Пайдалы қазбалардың түрлері. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
3-тоқсан. Заттар мен олардың қасиеттері
|
| ||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.3.4.2 - пайдалы қазбалардың түрлері мен пайда болу жолдарын анықтау 4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін олардың артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу; 4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Пайдалы қазбалардың түрлері мен пайда болу жолдарын анықтау Жер қыртысында пайдалы қазбалардың пайда болу жолдарымен танысу | ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік сөздік және терминология: Пайдалы қазба, тау жынысы, магмалық, шөгінді, метаморфтық таужынытары, пайдалы қазбалардың атаулары мен олармен байланысты сөздер мен терминдерді қолданады. | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, география | ||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Су. Табиғаттағы судың айналымы. Жауын-шашын түрлері. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы0-5 минут | I.Ұйымдастыру кезеңі Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге, Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. ІІ.Мотивациялық-қызығушылық кезеңі(Ұ) «Миға шабуыл» Мақсаты:Ребус шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу. П ,, ЛЫ ,,, -Балалар, ребуста қандай сөз тіркесі шықты? -Сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. БК анықтау. | Презентация Ребус парақшалары Тірек сөздер | |||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 5-7 минут 7- 11 минут 11-13 мин 13-15 минут 15-20 минут 20-30 минут 30-33 минут 33-37 мин | (Ұ) «Сұрақ- жауап» әдісі Мақсаты:Пайдалы қазбалар жайлы оқушылардың алғашқы білімдерін анықтау. Оқушылардан төмендегі екі сұрақтарға жауап берулерін сұраймын: - «Қазба» дегенді қалай түсінесіңдер? -Қазбаны неліктен пайдалы дейді? Оқушылардың ойларын тыңдау. (МК,Ұ) іМektep.kz порталынан «Пайдалы қазбалар» бейнежазбасын тамашалау 0.55 -4.38. Мақсаты:Бейнежазбаны тамашалау арқылы пайдалы қазбалардың түрлерімен танысу, мәлімет жинақтау. Оқушылар бейнежазбаны тамашалау барысында, ақпараттарды естеріне сақтайды. (Қб, Жж)Бейнежазба мазмұнын тексеру Мақсаты: Ақпаратты түсінгенін «дұрыс-бұрыс» семантикалық карта арқылы тексеру
Дескрипторлар арқылы өзін-өзі тексереді Дескрипторлар:
(Ұ) Оқулықпен жұмыс Негеш пен Эврика жер қыртысында болатын үдерістерді инфографикамен бейнеледі. Үдерістің барысын баянда. Нәтижесінде не түзеледі? Топтық жұмыс: 1-топ: Алдияр, Руслан, Сафия, Ғ.Адия, Әлинұр 2-топ: Абылай, Асанали, Алуа, Аружан 3-топ: Гүлсая, Разия, Дархан, Ж.Адия Мақсаты: Сурет арқылы тау жыныстарына анықтама беру Оқушылар топта жұмыс жасайды. Әр топқа анықтама беріледі. Олар талқылап, сурет бойынша әр сөзге анықтамын табады. Дифференциация (деңгейлік): 1-топ: анықтаманың сипаты қана беріледі Суретке сәйкес анықтаманы атайды. (шөгінді) 2-топ: сурет бойынша өздіктерінен анықтама жасайды (метаморфтық) 3-топ: анықтамада сөздердің орны ауыстырылған. Анықтама құрайды. (магмалық)
Тәжірибе жасау «Шоколадты тастар» Қажетті заттар:
Әр топқа нұсқаулық пен тәжірибе жасау үшін қажетті заттар беріледі. 1-топ: Шөгінді тау жыныстары
Қорытынды:Тау жыныстарының ұсақ кесек, қиыршық құмдарынан, саздарынан құралған тау жыныстарын шөгінді (тұнба) тау жыныстары дейді. 2-топ: Метаморфтық тау жыныстары
7. -Не байқадыңыз? –Бұл шоколад тау жыныстарының қайсысына ұқсайды? 8. Қорытынды жасаңыз Қорытынды: Метаморфоза — өзгеру деген сөз. Тау жынысы өзгеріп, бір түрден екінші түрге айналса, оны метаморфтық тау жынысы дейді. 3-топ: Магмалық тау жыныстары
6. -Не байқадыңыз? –Бұл шоколад тау жыныстарының қайсысына ұқсайды? 7. Қорытынды жасаңыз. Жер астынан балқып шыққан тас заттардан, яғни магмадан қатайып пайда болған тау жыныстарын магмалық деп атайды. Топтар өзара бағалайды 2 жұлдыз, 1 тілек (Ж,Қб) Жаңа сабақты бекіту. Геодиктант . https://wordwall.net/ru бағдарламасы арқылы жұпта мәтінді сөзбен толықтырады Мәтінге тиісті қой тапсырмасын орындау 1. Тау жыныстар үш ірі топқа бөлінеді: …………..,…………….және…………. . (магмалық, шөгінді, метаморфты) 2. Шөгінді тау жыныстар тек ……… ……….. түзіледі . (жер бетінде) 3. Жануарлар мен өсімдіктердің қалдығы жинақталып, топталған жағдайда органикалық …………………… тау жыныстары түзіледі. (шөгінді) 4. Магмалық тау жыныстары таулы ...............таралады.( аймақтарда) | іМektep.kz порталы «Пайдалы қазбалар» бейнежазбасы карточка Сурет, карточка Тәжірибеге қажетті заттар Дескрипторлар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» -Мен үшін сабақ пайдалы/пайдасыз болды, өйткені мен .............................. . Өзін-өзі бағалау Сабақтың басында анықталған бағалау критерийлері бойынша оқушыларға сабақтағы жетістіктерін алтын, күміс, қола арқылы бағалау ұсынылады. | Алтын, күміс, қола алқаларының суреттері мен стикерлер | |||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Саралау: Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен топтастырып жұмыс жасату. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін топтық жұмыста түсіндіруін бақылау және өздік жұмыста тапсырманы бағалау арқылы тексеремін. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру