Энергияны шығару және жұтылу үдерістері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Бөлім: 6.3В Энергия және қозғалыс
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Энергияны шығару және жұтылу үдерістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.2 энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін атайды;

- Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ажыратады;

- Энергияны шығару және жұтылу үдерістеріне күнделікті өмірден мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін атай алады;

- Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ажыратады;

- Энергияны шығару және жұтылу үдерістеріне күнделікті өмірден мысалдар келтіре алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

- Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ауызша түсіндіре алады.

- Энергияны шығару және жұтылу үдерістеріне өмірден нақты мысалдар келтіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Энергия, энергияның жұтылуы, энергияның бөлінуі, булану, конденсация, жылу мөлшері.

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Энергия жұтылу дегеніміз…

Энергия бөлу дегеніміз...

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

Энергия

Энергия

Energy

Энергияның жұтылуы

Поглощение энергии

Absorption of energy

Энергияның бөлінуі

Выделение энергии

Release of energy

Конденсация

Конденсация

Condensation

Булану

Парообразование

Evaporation

Жылу

Теплота

Heat energy

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету);
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру (әр тапсырмаға берілген уақыт мезетін сақтайды, әрі топтық немесе жұптық жұмыс кезінде бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды);
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру;
  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ тақырыбы энергия бөлу және жұту болғандықтан, тақырып физика курсымен байланысты оқытылады.

Табиғаттағы процесстерді сипаттау биология және экология пәндерімен байланыс қарастырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернетті арқылы оқыту: Bilimland ресурсынан электронды оқулықты пайдалану https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/gaz-zhane-sujyq-qatty-denelerding-qasietteri/lesson/bulanu-zhane-kondensacziya

Бастапқы білім

5 сынып, Жаратылыстану

5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату

5.5.1.2 температура мен жылу энергиясын ажырату

5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

5-8 мин

1. Миға шабуыл

Шағын зерттеу:

Жұқа әйнекке үрлеңдер.

1. Не бақыладыңдар?

2. Әйнектегі «сурет» неге және қалай өзгереді?

3. Байқалған құбылыс қалай аталады?

4. Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • энергия түрлену үдерісін атай алады;
  • энергия түрленуін түсіндіре алады;

2. Сабақтың мақсатын айқындау

Сұрақ: осы әйнектегі құбылысты табиғатта бақыладыңдар ма? Қай жерде?

Үлгі жауап: Су киім кебеді, төгілген су құрғайды, т.б.

Мұғалім: осы мысалдардың барлығы табиғаттағы энергияның бір-түрден басқа түрге ауысуының нақты үлгілері болып табылады. Біз бүгінгі сабақта энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атаймыз және мысалдар келтіреміз. Нақтырақ булану және конденсация туралы айтамыз.

Презентация

Жұқа әйнек

Сабақтың ортасы

9-15 мин

10-17 мин

18-20 мин

21-28 мин

29-32 мин

33-37 мин

3. Жаңа тақырыпты игеру

Шағын зерттеу жұмысы-демонстрация. Екі суы бар стаканды таразыда теңестіреміз. Бір стақанда суық, екіншісінде ыстық су. Біраз уақыттан кейін таразы тепе-теңдігі бұзылады.

Сұрақ:

  • Қандай өзгерісті байқадыңдар?
  • Неге тепе-теңдік бұзылады?
  • Қандай құбылысты бақыладыңдар?

Оқушылар өз жауаптарын айтады, талқылайды және бірін-бірі толықтырады.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • энергия түрлену үдерісін атай алады;
  • энергия түрленуін түсіндіре алады;
  • масса азаюын түсіндіре алады.

 

4. Шағын зерттеу жұмысы

Жұппен жұмыс

тапсырма: Екі ыдыстағы будың қасиеттері зерттеу (ашық және жабық ыдыс).

Мәселелік сұрақтар:

  • Әр ыдыстағы сұйық булану үдерісі кезінде молекулалар саны қалай өзгереді?
  • Қайсы ыдыстағы сұйық тезірек буланады? Неліктен?
  • Энергия алмасу үдерісі қалай жүреді?

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • оқушылардың жұптық бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • энергия түрлену үдерісін атай алады;
  • энергия түрленуін түсіндіре алады;
  • ашық және жабық ыдыстағы үдерістерді салыстырып, сипаттай алады.

5. Білімді нақтылау

Мысал:

Жазды күні күн ыстық болса да, судан шыққанда салқындық сезіледі? Неге?

Үлгі жауап:

Оқушылар булану үдерісін сипаттайды. Денедегі су жылу алу арқылы буланады, ал дене салқындайды.

6. Топпен жұмыс

Мәселелік сұрақ: Сұйық булану кезінде не болады? Булану жылдамдығы неге тәуелді?

1-топқа

Эксперимент. Мақтаға иіс суды және суды тамызу. Қайсысы тез буланады?

2-топқа

Эксперимент. Табаққа ыстық және салқын суды құю. Қайсысы көбірек жылу бөледі?

3 -топқа

Эксперимент. Табаққа ыстық және салқын суды құю. Қайсысы тезірек буланады?

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • оқушылардың топтық бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • булану үдерісін сипаттай алады;
  • булану үдерісі қандай шамаларға тәуелділігін анықтай алады;
  • булану жылдамдығының ортадағы шамаларға (температура, аудан,) тәуелділігін анықтайды.

7. Ой қорыту-білімді пысықтау

«Иә және Жоқ» ойыны бойынша жаңа білімдерін пысықтау.

Егер айтылған тұжырым шын (Иә) болса, онда оқушылар оң қолдарын, егер жалған (Жоқ) болса, онда сол қолдарын көтереді.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • өзін-өзі бағалау;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

- Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ажыратады;

  • Энергияны шығару және жұтылу үдерістеріне күнделікті өмірден мысалдар келтіреді.

8. Сабақты қорытындылау

Қорытындылау сұрақтары:

  • Жергілікті тұрғындар желдің бағытын анықтау үшін қолын суға малып жоғары көтереді? Неліктен?
  • Солтүстік тұрғындары қатты аязда бетіне май жағады? Неге?
  • Неге, жердің астына тереңге ыдысқа құйып қойған су көкөністерді үсіктен сақтайды?
  • Қысты күні бәйгеден келген жылқыны неге жабулап қояды?

Оқушылар ойланып сұрақтарға жауап береді. Бірін-бірі толықтырады. Қажет болған жағдайда мұғалім бағыт-бағдар береді.

2 стакан су, (ыстық және суық), иінді таразы, (зертханалық, жоғары дәлдікпен)

Ашық және жабық ыдыстар,

Су буы

Су, мақта, иіс су, табақтар, ыстық және салқын су

Қосымша 1

Сабақтың соңы

38-40 мин

9. Кері байланыс «Аргументация»

1.Мен сабақта …….. жұмыс жасадым, себебі………

2.Мен сабақ кезіндегі жұмысыма ……

3. Маған сабақ……. , себебі

4. Сабақта берілген материал мен үшін ………

6. Менің көңіл күйім…….., себебі

Үй тапсырмасы: Bilimland ресурсынан электронды оқулықты пайдалану арқылы тақырыпты қайталау.

Кері байланыс

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/gaz-zhane-sujyq-qatty-denelerding-qasietteri/lesson/bulanu-zhane-kondensacziya

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін атай алады;

Оқушылардың көпшілігі

Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ажырата алады;

Өмірден мысалдар келтіре алады.

Кейбір оқушылар

Энергия үдерістерін сипаттап, оны түсіндіре алады. Өмірден мысалдар келтіреді.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • Топтардың бір-бірін бағалауы
  • Жұптық жұмысты өзара бағалау
  • Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ажырату, сипаттау барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Эксперименттік тапсырмалар барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын мұқият қадағалау (ыстық су, шыны ыдыстар, әйнекпен жұмыс).

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу