Қайталау сабағы. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Табиғат физикасы

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Қайталау сабағы

Оқу мақсаты

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;

3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.

Сабақтың мақсаты

Өткенді пысықтау

Бағалау критерийі

Алған білімін пайдаланады

Ашық сұрақ құрастырады

Зерттеу әдісін таңдайды

Бірнеше тақырыпты кіріктіре пайдаланады

Тілдік мақсат

Термин сөздерді қолданып, тақырып бойынша сұрақ құрастырады, әңгімелейді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі, көркем еңбек, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Эксперименттің, бақылаудың басты белгілерін анықтайды, бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілейді, эксперимент жүргізеді, оның нәтижелерін кестеге түсіре алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе тапсырма. Өткенді пысықтау.

Өткен сабақтағы зерттеу кезеңдерін, эксперимент жоспарын еске түсіру, пысықтау.

Зерттеу кезеңдері жазылған парақ

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.

Жыл бойы жасалған зерттеу жұмыстарын еске түсіру. Тізімін жасау. Сұрақтар бойынша талқылау жүргізу.

  • Қандай зерттеу жұмысы жасау қызықты болды?
  • Қай зерттеу жұмысын жасау қиын болды?
  • Зерттеу жұмысының ішінде қайсысы ерекше қызықты, ерекше болды? Неліктен?

Сыныппен бөлісу.

Зерттеу әдістерін атаңдар.

Эксперимент, бақылау, өлшеу.

Топтар атаған зерттеу жұмыстарын әдістер бойынша жіктеу (тақтаға\ флипчартқа жазу немесе ілу)

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Үшінші сыныпта оқығанымызды пысықтайық

Топтық жұмыс. Оқушыларды шағын топтарға/ жұптарға біріктіру.

Әр топқа тақырып тарату.

  • Өсімдіктер
  • Жануарлар
  • Адам
  • Заттар
  • Топырақ
  • Су
  • Ауа
  • Жер
  • Ғарыш
  • Уақыт
  • Күштер
  • Жарық
  • Жылу
  • Дыбыс
  • Электр
  • Магнит

Оқушылар жұпта/ топта тақырып бойынша сұрақтар құрастыру

Сұрақтарын сағат тілімен басқа топқа ұсынады.

Сұрақты алған топтың дайындалуы

Жауап беру сәті.

Барлық топтар жауап беруші топты бағалауға дайындалады. Бутерброд әдісі.

Сұрақты ұсынушы топ сұраққа толық жауап алынбаған жағдайда толықтырады.

Зерттеу жұмысы

Оқушыларды бес топқа біріктіру.

Топтарға жергілікті жердегі оқушыларға жақсы белгілі бір орындарды (аумақтарды) бөліп беру. Суретін көрсету (немесе алдын ала топсеруен жасау) немесе кез келген табиғат бірлестігінің суретін, бейнетаспасын көрсетуге болады.

Мысалы, саябақ, мектеп ауласы, жағалау, алаң, спорт алаңы (жергілікті жерге байланысты әртүрлі болады).

Зерттеу жүргізуге тапсырма беру.

  • Орын туралы ақпарат жинау (қашан құрылды, ашылды, атауы бар ма, қандай жағдайда, тұрғындар ол жерге көп бара ма, т.с.с.)
  • Өсімдіктерін сипаттау, жіктеу.
  • Жануарларды сипаттау, жіктеу.
  • Ол жерде жұмыс істейтін/ тұратын адамдар, орынның адам денсаулығына әсерін анықтау.
  • Топырағын анықтау, суы (суқойма түрі, атауы) мен ауасының тазалығын сипаттау, ластанса, оған не әсер ететінін анықтау.
  • Ол орында қандай күштер әсер ететінін сипаттау, жарық, дыбыс, жылу туралы ақпарат беру.

Нәтижелерді постерге рәсімдеу.

Топтардың жұмысымен танысу

Өзара бағалау.

Қорытынды жасау.

Шығармашылық тапсырма. Осы орынның ресурстарын пайдаланып қандай зерттеу жүргізуге болады? Қандай әдіс таңдайсыңдар?

Әр топ зерттеу жұмысын, оны жүргізетін әдісін (эксперимент, бақылау, өлшеу) сипаттайды.

ҚБ. Өзара бағалау.

Мұғалімнің кері байланысы.

Ресурстар: парақтар,

Маркерлер, бағалау парағы

Сабақтың соңы

Рефлексия кезеңі.

Алдын ала жоспарлау. Сұрақтарға жауап беру.

  • Жазғы демалыста нені зерттер едім?
  • Ол үшін не қажет?
  • Нәтижесін қалай көрсетемін?

Кері байланыс.

Үшінші сыныпта пән .... (қызықты\ қызықсыз) болды.

Үшінші сыныпта пән .... (қиын\оңай) болды.

Үшінші сыныпта пән бойынша .... (жаңа ақпарат \ таныс ақпарат ) болды.

Үшінші сыныпта пән бойынша үйренгенімді ..... пайдаланамын.

Төртінші сыныпта пән бойынша ..... үйренемін деп ойлаймын.

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.

Кері байланыс парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмысқа оқушыларды біріктіргенде саралау

Сұрақ қою барысында саралау.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

- мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау, бағыттау);

- топтардың өзара бағалауы;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

- оқушылардың жауабын, іс-әрекетін бақылау;

- Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу