Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: 10

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Катысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік

Сабақ тақырыбы:

Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар»

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);

Сабақ мақсаттары:

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу.

Бағалау критерийлері:

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады. Көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады.

Тілдік мақсаттар :

Техникалық санат, жалаң білім, рух тұғыры, компьютер басты жарты адам, ғылыми өр талғам , ғаламдық ой, жан байлығы, ұшқыр арман, рухани байлық, рух.

Осыған дейін меңгерілген білім :

«Ақылды қала» технологиясы

Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша жоба

Дифференциация :

Оқушылардың барлығы: көтерілген мәселе бойынша эссе жаза алады.

Оқушылардың көбісі: қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдана алады.

Кейбірі: көтерілген мәселе бойынша эссе жазғанда өз ойын дәлелді түрде жеткізеді.

Пәнаралық байланыс:

Этнопедагогика, педагогика

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация, бейнематериал

Дереккөздер:

https://adebiportal.kz/kz/authors/view/933

Мұхтар Шаханов Әдебиет порталы

Сабақтың барысы:

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу,түгелдеу
  • Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Топқа бөлу. Ұлттық құндылықтарымыз арқылы 4 топқа бөлу.

Парта астына оқушылардың рөлдері (топ басшысы, уақыт белгілеуші, спикер, хатшы, байланыстырушы, бағалаушы) жасырылады. Сабақ барысында өз рөлдерін атқарып шығады.

  • Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабаққа жұмылдыру
  • Рөлдерді анықтау.

1-әрекет. Психологиялық ахуал орнату: -Қолымызға ойша күбіні аламыз, ішіне сүт құямыз, піспекпен пісеміз. Енді оны дорбаға сүзіп, құямыз. Сүзілген құртты домалақтап,жаямыз, қолмен қатты ұрамыз. Рақмет сіздерге, өзіміз үшін біздің

қолымыздан бәрі келеді деп қол шапалақтап қоямыз.

  • Ұлттық құндылықтың бірі саналатын құртты жасауды бір қайталадық, осындай ұлттық құндылығымызды дәріптеп жүрген ақын ағамыз Мұхтар Шаханов жайлы бір қайталап өтейік.

Мағынаны тану

12 минут

(3 минут жазу 5 минут оқу)

9 минут

1-тапсырма. Жазылымға дайындық тапсырмасы https://adebiportal.kz/kz/authors/view/933 Мұхтар Шаханов туралы әдебиет порталындағы жазбамен танысып, графикалық диктант жұмысын жазады Графикалық диктант.

10 сұрақ беріледі. «Иә» деген жауапқа 30 ұпайды, жоқ деген жауапқа 10 ұпайды белгілейді.

Сұрақтар:

1.Отырарды жырына қосқан ақын – Мұқағали Мақатаев (жоқ, Мұхтар Шаханов)

2. Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші қызметін атқарған

(жоқ, корректор, әдеби қызметкер жұмысын атқарған)

3. Мұхтар Шаханов Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген бе?(иә, 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген.)

4.Мұхтар Шаханов «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабын Т.Айбергеновпен бірлесіп жазған ба?(жоқ, Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған)

5. Мұхтар Шаханов өлеңдерінде өзгешелік бар ма?(иә, философиялық ой басым)

6. Жазушының өткен ғұмырынан дерек беретін өмірбаяндық шығарма– мемуарлық шығарма (иә).

7.2003-2004 жж. Мұхтар Шаханов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды (жоқ, Жалын журналының бас редакторы)

8.Дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған шығармалары – балладалары мен поэмалары (иә)

9.Мұхтар Шаханов Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (иә, 1972 жылы иеленді)

10.Мұхтар Шахановтың тұңғыш өлеңдер жинағы – “Ай туып келеді” (жоқ, Бақыт 1966 жылы жарық көрді)

2-тапсырма

Жазылым тапсырмасы. “Кемпірқосақ” әдісі. «Кемпірқосақ» әдісі арқылы мәтіннен қажетті 7 ақпаратты келтіріп, контраргументті эссе жазу.

3-тапсырма. Жазылымнан кейінгі тапсырма «Балық қаңқасы» әдісі.

«Балық қаңқасы» әдісі бойынша, “Компьютер басты жарты адамдар” үзіндісінің ішіндегі өзекті мәселені қарастырады, бүгінгі күнмен байланыстырады. Жоғары қабырға сүйектерінде өзекті мәселенің себептері белгіленеді, төменгі қабырға сүйекшелерінде дәлелдемелер жазылады. Балықтың құйрығында қорытынды, немесе мәселені шешу жолдары жазылады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Үзінділерге сүйене отырып, контраргументті эссе жазады.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады.

Әдебиет порталындағы деректерді өз болжамдарына сай дәлелді қолдана алады.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды эссе жазу барысында қолданады.

Көтерілетін мәселені болжай алады.

Ойтолғаныс

7 минут

2 минут

Рефлексия: 3Қ: қызық, қиын, құнды

Оқушылар сабақтағы өз іс-әрекеттерін бағалайды.

Мұғалім қорытынды кері байланыс береді.Үй тапсырмасы: Мұхтар Шаханов жайлы тың деректер оқып келу

Қосымша мәліметтер

Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі:

Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді:

Оқушылардың белсенділігі:

Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу