Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігі. Жаратылыстану, 5 сынып, дидактикалық материал.
Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігі
Тірі ағзалардың көптүрлілігі және олардың таралу заңдылықтарының географиялық жағдайы. Тірі ағзалардың көптүрлілігі. Жердегі алғашқы өте қарапайым ағзалар 3 млрд жыл бұрын пайда болған. Шамамен 400 млн жыл бұрын тірі ағзалар жер бетіне шыға бастаған.
Қазір сол кездегі тірі ағзалардың өмірін жалғастырушылар жер бетінде, атмосфера қабаттарында, теңіз бен өзен суларында тіршілік етуде.
Жер бетінде тірі ағзалардың бірнеше миллион түрі кездеседі. Өсімдіктердің түрі 500 мыңнан, жануарлардың түрі 1 миллионнан асады. Ал микроағзалардың, яғни, бактериялар мен саңырауқұлақтардың түрі де, саны да көп. Әлі де жыл сайын өсімдіктану мен жануартану мамандары өсімдіктердің, бунақденелілердің, микроағзалардың жүздеген, тіпті мыңдаған түрлерін ашып жатады. Мұндай ашылулар сүтқоректілер мен құстардың арасында некен-саяқ, дегенмен кейде ұшырасып қалады.
Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африканың ит тұмсығы батпайтын ылғалды тропиктік ормандарынан өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлері табылып жатады. Тірі ағзалардың тіршілік формасы сан алуан.
Тірі ағзалардың тіршілік формасы – жануар немесе өсімдік ағзасының қоршаған ортаға бейімделген сыртқы келбеті.
Бір-бірімен туыс емес тірі ағзалардың тіршілік етуге қолайлы жағдайға байланысты бейімделгендіктен, тіршілік етудегі ұқсас белгілері пайда болады. Бір жерден екінші жерге өткенде тіршілік жағдайларының өзгеруіне байланысты бір тіршілік формасы екінші тіршілік формасына ауысады. Өсімдіктердің тіршілік формасының мысалына ағаш түрлері (қылқанжапырақты, жалпақжапырақты, мәңгі жасыл, т.б.) бұталар, шала бұталар, шөптесін өсімдіктер, мүктер және т.б. жатады. Жануарлардың тіршілік формалары: сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, балықтар, бунақденелілер. Осы сияқты микроағзалардың да қоршаған ортаға бейімделген түрлері көп.
Тірі ағзалардың таралу заңдылықтары. Өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың, сондай-ақ олардың бірлестіктері – биоценоздардың географиялық таралу заңдылықтарын биогеография ғылымы зерттейді.
Өсімдіктер кеңінен таралған. Оларды суда өсетін, жер астында өсетін, және жер бетінде өсетін деп мекендері бойынша үш топқа бөлуге болады. Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері, яғни, жануарлар мен микроағзалар тіршілік ете алмас еді.
Ақпарат осы сайттан жүктелді: http://ikaz.info/tiri-a-zalardy-k-pt-rliligi/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?