Тірі табиғаттағы үдеріс. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Тарау 5.3В Тірі табиғаттағы үдерістер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тірі табиғаттағы үдеріс

Сабақ мақсаттары

5.4.2.1. Тірі ағзалардың қасиеттерін сипаттайды

5.4.2.2. Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау

Бағалау критерийлері

Тірі ағзалардың бірнеше қасиеттерін сипаттай алады (Қозғалыс, тынысалу, сезімталдық, өсу және даму, көбею, бөліп шығару, қоректену

Тірі ағзалардың бірнеше құрылымдық деңгейлерін сипаттай алады (Жасушалық, ағзалық (мүшелер жүйесі), популяциялық (дарақтар), экожүйелік (популяциялар), биосфералық (экожүйелік) құрылымдар.

Дағдылар

Білімін қолдану, түсіну

Тілдік мақсаттар

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Жануарлар

Животные

animals

Өсімдіктер

растения

plants

Тірі табиғаттағы үдеріс

Процессы в живой природе

Processes in the wild

Алдыңғы білімі

Жануарлардың негізгі сипаттамаларын атайды (1 сынып).

Жануарларды омыртқасыздар және омыртқалылар деп жіктеу. Жануарлар топтарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін сипаттайды. Өсімдіктерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді. (2 сынып).

Өсімдіктерді белгілеріне қарап жүйелеу. (3 сынып).

Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар, қырықжапырақтар және гүлді өсімдіктерді ажырату және сипаттау (4 сынып).

Өсімдіктердің жарыққа жауап қайтаруы, көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөлетінін білу (3сынып).

Фотосинтез үдерісін білу және түсіну. Өсімдіктер бөлген оттегінің тірі ағзалар үшін мағызын түсіну. (3 сынып).

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар орындай алады:

-тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін ауызша сипаттау және салыстырады

-тірі ағзалардың қасиеттеріне сипаттама іріктеп, кестені толтырады

Оқушылар орындай алады:

  • Тірі ағзалардың бірнеше қасиеттерін сипаттай алады, (Қозғалыс, тынысалу, сезімталдық, өсу және даму, көбею, бөліп шығару, қоректену ағзалар үшін маңыздылығын түсіндіре алады (оқылым дағдылары және айтылым дағдылары )
  • Тірі ағзалардың бірнеше құрылымдық деңгейлерін сипаттай алады (Жасушалық, ағзалық (мүшелер жүйесі), популяциялық (дарақтар), экожүйелік (популяциялар), биосфералық (экожүйелік) құрылымдарын бір бірінен айырмашылығын айта алады

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде тірі табиғаттың құрылымдық деңгейлері және қасиеттері жайлы ұғымдарын дамытады. Оқушылар тірі табиғаттың құрылымдық деңгейлерінің үлгісін жасайды. Тірі ағзалардың бірнеше құрылымдық деңгейлерін сипаттайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар/ Оқушылардың іс- әрекеті

Амандасу. Үнді халқындай амандасады.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару бірнеше сурет көрсету(Жасуша , Жануар, Ұлпа)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын сыныпқа таныстыру, оқушылармен бірге талдау арқылы зейіндерін шоғырландыру

Презентация

Т) Оқушыларға тірі және өлі табиғат нысандарының бейнелерін екі топқа: өлі және тірі денелер деп бөлгіземін. Тірі және өлі табиғат денелерін салыстырады және ерекшелік белгілерін тұжырымдайды.

(С) Оқушыларға тақтаға жазған тірі ағзалардың қасиеттерін жазғызып (қозғалыс, тыныс алу, сезімталдық, өсу, көбею, бөліп шығару және қоректену) көрсетілген өз жазбалары мен менің жазбаларымен салыстырғызамын.

(М) Сыныпқа тірі ағзалардың қасиеттерін (қозғалыс, тынысалу, сезімталдық, өсу және даму, көбею, бөліп шығару, қоректену) түсіндіру және сыныппен бірге оқушылардың ойларын талдау.

(Жж) Оқушыларға «Бинго» тапсырмаларын орындатқызамын. Оқушылар тірі ағзалардың қасиеттері жайлы дұрыс тұжырымдарды табады.

(Б) Оқушыларға «Ақиқат пен жалған» ойынына қатысты Экранда тірі ағзалардың мысалдары көрсетіледі, оқушылар тиісінше сары және жасыл карточкаларды көтереді.

(Ж) Сыныпқа жылқы туралы бейнероликті көруді ұсынамын. Видеоролик көріп болған соң, оқушыларға жылқының ойыншық фигурасымен танысуларына мүмкіндік беремін. Жұптасқан оқушылар жылқының тірі ағза ретіндегі қасиеттерін бейнеролик бойынша анықтай отырып, тірі жылқы мен ойыншық жылқы фигурасын салыстыру қажет.

(Т) Оқушылар «Үлкеннен кішіге» жаттығуын орындайды.

Оқушыларға Жер ғаламшарының, тірі ағзалары бар орман, қасқырлар тобы, жалғыз қасқыр, мүше (жүрек), бұлшықет, бұлшықет жасушалары суреттерін беремін үлкенен бастап қойып шығады.

(С) Сыныппен тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін талдаймын. Барлық ағзалар көп жасушалы ма екеніне көз жеткізу; өсімдіктер мен жануарларда қандай мүшелер болады; бір жасушалы ағзалар құрылысы қандай болатынын қарастырамыз

(Ж) Оқушылар суретте тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін беремін оны кескіндемелермен бейнелейді.

(Т) Оқушыларға «Жеті маймыл» ойыны барысында мәтінмен жұмыс жасатамын

Оқушыларға тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері жайлы тақырыбы жоқ жеті түрлі мәтін беремін. Барлық оқушылар мәтінмен танысады.

(Жж) Оқушылар мәтінге қатысты сұрақтар алады және жауаптарын бір бірімен талдайды. Әр жұп өз жауаптарын мультфильм түрінде көрсетеді (немесе кескіндік сурет түрінде).

(Т) Оқушылардың назарына сұрақтарға қатысты кілтті сөздер (құрылымдық деңгей атаулары) ұсынылады. Оқушылар тірі табиғаттың құрылымдық деңгейінің дұрыс ретін анықтайды және мультфильмнің үзінділерін сәйкестендіреді.

Үй жұмысы

  • Тірі ағзалардың қасиеттері мен құрылымдық деңгейлері

Рефлексия

1.Қандай жаңа түсініктермен таныстыңдар?

2.Бүгінгі алған білімді қайда қолдана аласыңдар деп ойлайсыңдар ?

3.Сабақтың мақсатына жеттің бе ?

4.Бүгін біз қандай нәтижеге жеттік?

5.Сабақ қызықты өтті ме несімен

Тірі және өлі табиғат туралы әдістемелік құралдар: http://earlystudy.ru/sokrovischnica/zhivayanezhivaya-priroda-to-chto-sdelal-che

Қасиеттер жайлы таныстырылым: http://900igr.net/prezentatsii/biologija/ZHivoe/011-Svojstva-zhivogo-uporjadochennaja-struktura-poluchenie-energii-iz.html

Қасиеттер жайлы видео: https://www.youtube.com/watch?v=dC4blMInzV8

«Бинго» ойынын өткізу жайлы әдістемелік нұсқаулық: http://www.koolibri.ee/download/?action=binary&id=2288

Сары және жасыл түсті карточкалар

Биоллогия пәні мұғалімінің сайтынан фотолар: http://tana.ucoz.ru/load/294

Жылқы туралы бейнебаян бар ресурсқа сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=-qs7trLD-tY

Power Point таныстырылымы мысалы «Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері»: https://www.youtube.com/watch?v=-xocBjCTaqg

Мұғалімге көмекші тансытырылым «Тірі табиғат деңгейлері»: http://www.slideboom.com/presentations/415773/

Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері жайлы мұғалімге арналған әдістемелік ресурстар: http://bio.1september.ru/article.php?ID=200501105

«Жеті маймыл» әдісінің ағылшын тіліндегі сипаттамасы: https://classteaching.wordpress.com/2013/04/25/developing-independent-learners-the-7-monkeys/

Анимация «Тіршіліктің құрылымдық деңгейлері»: https://www.youtube.com/watch?v=ZRFykdf4kDc

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушылар нұсқаулық бойынша өте жақсы жұмыс жасайды. Әр оқушының сөйлеуі олардың тілдік қорын дамытады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2: Сабақта оқу атмосферасы өте жақсы деңгейде болды,

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу