Қайталау сабағы. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану
3-сынып
Зерттеуді қалай жүргізеді?
Сабақ барысында пән бойынша үшінші сыныпта оқығанлдарын қайталайды. Сонымен қатар экспериментті жоспарлау және жүргізу, жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау, ақпарат көздерін таңдау, артықшылығы мен кемшілігін атау оқу мақсаттары жүзеге асырылады.
Сабақ төмендегіден нәтижеге қол жеткізуді көздейді: Оқушылар
- өткенді қайталайды, алған білімін пайдаланады;
- ашық сұрақ құрастырады, жауап береді;
- зерттеу әдісін таңдайды, зерттеуді сипаттайды;
- алған білімдерін кіріктіреді.
Сабақта толықтай қайталау жұмысына бағытталады.
Алдымен зерттеу жұмыстары, практикалық жұмыстар туралы сұрақтарға жауап береді. Бұл балалардың эмоциялық деңгейде білімді қабылдауын байқатады. Олар жыл бойы жасаған практикалық жұмыстарының ішінде ең есте қалғанын, ұнағанын, қиын болғанын атайды. Бұл жұмысты мұғалім қалауынша соңғы екі сабақпен тығыз байланыстыра алады. Топтар атаған зерттеу жұмыстарын әдістер бойынша жіктеледі (тақтаға\ флипчартқа жазу немесе ілу).
Келесі тапсырманы сынып оқушыларын шағын топқа немесе жұпқа біріктіру арқылы ұйымдастыруға болады.
Жыл бойы оқыған тақырыптар жазылып, топтарға үлестірмелі қағазбен таратылады.
Әр топ тақырыпты, ол бойынша білетін білімдерін еске түсіреді, талқылайды және неғұрлым ашық сұрақтар құрастырады. Сұрақ санын шектеу қажет. Екі немес үш сұрақ жеткілікті болуы мүмкін.
Топтардың бір біріне сұрақ қоюын сағат тілімен ұйымдастырған дұрыс. Ең бастысы, барлық топ бір бірін мұқият тыңдауы және бағалауға дайын болуы қажет. Бутерброд әдісін пайдалануға болады. Сонымен қатар, арнайы кесте сызып, дұрыс жауапты белгілей отырып, сайыс тәрізді ұйымдастыруға болады.
Дұрыс берілмеген жауапты алдымен жауап беруші топтың өзіне, одан соң басқаларға түзетуге мүмкіндік беруге болады. Сұрақ беруші топтардың жауабын бағалайды.
Топтық жұмыс. Енді алдыңғы жұмыстағы топтарды біріктіріп, бес топ құру қажет.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру үшін топтарға жергілікті жердегі оқушыларға жақсы белгілі бір орындарды (аумақтарды) бөліп беріп, суреттерін ұсынуға болады. Мүмкіндік болса, осы орындарға алдын ала топсеруен жасауға болады. Мысалы, саябақ, мектеп ауласы, жағалау, алаң, спорт алаңы (жергілікті жерге байланысты әртүрлі болады). Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін тағы бір нұсқа: түрлі табиғи бірлестіктердің суретін/ бейнетаспасын көрсету.
Қосымша ақпарат көздері ұсынылады.
Зерттеу жүргізуге тапсырма беріледі. Яғни
- Орын туралы ақпарат жинау (қашан құрылды, ашылды, атауы бар ма, қандай жағдайда, тұрғындар ол жерге көп бара ма, т.с.с.)
- Өсімдіктерін сипаттау, жіктеу (тіршілік ортасына бейімделуіне, топтарына байланысты).
- Жануарларды сипаттау, жіктеу (тіршілік ортасына бейімделуі, омыртқа жотасының болуына, жануар топтарына байланысты).
- Ол жерде жұмыс істейтін/ тұратын адамдар, орынның адам денсаулығына әсерін анықтау.
- Топырағын анықтау, суы (суқойма түрі, атауы) мен ауасының тазалығын сипаттау, ластанса, оған не әсер ететінін анықтау.
- Ол орында қандай күштер әсер ететінін сипаттау, жарық, дыбыс, жылу туралы ақпарат беру.
Нәтижелерді постерге рәсімдейді. Топтардың жұмысымен танысу. Басқа топтардың мұқият тыңдауын, қажетінше толықтыруына мүмкіндік беріңіз.
Топтра жұмыстарды өзара бағалайды, қорытынды жасалады.
Шығармашылық тапсырманы уақыттың қалғанына байланысты ұйымдастыру керек. «Осы орынның ресурстарын пайдаланып қандай зерттеу жүргізуге болады? Қандай әдіс таңдайсыңдар?» сұрақтарына қысқа да жауап алуға болады, неғұрлым толық жауап алу үшін тағы топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Мұғалімнің кері байланыс береді. Жазғы уақытта зерттеу жұмысын жоспарлауға тапсырма береді.
Жазғы уақытта зерттеу жүргізуге қосымша тапсырма беру.
Топтарда, жұптарда болашақ зерттеулері туралы ақылдасып алу ұйымдастырылады.
Жазғы демалыс кезінде зерттеу жүргізу, нәтижесін кесте, диаграмма, сурет немесе мәтін түрінде дайындау. Мүмкіндік болса, бейнеесеп түсіру. Есеп гипотезадан, зерттеу жоспарынан және қорытындыдан тұруы тиіс. Зерттеу нәтижелерін кітапша түрінде жасау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру