Энергияны шығару және жұтылу үдерістері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында «Ойқозғау» сұрақтары арқылы сыни ойлау арқылы тақырыптың негізгі идеясын ашуға тырысыңыз. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады және осы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындауға мүмкіндік жасайсыз. Сұрақтар арқылы оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайсыз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет.
Келесіде оқушылармен бірлесе отырып глоссарийді талқылап өтіңіз. Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз. Ағылшын тіліндегі терминнің оқылуы мен транскрипциясын анық айтып өтіңіз және оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді қайталап айтқызыңыз. Транскрипция барысында қиындық туындаса Кембридж университетінің сөздер транскрипция ресурсын қолдануға болады. Сілтеме төменде келтірілген.
Жаңа тақырыпты игеруді бастамас бұрын оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін анықтамалармен жұмыс жасалады. Оқушылар дұрыс құрастырылған анықтаманы жұмыс дәптеріне жазып алуға кеңес беріңіз.
Жаңа тақырыпты игеру үшін оқушылар топпен жұмыс жасайды. Топтағы оқушылар шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Топқа бөлу барысында оқушылардың қабілетін ескеруге немесе кездойсоқ топтарға бөлуге болады. Ол үшін арнайы веб ресурстарды қолдану жеңілірек немесе сабақ жоспарындағы үлгіні қолданыңыз. Сілтеме пайдалы сілтемелер айдарында берілген. Топтардың жұмыс кезінде ыстық сумен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды бақылаңыз.
Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашу үшін қосымша тапсырмаларды ұйымдастырыңыз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Үш сәт» деп аталатын әдіс бойынша кері байланыс жасайды. Оқушылар сабақ барысында қиындық туғызған үш сәтті атап, оларды жақсарту шараларын ұсынады. Бірнеше оқушыға өздерінің жауаптарын негіздеуге мүмкіндік беріңіз.
Пайдалы сілтемелер:
https://dictionary.cambridge.org/
немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable
https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
http://www.aschool.us/random/random-pair.php
https://kk.wikipedia.org/wiki/Энергетикалық_алмасу_және_оның_кезеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?