтырады.
Жаңа тақырыпты игеру үшін оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Жұптағы оқушылар шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жұптардың жұмыс кезінде ыстық сумен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды бақылаңыз. Келесі кезеңде оқушылар топпен шыған эксперименттер жасайды. Топқа бөлу барысында оқушылардың қабілетін ескеруге немесе кездойсоқ топтарға бөлуге болады. Ол үшін арнайы веб ресурстарды қолдану жеңілірек немесе сабақ жоспарындағы үлгіні қолданыңыз. Сілтеме пайдалы сілтемелер айдарында берілген.
Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашу үшін қосымша тапсырмаларды ұйымдастырыңыз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Аргументация» деп аталатын әдіс бойынша кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға өздерінің жауаптарын негіздеуге мүмкіндік беріңіз. Үй жұмысы тақырыпты пысықтап қосымша оқуға арналған. Сондықтан барлық оқушыдан міндетті түрде талап етпеңіз, кейбір оқушылардың мүмкіндіктері (интернетке қосылған компьютер) болмауы мүмкін.
Пайдалы сілтемелер:
https://dictionary.cambridge.org/
немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable
https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
http://www.aschool.us/random/random-pair.php
https://kk.wikipedia.org/wiki/Энергетикалық_алмасу_және_оның_кезеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?