Заман, дәуір тұлғасы. Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» (Б.Блум бойынша)

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам

1.Оқылған шығарма мазмұнын еске түсіру:

Шығарма кім туралы? Қашан, қалай болды?

2.Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойын түсіндіру:

Шығарманың ең қызық жері? Неліктен?

3.Қолдану: Сіз Демежанның орнында болсаңыз қайтер едіңіз? Әңгіменің тарихи негізі неде?

4.Талдау: Демежанға тән қасиеттерді атаңыз.

5.Жинақтау: алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау, оқиғаның себебі мен салдарының байланысын толық түсіну.

6.Бағалау: алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, жеке өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, талдайды, қорытады, бағалайды.

Топтық жұмыс

«Талдап білу»

Талқылаушы – мазмұны мен тақырыбын талқылайды.

Белгілеуші – мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы – шығарманы тарихи шындықпен байланыстырады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы империялық құрсаудағы Шығыс Түркістан, оның ішінде Тарбағатай өңіріндегі шиеленісті оқиғалар туралы баяндайды

Топ шешені – көтерілген мәселені ел бірлігі, ұлт мүддесі мәселелерімен байланыстырады. Халық үшін басын талай бәйгеге тігіп, өзге жұрттың өктемдігіне барынша тойтарыс бере білген Демежан әрекетіне талдау жасайды.

Қорытындылаушы – шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдап қорытындылайды.

Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» – деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу