Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп : Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Сыныбы: 9

Мерзімі:

Оқушы саны:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пән аты:

Құқық негіздері

Тақырып:

Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері

Оқу мақсаты:

10.3.3.1 отбасылық қарым-қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіру («ҚР Неке және отбасы туралы кодексі», «ҚР бала құқықтары туралы заңы»)

 Сабақ мақсаты:

Отбасы мағынасын аша отырып, отбасы құндылықтары, отбасының қоғам мен мемлекетте алатын орны мен ролін,маңыздылығын айқындау

Бағалау критерийлері:

Отбасы құру қағидаларын анықтайды.

Отбасының атқаратын функциясын анықтайды.

Отбасы құндылықтарын анықтайды

Тілдік міндеттер

  • Оқушылар:
  • бейнебаянды көріп, отбасы ұғымы аясында талқылау жүргізеді (тыңдалым және айтылым дағдылары).
  • тақырып аясында зерттеу жүргізеді, отбасы моделін жасайды (оқылым, айтылым дағдылары)

Терминдер

  • отбасы
  • неке
  • отбасы мүшелері
  • ерлі-зайыптылар
  • отбасы құқығы
  • толық отбасы
  • толық емес отбасы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Отбасы дегеніміз...
  • Неке дегеніміз...
  • Некені қиюдың негізгі шарттары...
  • Отбасының қоғамдағы маңызы...
  • Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарда ғана қиылған неке заңды деп есептеледі, себебі...

Құндылықтарды дарыту

- Өз еліне және қазақстандық заңдылықтарға деген құрметті қалыптастыру

- Жаһандық азаматтылық

- Құрмет пен ашықтық.

 «Мәңгілік ел

 идеясы

 құндылығы:

Оқушылар бойында:

Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Әлеуметтану, тарих

АКТ-ны қолдану

Бейне сюжет көру, Интернет материалдары, презентация, слайд т.б.

Сабақ барысы

Уақытты

жоспарлау

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дерек көздері

Қызығушылықты ояту кезеңі.

3 минут

Жаңа сабақ

1 қадам

15 мин

2 қадам

тапсырмалар

3 мин

3 қадам

15 мин

Қорытынды

4 минут

Суреттер арқылы сабақ тақырыбын ашу.

Ойлар генерациясы:

«Отбасы – тіршіліктің тірегі...»? – деген ойды қалайша түсінуге болады?

Оқушылардың тиісті жауаптарымен сұрақты талқылау

Жаңа сабақты түсіндіру:

Сабақ мақсаттарын баяндау.

Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Пәндік лексика мен терминология:

Отбасы – бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.

Отбасы мүшелері – бір отбасыға тиесілі әкесі, анасы, балалары.

Ерлі-зайыптылар – неке негізінде үйленген ер мен әйел адамдар жұбы

Отбасы құқығы- «Неке және отбасы» туралы заңдар көрсетілген жанұя мүшелерінің заңдық еріктері мен міндеттері

Толық отбасы – отбасы мүшелері (ата-анасы, балалары, атасы мен әжесі) түгел болатын отбасыны айтады.

Толық емес отбасы – балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады.

Бейнесюжеттер тамашалау.

Тақырыптары:

Отбасы құндылықтарын сақта

http://www.youtube.com/watch?v=LSo90qFfRfQ

Бейнесюжеттен туындайтын тақырыптық сұрақтар:

  • Отбасы дегеніміз (...)
  • Отбасының қоғамдағы маңызы (...)
  • Неке дегеніміз (...)
  • Некеге тұрудың негізгі шарттары (...)
  • Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарда ғана қиылған неке заңды деп есептеледі, себебі (...)

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Отбасылық құқықтың қайнар көздері

КР Конституциясы27-бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады

 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.  

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi.

 3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.

3-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасымен реттелетін қатынастар

      Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:

      1) отбасы мүшелері: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді;

      2) некеге отырудың (ерлі-зайыпты болудың), некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;

      3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

      4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейді;

      5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функцияларын айқындайды.

Тапсырма. Жеке жұмыс.

Оқушыларға отбасылық анықтама кестесін толтыруға тапсырма беріледі.

І топ

Отбасы адамға не береді?

ІІ топ

Отбасы мүшелерін не біріктіреді?

ІІІ топ

Отбасы мемлекетке не береді?

IV топ

Отбасы мүшелерін атаңыз

Отбасылық анықтама кестесінің толықтырылмаған формасы.

І топ

Отбасы адамға не береді?

ІІ топ

Отбасы мүшелерін не біріктіреді?

ІІІ топ

Отбасы мемлекетке не береді?

IV топ

Отбасы мүшелерін атаңыз

қорғаныс

Туысқандық

Азаматтық

Ерлі-зайыптылар

өзара түсінушілік

Ортақ шаруашылық

Жұмыскер

Ата – ана мен балалар, асырап алушылар

ұрпақты жалғастыру

Бала

Салық төлеуші

Ата-әжелер

құрмет

Дәстүр

Ғалым

Өгей әке-шеше

жылулық

Құқық пен міндеткерлік

Өнертапқыш

Аға-іні, қарындас

жайлылық

 

Отан қорғаушы

 

Топтық жұмыс: Отау құру

І топ (кереге) – Отбасы ұғымы, отбасының құқықтық негізі, құру қағидалары

ІІ топ (уық) – Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі

ІІІ топ (шаңырақ)– Отбасының атқаратын функциясы

Бағалау критерийі:

Отбасы құру қағидаларын анықтайды.

Неке ерекшеліктері, шарттары мен тәртібін анықтайды

Отбасының атқаратын функциясын анықтайды.

Оқушылар назарына киіз үйдің құрылысы ұсынылады.

Рефлексия

  • Отбасы құқығының қайнар көздері ...
  • Отбасы құқығы мемлекет тарапынан қорғалу керек, себебі...
  • Отбасы құру жолдары мен қағидалары ...
  • Отбасының қоғамдағы ролі маңызды себебі...

Үй тапсырмасы:

«Бақытты отбасы қандай болуы керек?» тақырыбында инфографикалық модель (үй, сурет, бейне түрінде) құрастыру.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы

Оқу жоспары Құқық негіздері

9 сынып;

Критериалды бағалау негіздері, Құқық негіздері, 9 сынып;

Құқық негіздері, Практикум, Әдістемелік құрал, Астана 2015 ж.

Отбасы құндылығы

http://www.youtube.com/watch?v=E28nqFq0MEg

отбасы құндылықтар сақтау

http://www.youtube.com/watch?v=LSo90qFfRfQ

Өнегелі отбасы –білім мен тәрбие ордасы http://www.youtube.com/watch?v=D0i69FMcaVo

Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. http://adilet.zan.kz

Киіз үй макетін қолдануға болады. Әр топқа киіз үйдің негізгі бөліктерін дайындап беріңіз.

Қорытынды бағалау(рефлексия)

Ең жақсы өткен екі дүние (оқуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында мүмкіндік барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1.

2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?