Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыт:

Мұғалімнің аты-жөні: Темешова А.А.

Сыныбы: 11 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырып/бөлім:

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі, С. Елубай «Жалған дүние» романы.

оқу мақсаты

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

сабақ мақсаты

Шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысады.

АКТ дағдылары:

таныстырылым, бейнебаян

Бағалау критерийі

-шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырады;

-тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Сұрақтарға жауап беру барысында пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .........

Менің пайымдауымша, ...........

Егер өз сөзімді қорытындыласам, .............

Меңгерілген білім

Жоспар

Уақыт

Іс-әрекет

Дереккөзі

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды қарсы алу, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу.

слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Қызығушылықты ояту.

Қасым Аманжолов – өз ғұмырында өзіне өлеңнен ескерткіш қойған ақын. Ақынның «Өзім туралы» өлеңі – адам өмірінің мәні мен өнер табиғатын көркем жинақтайтын философиялық мағыналы туынды. Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі – көп қырлы, терең мағыналы шығарма. Ақын бұл өлеңді шығармашылығының кемелденген тұсында жазған. «Өзім туралы» өлеңі автордың өз тағдыры туралы ойларынан басталып, кең арналы тақырыптарды көтереді. Олар: аға ұрпақ аманаты, келер ұрпақ парызы, адам тіршілігінің мәні, адамгершілік жайы, адамзат тіршілігіндегі жеке тұлғаның мән-мұраты, адамның болмыстағы орны, өткінші өмір, уақыт мәселесі, өшпес өнер табиғаты, ұрпақ пен дәстүр жалғастығы, ақынның келер ұрпаққа аманаты терең философиялық толғамдарда көркем сөз образдарымен шебер өрілген.

1-тапсырма. Аталған тақырыптар ашылған өлең шумақтарынан үзінділер келтіріңіз. Неліктен олар ғаламдық тақырыптар төңірегінен орын алады деп ойлайсың?

Дескриптор:

-ғаламдық тақырыптар бедерленген өлең шумақтарынан нақты мысалдар келтіреді;

-мәнін ашады.

2-тапсырма. Берілген үзіндіде көтерілген ғаламдық тақырыпты «4 сөйлем» үлгісінде талдай отырып, көркемдік құндылығына баға беріңіз.

Ризамын туғаныма адам болып,Өкінбен қаламын деп бір күн солып.Адамзат сапарының мейманымызБір мезет жер бетіне кетер соғып.

Екі көз – екі жұлдыз мандайдағы,Көруші ең қүбылысты кай-кайдағы.Япырмай, сен де бір күн сөнермісіңҚап-қара түнек болып маңайдағы?!

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,Өкінем ұқсата алмай келемін деп.Күніне жүз ойланып, мың толғанам,Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

Барым да, бақытым да осы өлеңім,Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін?!

Дескриптор:

- берілген үзіндіде көтерілген ғаламдық тақырыпты «4 сөйлем» үлгісінде талдайды;

- көркемдік құндылығына баға береді.

Бағалау. Оқушылар бір-бірін тыңдап, бағалайды.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=7341

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

Не қиын болды? Не ұнады? Қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Сабақта кім ерекше белсенді болды?

Сабақтан алған әсерлерін 2 жұлдыз, 1тілек әдісімен бағалайды.

Үйге тапсырма: «Өмір мәні неде?» деген тақырыпта ақын өлеңімен ұштастыра отырып, ойтолғау жазу.

Қосымша ақпарат:

Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология

АКТ-мен байланыс.

Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Ойлану

Сабақты мақсатқа сай етіп құруда кейде мақсаттың саған жұмыс істеуге мүмкіндігі жетпей жатады. Ол үшін көп ойлауға уақыт керек. Бұл сабақта әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу