Прозадағы көркем ой. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.
Тапсырма №2. Топтық тапсырма. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасайды. ТЖ
1-топтың тапсырмасы
Мәтіннен үзінді | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі |
Тасбақаның дауылы басылғаны таяуда ғана емес пе еді. Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың деміндей бет шарпыған қызыл жел ұрған да тұрған. Әлдеқандай долы дүлей қара жерді тас-талқанын шығарып, күл қып уатып, сосын бір алапат табаққа салып ап, елеп, кебегін желпіп ұшырып жатқандай, жер мен кек түгел шаңға айналып кеткен-ді. Қара құрым қалың қол бірін-бірі көре алмай, кеуделерінен төмпештей ұрғылап кері итеріп баққан қызыл желд і бетке ұст ап ілбіген д е отырған. Күллі дүние түлен тигендей тулап шыға келген-ді. Аспан қайда, жер қайда - ешкім ажырата алмастай... Құлақ сарсытып ұлып тұрған жел... Күллі кеңістікті бір өзі ием-деніп, асыр салып ойнақтап жүрген шаң-тозаң... Енді дүние қайта орнына келместей... Сол бір шаң-тозанға айналған қалпы біржола күлі көкке ұшатындай. Әумесер жел бұл мініп келе жатқан сары күймені де жер бетінен жұлып ап, төбесінде бедірейіп жатып алған сұп-сұр кеңістіктің әлдебір тұңғиығына жітіріп жібергісі келгендей, екілене жұлқылайды. |
2-топтың тапсырмасы
Мәтіннен үзінді | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі |
Пәлен ай бойы үдере тартып келе жатқан ауыр қол ақыры жау астанасына да жақындады. Алдарынан арқырай мөңкіген тау өзені жолықты. Арғы бетте өкшелері жалтыраған қара сирақ диқандар маң-маң басып дән сеуіп жүр. Кең қойнауды шырқ айнала қоршаған таға таудың баурайының бәрі бұйра-бұйра ну жыныс, үлпілдек ақ жолақ, ақшыл жолақ, сарғыш жолақ, қызғылт жолақ, жасыл жолақ - теңбіл-теңбіл. Ертеңгі пісетін шырын жемістердің дәмін сездіретіндей бір түрлі күмілжі тәтті иіс кісіні еліттіріп, басқа шабатындай. Сол бір пейіштей көркем қойнауға быжынап көп шатыр қонды. Барлық кернейлер тартылып, барлық дауылпаз дабыл қақты. Әлгі тұнып тұрған тыныш қойнау мен манаурап жатқан марғау т ауларға жан біткенд ей, жан-жақтан дүбір мен дүсір көбейе бастады. Бұйра жы-ныстардың арасындағы бұғылар мен еліктер сытылып шығып, өзеннің арғы бетіндегі ұлан-асыр кең жазыққа қарай лап қойды. Жан-жақтан тартылған сұр жебе онсыз да жүректері ұшып безіп бара жатқан жүйрік хайуандардын соңынан суылдап қуып берді. Талайы омақаса құлап, опат тапты.Қалың қолға оңай ет табылды. Өзеннің арғы бетіндегі қара сирақ диқандар да, қара жолақ айғыз-айғыз аңыз басына қолдарындағы соқала-ры мен кетпендерін, тұқым толы дорбаларын тастай-таст ай қаша жөнелді. Бірақ олардың соңынан оқ жауған жоқ. Тау баурайындағы сыбдыр күшеймесе басылар емес. Олар, шамасы, қалың-қалыңның арасымен арғы қауіпсіз баурайға жылысып бара жатқан жымысқы жыртқыш аңдардын дүсірі болса керек. |
3-топтың тапсырмасы
Мәтіннен үзінді | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі |
Осыдан он жыл бұрын күнгей еліне жорыққа атт анарда диуанда пікір екі жарылды. Бұның үлкен ұлы: «Ол елдің мол алтынына ие болсақ, күллі әлемд і біз билейміз»,-деп құлшынса, әмірлері: «Қара шыбындай қаптаған көп халықты бағындырып ап, билеп-төст ер болсақ, көп ұзамай олар өзімізді жұтып қояды. Ұрпақтарымыз ана тілін де ұмытып қалады», – деп тартыншақтағанды. Сонда ол құран аштырып еді: «Пайғамбар, заң білмес, жөн білмес бұзақыларға қарсы соғыс аш», – деген сүренің үстінен шықты. Күнгей елінің алтыны кейбір әмірлерінің қисайған ауыздарын қайта түзеткенді. Қара шыбындай қаптаған елді де жеңуге болатынына сол жорықта көздері жетіп қайтқанды. Ал машырықтың алтыны күнгейдің алтынынан көп болмаса, аз емес. Оны тиыннан тиын балалататын мұның елі жақсы біледі. Ендеше, дәл қазір жаңа жорыққа шығардай кім табыла қояды. Кім? Ол мынау тығырыққа кеп тіреліп қалды. Тұма бұлақ сылдыр-сылдыр ағып жатыр. Қашан келсең де, мынау тылсым кеңістің әлдебір жерінен жапырақ козғар леп тауып тұратын биік ағаштар басындағы судыр-судыр да сол қалпы. Бәрі де бұған: «Ойлан, ойлан», – дейтіндей. Бой сергітем деп келгенінде, қайдағы-жайдағының бәрін есіне түсіретін осы бір қалтарыс оңашаға, ондағы өсекшінің аузындай ылғи сыпсыңдап тұратын осы бір жапырақ сыбдыры мен су сылдырына ыза боп кеткендей,орнынан тұрып, жалғыз аяқ соқпаққа түст і. Сумаң соқпақ енді оны қайтадан сарайға баст ады. Манағы маужырап тұрған тып-тыныш дүниені әлдебір түлен түрткендей. |
4-топтың тапсырмасы.
Мәтіннен үзінді | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі |
Көп ұзамай әкесі шарыққа бұның өзін отырғызды. Көздің жауын алатын әдемі құмыра жасауға саз топырақ пен су, қара көрік лапылдата маздатқан сексеуіл шоғынан да басқа ән бойындағы бұлшык, еттің бәрін солқылд ат а сорып шығатын қара күш, көз етіңді суырып алғанша міз бақпай қарайтын жіті жанар, тоқсан тарау жұлын-жүйкеңнің бәрін шүйкедей иіріп, түбіттей түтетін үміт пен күдік, ынта мен ыждаһат, соның бәріне ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын қатыгез қанағатсыздық пен көнтері көнбістік керек екенін бала сонда ұқты. Бір кезде өзі отыратын бұрыштағы қоқыр-соқырдың арасында жатқан ескі ашамайдың үстіне енді әкесі жайғасыпты. О да бір кездегі өзіндей бұнын әр кимылына міз бақпай қадалып қапты. Оның жүзінде бір кездегі бұның жүзіндегідей таңырқау, тамсану жоқ. Әке көзінің өткір сұғы бұның өн бойына ине боп шаншылып жатқандай. Кәрі шебер балапан көңіл баласының ұп-ұлпа жүйкесін сол бір шаншудай қадалатын сұсты жанарымен ширықтырмақ. Әйтпесе, албырт жастың ыждаһаты да лақтың түбітіндей, иірілуден гөрі түтілуге оңтай тұрады. Жаппар шын шеберді шыңдайтын өзгенің көзі екенін сол әкесінің ертеден қара кешке міз бақпай қараған мір жанарынан ұқты. Әкесінің шеберханаға бөгде жұртты неге кіргізбейтінін де енді түсінді. Шебер де он екі мүшесіндегі ен сұлулықты шәйімен қымтап, көлденең көзді оқыс жалт еткен ай дидарымен ынтық қып қоятын кермиық кербез сұлудай, кез келген тіміскі көзге сыр шаша бермеске керек. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру