👈 қаріп өлшемі 👉

қазақ тілі_1-сынып_Өзім туралы_Өлең жазу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Сабитова А.С.

Сынып: 1 А

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Өлең жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

сөз/сөйлем сызбасын оқу, берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту, дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну, жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

Таныс дыбыстарды қолданып әріп жаза алады, сөз, сөйлем сызбасын біледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын жаза алады. Өлеңнің ұйқасын табады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын, сөз еркін жаза алады. Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды..

Жетістік критерилері

 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса,

оқушы оқу мақсатына жетеді.

таныс дыбыстарды қолдана отырып, әріп/буын/сӛздерді сауатты жаза алады.

 Сөздік қор

Ата, дыбыс, әріп, ақын, өлең, ұйқас.

Құндылықтарды

дарыту

 Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар әңгімелер мен өлеңдерді, өздерін сипаттауға керек кейбір сөздерді білуі керек.Өлеңді буындап немесе тұтас оқи алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

Таңғы шеңбер:

Орнымыздан тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық.

Қазақ тілі ұнайды,

Қара, тыңда, орында.

Кейін сеннен сұрайды.

«Ойыншықтар» әнін тыңдау, айту, қарап оқу. Бұл өлең, сөздер ұйқас. Талдау жасау, қарапайым сөйлем ретінде құрастырып, сызбасын жасау. (1 шумаққа)

Бүгін біз де ұйқасымен сөйлеп көреміз

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

7 минут

5 минут

5 минут

«Ұйқасын тап» ойыны

(Ұ)-Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

-Ендеше қазір сендермен ойын ойнаймыз.

Мен сендерге басын айтамын, ал сендер ұйқас сөзді тауып аяқтау керексіңдер..

-Ра,ра,ра оқулыққа .....

Қы,қы,қы мәтінді ......

Аз,аз,аз, дәптеріңе .....

Ер, ер, ер, сұраққа жауап .....

Қы,қы,қы сабағыңды ....

Ол, ол, ол- жақсы бала .....

Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар оқиды, ұйқасын табады.Өлең екенін айтады.Хормен оқиды. Әндетіп те оқиды.

-Жарайсыңдар, балалар. Енді қараңдаршы, бізде не пайда болды?

(МК) Зат жасыру:

Оны адамдар қолданады, онымен шашты түзейді. Ол әртүрлі болады. (тарақ)

(Т)

Хормен айтқызу: Баспа және жазбаша түрімен таныстыру, ауада жазу. Дауысты және дауыссыз екенін өздері ажыратады.

Дәптермен жұмыс

Дәптерге көркем жазу сәтін өткізу.

(Ұ) Т әрпіне байланысты өлең шығару

Та,та,та

Келе жатыр ....

Ет, ет, ет

Мақсатыңа ....

Мұғалімнің іс-әрекеті:Оқушыларға өздеріне ұнайтын заттың атының бірінші әрпін немесе толық сөзді жазуды тапсыру.

(Ө) «Тізбек» ойыны

Мұғалімнің іс-әрекеті:Тақтаға тақырыпқа сай сөз жазылады. Оқылады, соңғы әрпі анықталады.Бұл соңғы әріп келесі сөздің бастапқы әрпі болатыны түсіндіріледі.

Оқушылардың іс-әрекеті:

Оқушылар жазылған сөзді оқиды.Соңғы әрпін анықтап, сол әріптен басталатын сөз ойлап табады. Дәптерге жазады. Сөз жаза алмаған оқушы сол дыбыстан басталатын буын немесе әріпті жазуы керек.

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3 минут

(Қ) Қалыптастырушы бағалау: Оқушылардың әріп элементтерін дұрыс салуына және сөздерді сауатты жазуына көңіл бөліп,жазылым дағдысын жетілдіруді қажет ететін оқушыларды белгілеп алып отырамын.Оқушылардың әріп, буын, сөз жазуын бақылау жүргізу арқылы бағалаймын Рефлексия:

- Өлең құрастыру үшін не істедік?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

-Өздеріңнің түсініктеріңді басбармақ арқылы көрсетіңдер.Сабақтағы көңіл-күйлеріңді смайлик арқылы көрсетіңдер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

.Өлеңдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба алады.

 Топтық жұмыс барысында

Қалыптастырушы бағалау арқылы

Жазу барысында партада дұрыс отыруды қадағалау

Сергіту сәті

і.

 

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы