Зерттеу сұрағы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында миға шабуыл сұрақтары арқылы оқушылардың өткен сабақтағы үйренген білімдерін еске түсіру және жаңа сабаққа икемдеу жүргізіледі. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.
Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Жаңа тақырыпты түсіндіруді миға шабуыл сұрақтары арқылы жүргізіңіз. Жаңа тақырыпты игеру барысында оқушылар зерттеу нәтижелерін жазатын кестелер дайындайды. Кестедегі сол жақтағы бағанға тәуелсіз айнымалыны (оқушылардың өздері шамасын өзгертіп отыратын айнымалыны), ал оң жақтағы бағанға тәуелді айнымалыны жазады. Оқушылар жұмысты орындау барысында қажет болған жағдайда оқушыларға көмек көрсетіңіз.
Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға сәйкес дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз.
Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және кестеден тыс тәуелді, тәуелсіз және тұрақтыларды анықтап оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Жұмыс соңында оқушылар «Күн-бұлт» тәсілімен кері байланыс жасауы қажет. Бірнеше оқушыға сыныпқа өздерінің жауаптарын негіздеп түсіндіруіне мүмкіндік беріңіз.
Ескерту: Эксперименттік тапсырма орындауды бастамас бұрын оқушыларға қауіпсіздік ережелерін ескертіңіз. Қажет болған жағдайда қауіпсіздік ережесін қайталап оқып шығуға болады.
Пайдалы сілтемелер:
https://kk.wikipedia.org/wiki/айнымалы
https://ust.kz/word/asyq_sabaqzerttey_suragy5_synyp-6919.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру