Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация, 1 сабақ


Оқу мақсаты:

11.3.3.1 - авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру;

Бағалау критерийлері:

Авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіре алады.

Тақырып: Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР-ның Заңына» сәйкес авторлық құқық дегеніміз .................

Біздің топтың жағдаяты бойынша .................. құқылы/құқылы емес.

Тілдік мақсат

Авторлық құқық объектілері:

әдеби туындылар;

драмалық және музыка-драмалық туындылар;

Сценарийлер;

хореография және пантомима туындылары;

мәтінмен немесе мәтінсіз музыкалық туындылар;

дыбыс, бейнетуындылар;

фотосурет туындылары және фото суретке ұқсас тәсілмен алынған туындылар;

географияга, топографияга және баска да ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, үлгілер, иллюстрациялар және үшөлшемді туындылар;

бейнелеу өнеріндегі сурет, мүсін, графикалар және басқа да туындылар

қолданбалы өнер туындылары;

сәулет. қала құрылысы, дизайн және бау бақша, саябақ өнер туындылары;

туынды шығармалар (аудармалар, ендеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндемелер, шолулар, музыкалық өндемелер жене ғылым, өдебиет пен өнер туындыларының кайта өнделімдерi);

жинақтар (энциклопедиялар, антоло-гиялар, деректер базалары) және басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасуы бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын туындылар.

Жеке жұмыс. 1-қосымшадағы мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыздар:

Авторлық құқық дегеніміз не? Сабақтас құқық дегеніміз не?

Сабақтас құқықтың авторлық құқықтан айырмашылығы неде?

Авторлық құқықтың объектілеріне нелер жатпайды? Зияткерлік меншікті қорғауды қандай мемлекеттік орган қамтамасыз етеді?

Топтық жұмыс. Жағдаяттық тапсырмаларды оқып, өз тұжырымдарыңды білдіріңдер.

1-топқа. А. қалалық Полиция департаментінің қызметкері полиция лейтенанты К. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті патрульдік полицияларына бейне жазатын құрылғысы бар каска киіп жүруді ұсынып, хат жазды. Азамат К. осы идеясы үшін авторлық құқыққа ие бола ала ма?

2-топқа. Қ. қаласының бір тұрғыны «Қара батыр» атты кітап жазды. Осы азамат авторлық құқық алуға құқылы ма?

3-топқа. Нұр-сұлтан қаласында еткен концерттердің бірінде Моцарттың туындылары орындалды. Концерт ұйымдастырушылары композитор туыстарының келісімінсіз Моцарттың музыкаларын қоюға құқығы бар ма?

«Еркін микрофон» стратегиясы арқылы тұжырым жасаңыздар

Рефлексия

Бүгін үйренгеніңнің ең пайдалысы не болды?

Басқа оқушылар саған оқу барысында қалай көмектесе алды/алады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді