Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 6 бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Нұсқаулық туралы ДИДАКТИКА


Хан талапай

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Хан талапай». Ойынды үлкендердің басшылығымен жас балалар ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, нерв жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда саңтау қабілеттерін жетілдіру.

Аударыспақ Қазақтың кәдімгі ұлттық спорт ойыны.Екі ойыншы ағаштан жасалған аттарына отырады. Төрешінің белгісімен бірін-бірі тартып, не итеріп, ағаш аттан аударып түсуі шарт.Аяқты жерге, ағаш атқа тіреуге болмайды.Ойын шарты бұзылады. Өз қарсыласын аынан түсірген ойыншы жеңген болып есептеледі.

Сиқырлы таяқ

Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбердің бойында тұрады.Ойын жүргізуші қолында таяғы бар,шеңбердің ортасына шығып,ойынға қатысушыларды 1-10-ға дейін нөмірлеп шығады.Таяқты тігінен жерге қойып ұстап тұрады да, қоя беріп, кез келген бір нөмірді шақырады. Шақырған нөмірдегі ойыншы таяқты жерге құлатпай қағып алса,өз орнына барып тұрады.Ал таяқты ұстай алмай қалса, өз өнерін крсетеді. Барлық ойыншы бір-бір реттен ойнауы керек.

Қыз қуу

Ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.

Арқан тартыс

Бұл ойынның екі түрі бар. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қарсыластарын өзіне тартып алған топ-жеңген болып есептеледі.

Алтын қабақ

Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу.

Аламан бәйге Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25- 100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен астар мен зор мерекелерде жарияланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу