Қазақ тілі және әдебиеті _1 сынып_6 бөлім_Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті_Ұлттық кейіпкер жайында әіңгіме оқу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Физика-Математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:02.03.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні :Сабитова А.С..

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлттық кейіпкерлер жайында әңгіме оқу

Оқу мақсаттары

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну

Сабақ мақсаттары

Алдар Көсе жайлы әңгімені оқиды, мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлрін мазмұнын талқылау арқылы анықтайды.

Бағалау критерилері

 

әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алады; мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алады.

Сөздік қор

Ұлттық кейіпкер ,мазмұн,қиял-ғажайып,шыншыл,кейіпкер,сараң,жомарт, ақылды, айлакер, қу, т.б.

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың ортасы

8-10 мин

3-5 мин

5-7 мин

3-5 мин

7-8 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Психологиялық дайындық

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Әлемде нұр тыныштық.

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң, мектебім!

Қайырлы күн, достарым!

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламын!

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

-Балалар, бүгін біз ертегілерге саяхат жасап, ондағы кейіпкерлермен танысамыз.

-Ал қандай ертегі оқитынымызды қазір ойын ойнау арқылы білеміз.Ойынның аты «Буындар паравозы» деп аталады.

(Т) «Буындар паравозы» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Оқушыларға қима буындар беріледі. Оқушылар буындардан сөз құрастырады.Әр топ неше және қандай паравоз жасағанын көрсетіп айтады.

МАҚ ТА ҚЫЗ БЕН МЫ СЫҚ

ЕР ТӨС ТІК БА УЫР САҚ

АЛ ДАР КӨ СЕ

-Балалар, қандай ертегі қызылмен жазылған?

-Алдар Көсе ол кім?

-Ендеше біз бүгін ұлттық кейіпкер Алдар Көсе жайлы ертегі оқимыз.Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:

1. Қиял - ғажайып;

2. Хайуанаттар туралы;

3. Шыншыл ертегі;

4. Тұрмыс - салт ертегілер

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

(МК) Алдар көсе туралы мультфильм үзіндісін көрсету

-Мультфильм сендерге ұнады ма?

-Алдар Көсе қандай адам екен?

-Ол қандай өлең айтады екен?

(Ұ) Өлеңмен жұмыс:Өлеңді оқыту.Әнімен айтуға үйрету.

Мен Алдармын ,Алдармын,

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сусыз жерде өсемін,

Сондықтан да көсемін.

(Ұ)«Анықтайық» айдары

Балалар Алдарға мінездеме береді.Көмекші сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрастырады.

(Ө) Карточкамен жұмыс

Оқушыларға «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай» жайлы ертегінің қысқа үзіндісін оқыту.

Тапсырма: Ертегі үзіндісін оқып, кейіпкерлерді анықта.

 Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, — дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады.

 — Е, байеке! Енді бұдан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Соңғы рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,— деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.

Сөйлемдерді толықтырып жаз.

.................. алданған ................. қатты ашуланды.

Алдар ............................... алдап, қулығын асырды.

Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары

Қима буындар

А4 парағында тірек сызба

Алдар Көсе жайлы мультфильм

Өлең жазылған А4 парақтары

Сөздер мен сөз тіркестері

ҚБ карточкалары

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақтан не үйрендің?

Оқушылар өз үйренгендерін айтады

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайтапсырмалар қоюды жоспарлап

отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

МАҚ ТА ҚЫЗ БЕН МЫ СЫҚ

ЕР ТӨС ТІК БА УЫР САҚ

АЛ ДАР КӨ СЕ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу