Талап қою іс жүргізуінің негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Құқық негіздері

Сынып: 11

Бөлім

Іс жүргізу құқығының негіздері

Сабақ тақырыбы

Талап қою іс жүргізуінің негіздері

Оқу мақсаттары

11.4.2.1 - талап қою шарттарын түсіндіру; 11.4.2.2 - талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру

Бағалау критерийлері

Талап қою ұғымын түсінеді және талап қою түрлерін біледі.

Мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес талап қою арызын құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік құзыреттіліктерді дамыту:

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: сұрақтарға жауап беруде жазба жұмысты орындау.

Айтылым: барлық сыныппен ұжымдық талқылау, сұрақтарға жауап беру, сонымен қатар жұпта жұмыс жасау кезінде.

Оқушылар:

-Оқушылар жұмыс нәтижелерін қарастыру барысында барлық сыныппен талқылауға (оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдылары) қатысады.

Пәнге тән лексика мен терминология

Азаматтық іс жүргізу кодексі, талап қою, талап қою арызы, прокурор, жауапкер, сот т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талап қою ...

Талап қою түрлері ...

Талап қою арызы ...

Талап қоюдың түрі мен мазмұнына қойылатын шарттар ...

Талап қою тəртібін сақтамаудын салдары ...

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмысты және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық пен академиялық шындық.

IT-дағдыларды қалыптастыру

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Пәнаралық байланыстар:

Тарих пәні

Бастапқы білім

Оқушылардың 10 сыныптағы азаматтық іс-жүргізу негіздері бөлімі бойынша игерген білімдері бар.

Саралау

Жасырын саралау қабілеті жоғарырақ оқушы қабілеті төменірек оқушыға қолдау көрсететін жұптарды қалыптастыруда көрінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Б Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, түгендеу)

М Презентацияны қолдана отырып, сабақ мақсаты мен бағалау крийтерийлерімен таныстырады.

Талап қою бойынша іс жүргізу ұғымымен және ерекшеліктерімен таныстырып өту.

  • 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі қолданысқа енгізілді.
  • Талап қою азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-тарауында көзделген және талап қою нысаны мен мазмұнын көздейтін 7 баптан тұрады; талап қою арызыңа қоса берілетін құжаттар; талап қою арызын қабылдау; талап арызды қабылдаудан бас тарту; талап арызды қайтару; қарсы талап қою; қарсы талап қоюды қабылдау шарттары.
  • Талап қою бойынша іс жүргізу – азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй жəне басқа да құқықтық қатынастардан туындаған даулар бойынша бұзылған құқықты немесе заңды мүддені қорғау бойынша сотта іс жүргізу (ҚР АПК-нің 148-285 баптары).

Сабақтың ортасы

10 минут

2 минут

3 минут

15 минут

Д Оқушыларға талап қоюдың ерекшеліктеріне қатысты мәтін ұсынылып, тапсырма беріледі.

Тапсырма №1. Мәтінмен танысып шығып, талап қоюдың түрі мен мазмұнына қойылатын шарттарды анықтаңыз.

Дескрипторлар:

Талап қоюдың түрі мен мазмұнына қойылатын кем дегенде 3 шартты анықтайды.

Жұмыс нәтижелері бойынша жалпы сыныптық талқылау ұйымдастырылады. Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан кейін мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

М Мұғалім сызбалар негізінде талап қою тәртібі және талап қоюдың құқықтық салдары бойынша ақпарат береді.

Ж Талап қою арызына қойылатын шаттармен танысып шығып, талап қою құрастыруға тапсырма беріледі.

Тапсырма №2.

1.Талап қою арызының мазмұны мен формасына қойылатын шарттармен танысып шығыңыз. 2. Талап қою арызын құрастырыңыз.

Дескрипторлар:

Талап қоюдың түрі мен мазмұнына қойылатын шарттарға сәйкес талап қою арызын құрастырады.

Б Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр жұп өз жұмысын жанындағы жұпппен алмастырып, өзара бағалау ұйымдастырылады.

Талап қою.

https://www.zakon.kz/4789451-predjavlenie-iska-bertybaeva-s.t.-sudja.html

https://cdb.kz/sistema/page/poryadok-podachi-iska/

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

  • Мен үшін орындалуында қиындық тудырған мәселе...
  • Бұған дейін мен естісем де, аса мән бермей келген қызықты мәлімет...
  • Өтілген сабақ бойынша менің түйінді ойым ...

Презентация



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді