Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Ой қозғау
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының сюжетіне негізделген презентациядан үзіндіні 1.07.-2.15. минут аралығында қарап, бір-біріңізге талқылау сұрақтарын қойыңыз.
Сұрақ үлгілері:
Табиғат көрінісі қандай ой тастайды?
Ошақ басындағы адамдар туралы не айтасыз? Олар кімдер?
Бүркітші бейнеленген суретті шығарма сюжетімен қалай байланыстыруға болады?
Суыт жүрген салт аттылар туралы не айтуға болады?
Олар қайда беттеп келеді?
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Шығарма үзінділерімен жұмыс
Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру
1-тапсырма. ЖАК
Жеке ауызша комментарий әдісі бойынша романнан берілген үзінділермен жұмыс жасаңыз.
Тапсырманы орындау жолдары:
әр оқушы ауызша комментарийді жеке жасауына болады;
жұпта бір-біріне айтуға болады;
әр оқушы жеке аудиоға жазып, мұғалімге жіберулеріне болады.
Қадамдары:
өзін таныстыру
шығарма, автор
үзіндінің тарауы, үзіндіге дейін, үзіндіден кейін болатын оқиғалар, үзіндінің шығармадағы алатын орны. Комментарий кезінде үзіндінің мазмұнына емес, ондағы көтерілген мәселелерге тоқталыңыз.
кейіпкерлер, жер-су т.б. атаулары
автор көп қолданған сөздер.
Дәйексөз
Флипчартқа үзінділерден ғаламдық мәселелерге байланысты проблемалық сұрақтар шығарады.
2. Берілген үзіндіден проблемалық сұрақтарға дәйексөз келтіреді.
3. Дәйексөз жазылған флип-чарт қабырғаға ілінеді.
Әр топ бір дәйексөз таңдайды.
Топтар берілген үлгі бойынша шығарманы талқылайды.
А. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?
В. Интерпретация: Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады?
Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз.
С. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор көзқарасы тарапынан талдау жасаңыз.
- Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.
- Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.
- Топ жұмыстарын қорғайды.
Топтар бір-біріне сұрақ қояды, пікір білдіреді, бағалайды.
Дәйексөз
Өзара бағалау
Рефлексия. ПОПС формуласы
«Ақбілек» – қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман. «Ақбілек» романындағы еліміздің шығыс өңіріндегі әлемге аян Алтай өңіріндегі ауыл көріністері, Ертіс-Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері, этнографиялық этюдтер, яғни қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар арасындағы қатынастарды шебер бейнелеген. Бұл романда қазақ қызының тағдыры туралы әңгімеленеді,- деген тұжырымға сабақ барысында үзінділермен жасалған жұмыстар негізінде «ПОПС формуласы» бойынша қорытынды жасаңыз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен ... қорытынды шешімге келдім.
Үй тапсырмасы
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романын оқу. Шығарманың стильдік және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып оқу немесе аудиокітаптан тыңдау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?