👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиеті _1сынып_1-бөлім Өзім туралы_Баспана түрлер ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «1-бөлім. «Өзім туралы»»

Мектеп: Физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Сабитова А.С.

Сынып:

1 А

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Баспана түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтеме)

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.

11.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

Таныс дыбыстарды қолданып әріп жаза алады, сөз, сөйлем сызбасын біледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын жаза алады. Буындап оқиды, сөйлемдер құрайды.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Таныс дыбыстарды қолданып, әріп, буын, сөздерді еркін жаза алады. Сюжетті сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құрайды.

Бағалау критерийлері

 

  • Жаңа сөздерді қолданып, сөйлем құрастырады.
  • Таныс дыбыстарды қолдана отырып, әріп/буын/сөздерді сауатты жаза алады.

 Тілдік мақсаттар

Сөйлеу, сөз, сөйлем, дыбыс, буын сызбаларын оқуға және жазуға дағдыландыру

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика, өнер.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Тақтада сызып көрсету

Бастапқы білім білім

Оқушылар әңгімелер мен өлеңдерді, өздерін сипаттауға керек кейбір сөздерді біледі.Өлеңді буындап немесе тұтас оқи алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

Таңғы шеңбер:

Орнымыздан тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық.

Қазақ тілі ұнайды,

Қара, тыңда, орында.

Кейін сенен сұрайды.

«Ұйқасын тап» ойыны (қайталау)

(Ұ)-Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

-Ендеше қазір сендермен ойын ойнаймыз.

Мен сендерге басын айтамын, ал сендер ұйқас сөзді тауып аяқтау керексіңдер..

-Ра,ра,ра оқулыққа .....

Қы,қы,қы мәтінді ......

Аз,аз,аз, дәптеріңе .....

Ер, ер, ер, сұраққа жауап .....

Қы,қы,қы сабағыңды ....

Ол, ол, ол- жақсы бала .....

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар оқиды, ұйқасын табады.Өлең екенін айтады.Хормен оқиды. Әндетіп те оқиды.

-Жарайсыңдар, балалар. Енді қараңдаршы, бізде не пайда болды? (өлең).

Келесі бөлімде де өлең, мәтін, сөз, сөйлем деген ұғымдарды қолданамыз.

Қимылмен көрсетупрезентация слайд-шоу

Сабақтың ортасы-

7 мин

8 мин

1 мин

8 мин

3 мин

3 мин

Жаңа сабақ

) Әр жұпқа сөздер таратылады, тақтадағы суретке сәйкес сөйлемді тауып дауыстап оқиды.

Мысалы:

1.Суырдың баспанасы- ін .

2.Күйкентай деген құстың баспанасы-ұя.

3.Тиіннің баспанасы- ағаштың қуысы.

4.Тоқылдақтың баспанасы- ағаш діңінде.

5.Аюдың баспанасы-апан.

6.Құмырсқаның баспанасы-илеу.

7.Кейбір құстар мынандай баспана жасап алады. 8.Бұғының баспанасы – орман.

9.Адамдардың баспанасы-үй

10.Киіз үй – ерекше баспана. Ол жиналады және қайта құрылады.

-Қай сөз жиі айтылды? Осы сөзді буынға бөлейік.

Бас-па-на, қай әріптен басталады?

(ТЖ) Б әрпі, дыбысы.

Видео қарап, сөздерді айту. Хормен айтқызу. Баспа және жазбаша түрімен таныстыру, ауада жазу. Дауысты және дауыссыз екенін өздері ажыратады. Дәптерге көркем жазу сәтін өткізу.

Сергіту сәті «Көңілді балақайлар»

(ТЖ) Әр топ өз баспанасы бойынша «Менің баспанам» тақырыбына сурет салу.

«Суреттер де сөйлейді» әдісі бойынша әр топ өзі салған баспанасының ерекшелігін айтады, тақтаға іледі.

Топтық жұмыс барысында оқушылар өзара бағалау жасайды

(МК) Жұмбақ жасыру

Бұл жануардың баспанасы- орман, б әрпінен басталады (бұғы).

Бұғы сөзіне сөйлем құрап, сызбасын жасау

Дидактикалық материалдар

Бейнекөрініс

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

(ҚБ) Берілген суреттерден сызба бойынша сөйлемдер құрастырады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

(Қ) Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. Сөйлемге сызба құрастыра алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға салынған сурет бойынша толық сөйлемді өздіктерімен құрастыруға тапсырма беремін. Топта жетекшінің рөлін атқарады.

 Топтық жұмыс барысында оқушылар өзара бағалау жасайды.

Қалыптастырушы бағалау арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік. Сабақтың басында партада дұрыс отыру.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

 

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы