Пайдалы қазбалардың маңызы. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4-сынып

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.

Мектеп:

Модератор: Данабаева М.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Пайдалы қазбалардың маңызы

Оқу мақсаты:

4.3.4.1 - кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау;

4.3.4.3 - пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді қолданудың жолдарын ұсыну;

4.1.2.2 - алынған нәтижелерді білім алушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты:

Пайдалы қазба қорының пайда болуын түсіну.

Бағалау критерийі

Пайдалы қазбалардың қоры дегенді түсінеді.

Табиғи ресурстардың қоры қандай болатынын біледі.

Зерттеу нәтижесін өзі таңдаған формада ұсынады.

Тілдік мақсат

Тірек сөздерді пайдаланып табиғи ресурстардың қоры қандай болатынын айтып бере алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Қор, сарқылатын, сарқылмайтын, баррель.

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Кенді және кенсіз пайлы қазбаларды біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

Ұйымдастыру. «Алтын жіп» ойыны арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Тоқыма жіпті оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы береді. Барлық балалар тілек айтып болған соң, жіпті жоғары көтеріп, өрнекке назар аударады.

Заттардың әңгімесі.

«Сиқырлы қорапша» ойыны арқылы оқушыларға бірнеше суреттер таратылады. Оқушылар сол заттардың аттарынан сөйлеп, бір-біріне сұрақ қояды. Жетекші сұрақтар:

  • Мені жасау үшін қандай пайдалы қазба қолданылады?
  • Оның орнына басқа қандай қазбаны пайдалануға болады?
  • Елімізде бұл пайдалы қазбаның қоры қандай?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Көңілді әуен қосып қою.

Жіп

Слайд №1

Слайд №2

Сабақтың ортасы

2 минут

4 минут

2 минут

4 минут

1 минут

7 минут

1 минут

4 минут

3 минут

1 минут

6 минут

Топқа бірігу.

«Дананың кілттері» стратегиясы арқылы топтарға бірігеді.

1 топ. «Керісінше» кілті

2 топ. «Егер де» кілті

3-топ. «Кемшіліктер» кілті

4-топ. «Жөнсіздік» кілті

5 топ. «Әліпби» кілті

Пайдалы қазба қоры.

Мақсаты: Пайдалы қазбалардың қандай бірліктермен өлшенетінін түсіну.

Оқулықтағы ақпаратты пайдалана отырып, әр топқа кестедегі мәліметті зерделеу ұсынылады. Топтасып жұмыс жасай отырып, оқушылар газет шығарады. Пайдалы қазбалардың қорының қанша жылға жететінін анықтайды.

ҚБ. Мұғалімнің «Галереяны шаралау» стратегиясы арқылы ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Ресурстар.

Оқушылар оқулықта берілген кестені зерделеп, кестеге атау беріп, өз жауаптарын ұсыну керек. «Автордың орындығы» ойыны арқылы әр топтан бір оқушы шығып, өз шешімдерін жариялайды.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Заттардың неден жасалғанын анықтау.

Ресурстар: Оқушылар өз сөмкелеріндегі заттарды зерттейді.

Жоспар құру:

  • Өз сөмкелеріндегі заттарды ортаға шығару;
  • Заттарды жасалған заттарына қарай топтастыру;
  • Зерттеу нәтижесін талқылап, өздеріне ыңғайлы формада ұсыну.
  • Қорытынды шығару.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға өз зерттеу нұсқауларын ұсынуға мүмкіндік беру.

Зерттеу жұмысын қорытындылау. Нәтижесінде оқушылар заттардың пайдалы қазбалардан жасалғанын, олардың қолдану аясын түсінеді.

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.

Ойлан. Оқушылар топтың атауына сәйкес өз ойларын ұсынады. Пайдалы қазбалардың қоры қанша уақытқа жететінін, оларды қалай үнемлеу керектігі жайлы әңгімелеседі. Олар табиғат ресурстары сарқылатын және сарқылмайтын болатынын түсінеді. Мысал келтіреді.

Сен білесің бе? Балама энергия көздерін пайдалану жайында ақпарат беру. Ресурстардың сарқылуы не себептен болатынын түсіне отырып, оларды үнемдеу жолдарын анықтайды.

Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар жасау. Сұрақтар:

-Көз шаршағанда не істеу керек?

-Көзге арналған қандай жаттығуларды білесіңдер?

Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.

31-жұмыс парағы. «Пайдалы қазбалардың маңызы», 33-б.

Пайдалы қазбалардың қолданылуы. Пайдалы қазбаларды қайда пайдаланатынын анықтау.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Құрылыста қолданылатын пайдалы қазбаларды біледі;
  • Жылу үшін пайдаланылатын қолданылатын пайдалы қазбаларды біледі;
  • Металл алынатын қолданылатын пайдалы қазбаларды біледі;

Сенің іс-әрекетің. Оқушылар өздерін пайдалы қазбалар қорғаушысы ретінде істейтін іс-әрекеттерін жазады.

32-жұмыс парағы. «Пайдалы қазбалардың маңызы», 34-б.

Пайдалы қазбалар айналамызда. Берілген суреттердегі заттардың қайсысынжасау үшін пайдалы қазбалар қолданатынын анықтайды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Пайдалы қазбалардан жасалтын заттарды табады;

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша бағалауы.

Кілттер

Оқулықпен жұмыс

Слайд №3

Слайд №4

 

 

Слайд №5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №6

 

 

 

 

Слайд №7

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс. Сабақтағы өз жұмысына баға беру.

  • Мен сабақта ________ жұмыс істедім, себебі ________.
  • Сабақтағы өзімнің жұмысыма мен ________ себебі, ________.
  • Сабақтың тақырыбы ________ болды.
  • Менің қосымша ________ жайлы білгім келеді.

Бағалау парағы

Слайд №8

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, «Галереяны шаралау», қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу