Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ: №4 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||
Күні: | Мұғалім: Есенжолова А.О. | |||||
Сынып:11L1 | Қатысқан оқушы саны: 24 | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырып/бөлімі: | 1-бөлім. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Ғасырлық туынды 1-2-кітап | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | 11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу | |||||
Сабақ мақсаты: | «Абай жолы» роман-эпопеясын мазмұндас туындымен салыстырып, әдеби сын жазу | |||||
Бағалау критерийлері: |
| |||||
Дескрипторлар: |
| |||||
Құндылықтарды игерту: | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі | |||||
Пәнаралық байланыс: | Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті, өнер пәндерімен байланысады. | |||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы | |||||
Тілдік мақсаттар | Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту, әртүрлі мақсаттарда жазылатын жазба жұмысына сәйкес стильді таңдай білуге бағыттау. Пән лексикасы және терминология: композиция, композициялық даму, лирикалық шегініс, оқшау эпизодтар, көркемдік аңдату сюжет, фабула, композиция, сюжеттік даму, сюжеттік байланыс, эпилог, пролог. Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Бұл бөлім нәтижелі қарым-қатынас білімі мен түсінігін кеңейте отырып, 10-сыныпта дамытылған тілдік дағдыларды жалғастырады және өткен сыныпта оқыған бөлімдермен байланыс жасалады. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту Оқушылар http://www.youtube.com/watch?v=LNBoHjs4e-I сайтынан. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша бейнематериалдан /05.52-06.25 және 07.10-10.04 дейін/ үзінді көріп, жұбымен пікір алмасады. | Слаид материалдары | ||||
Сабақтың ортасы 38 мин | Мағынаны тану Оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясының І томы бойынша берілген үзіндіге сүйене отырып, жазушының Абай образын сомдаудағы суреткерлік шеберлігін талдап, әлемдік деңгейдегі мазмұндас шығармалармен салыстырып, әдеби сын жазады. Тапсырма Ж. Берілген үзіндіге, ғалымдардың зерттеулеріне сүйеніп, жазушының Абай образын сомдаудағы суреткерлік шеберлігін талдап, әлемдік деңгейдегі мазмұндас шығармалармен салыстырып, өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, әдеби сын жазыңыз. Жазылым барысында қою сиямен берілген жолдарға назар аударыңыз. «Абай жолы» роман-эпопеясының І кітабын М.Әуезов «Бұл күнде Абай көңіліне панасыз, кемтар көрінетін бар сахарасының, бар халқының күйі де осы реңдес. Бір кезде нанғыш, таза бала жүрегі барлық рақат, бақыт осы қырда, ауылда деп аласұрған болса, қазір Абай қайта жортып келеді. Енді бірақ сондағыдай үміт, бақыт тілегін қаладан іздеп, соны аңсап келеді. Бұл уақытта Абайдың жасы 24-ке шыққан. Көз алдынан өзі шегіп өткен жылдардың бірталай күйлері шұбатылып өте берді. Байқап қараса, өмірдің бірталай қат-қабатынан, шытырманынан, бел-белесінен өтіпті. Бір шақта өрге басып, енді, міне, қияға қияға қарай да өрлеп келе жатқан тәрізді. Осындай өз тірлігінің бұраң жолын көрді. Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір өмір гүл ашқан. Енді бұл күнде сол шыңға шыққан жас шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді» деп аяқтайды. Дескрипторлар:
Бағалау. Оқушылар жұпта жұмыстарымен алмасады. Дескриптор бойынша бір-бірін тексеріп, коммментарий жазады. «Автор орындығы». Топта үздік жұмыс анықталады. Сынып арасынан үздік жұмыс анықталып, автор орындығында оқылады. Басқа оқушылардың пікірі тыңдалады. | |||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия «3-2-1» әдісі Жазылымда мен үшін маңызды 3 аспект Қиындық туғызған 2 жағдай Менің табысым: 1 сөйлем | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||
Ойлан Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру