1-сынып_қазақ тілі_2-бөлім_Менің мектебім_Мектепке бару бағытын құрастыру_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім

Күні: 12.10.16

Сынып: 1А

Мектеп: НИШ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Мектепке бару бағытын құрастыру

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

Рр әрпімен және дыбысымен танысу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сөздерді буынға бөледі, сөзден сөйлем құрайды.

Көптеген оқушылар: Мәтінді тұтас оқиды. Кей сөйлемдердің мағынасын түсінеді

Кейбір оқушылар: Мәтінді тұтас оқып, мазмұндай алады.

Бағалау критерийлері

мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

- мәтінге қатысты көзқарасын айтады;

- өз ойын түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Құндылықтарды дарыту

Достық қарым-қатынас

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе, математика

АКТ қолдану дағдылары

Тақтада сызу, қарау, тыңдау

Бастапқы білім

мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

3 мин

Таңғы шеңбер

Орнымыздан тұрамыз

Үлкен шеңбер құрамыз.

Қазақ тілі ұнайды

Қара, тыңда, орында

Кейін сенен сұрайды.(қимылмен көрсету)

Бүгінгі күнге барлықтарыңа сәттілік тілеймін.

Хормен оқу

Өлеңді бірнеше рет қайталау арқылы оқушыларға қосылып хормен айтуға мүмкіндік беру

Мектепке келдім,

Оқушы болдым.

Тәртіпті баламын

Оқып, білім аламын

-Өлең не жайлы? Мен қайда келдім? Мен кім болдым? Қандай бала боламын? Не үшін мектепке келдім?

-Бүгінгі сабақ мектеп тақырыбына байланысты. Біз енді үйден мектепке дейінгі жолды суреттейміз. Бағытын құрастырамыз.

Интерактивті тақта

слайдтар

Сабақ ортасы

6 мин

10 мин

3 минут

2 минут

8 минут

5 мин

1Ұ) Өлең оқу

«Жетпіс пен жеті» өлеңін оқу. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қою. Түсінгендерін әңгімелету.

2. Ж) Сызба бойынша жұмыс

Оқушылар үйден өздері сызып келген мектепке келу бағыты бойынша жұпта бір-біріне әңгімелеп береді, топта талқылайды. Оқушылар үйден шыққаннан бастап жүрген жолдарын (сызба, белгі, символдар арқылы, оң жақта, сол жақта кездесетін нысандарды нақтылау) жазады. Мүмкіндігінше түрлі жолдармен жүру.

Сергіту сәті

Көңілді сергіту жаттығулары

3. Жаңылтпаш оқу, қайталату.

- Ара, ара, аралар

Гүлдерден сорып бал алар

Алысқа ұшып бара алар

Бал тәтті ғой балалар.

  • Жаңылтпаш не жайында? – Аралар
  • Ара сөзінде бізге таныс емес қай әріп?
  • Ендеше бүгін Р әрпімен және дыбысымен танысамыз

Бейнекөрініс «Рр әрпі»

  • Р дыбысының дауыссыз дыбыс екенін айту
  • Р дыбысынан басталатын және р дыбысы келетін сөздер ойлату. Буынға бөлу. Сөздің қай жерінде кездесетінін анықтау.
  • Сөздермен сөйлемдер құрастыру

4.Дәптермен жұмыс

1.Рр әрпін жазу

2. Ара сөзін буынға бөліп жазу

өлең

Жолсызба парақтары

Көңілді сергіту жаттығулары

жаңылтпаш

Сабақтың соңы

5 минут

 Мектеп жайлы өлеңдер оқу, өлең мазмұны бойынша сұрақтар қою.

 Оқушыларға өз сөздерімен түсінгендерін әңгімелеп беруді ұсыну

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қ)Оқушылардың жолсызбаны сызып, қарапайым жай сөйлемдерді пайдалана отырып, баяндау қабілетін бақылау арқылы бағалаймын.

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

өздері сұрақ құрастыра алады, жауап бере алады

мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

- мәтінге қатысты көзқарасын айтады;

- өз ойын түсіндіреді

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу